Жапырақтың суретін салу

Сабақтың мақсаты:оқушыларға нәрсенің өзіне қарап сурет салу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: бұл сабақты өткізу үшін партаға екі жапырақтан таратылады. Жапырақтар түсі күзгі өсімдіктер түріне тән болған жөн. Мұғалім үшін бейненлеудің бірізділігін көрсететін таблица. Таблицада жапырақты бейнелеудің үш кезеңі көрсетіледі: а) қағаз бетіне орналастыру; б) жапырақ өлшемдерінінің қатынастарын, құрылысын салу әдісі; в) ұсақ бөлшектерін салу және бояу.

Сабақтың барысы: Сабақ негізінен ұйымдастыру, нұсқаны бейнелеу, оқушылардың бейнелеу жұмысы кезеңдеріне бөлінеді. Ұйымдастыру кезеңіне жапырақтар әрбір оқушыға бір-бірден таратып беріледі, оқушылардың сабаққа қажетті құрал-жабдықтары дайындалады, нұсқаны бейнелу жолдары көрсетілген таблица тақтаға ілініп, жапырақты бейнелеу жолдарын көрсетуге дайындық жасалады.

Нұсқаны бейнелеу жолдарын түсіндіру мынандай бағыттарды қамтиды. «Балалар табиғаттағы қандай өсімдіктер болмасын, жыл мезгілдеріне байланысты олардың түстері өзгеріп отырады. Мысалы,жапырақтарда сондай. Ағаштың жапырақтары көктемде жасыл көк түске боялса, күзде қоңыр-сары түстерге айналады. Мынау қолдарындағы жапырақтарда қоңыр-сары түстерге біріккен. Бейнелеу кезінде әрбір заттың түсін бейнелеп көрсете білу қажет. Сонда сурет әсем де, сол нәрсеге ұқсас болып шығады.

Сонымен қатар табиғаттағы заттармен адам қолымен жасалған заттар болсын белгілі формаға иеболады. Олардың белгілі өлшемдер қатынасы болуға тиіс. Мысалы, жәшік төрт бұрыш формалы — көлемді зат қатарына жатса, дәптер, жапырак жалпақ көлемсіз заттар катарына жатады. Көлемді заттарды жан-жағынан көругеболса, жалпақ заттар тек бір ғана жағынан жақсы, қызықты көріністерге тән болады. Сондай-ақ көлемді заттардың өлшемдері көп болса, көлемсіз ааттардың өлшемдері аз болады.

Мұңдай кіріспе әнгімеден соң, жапырақтың өлшемдер қатынасы салынып, тақтаға жапырақты бейнелеу жолдары көрсетіледі. Планшетке дайындалған жапырақ бейнесінен бояу жолдары тусіндіріледі: 1) жапырақтың ұзындығы мен енінің қатынастарын салу. 2)жапырақ құрылысын бейнелеу; 3) ұсақ бөлшектерін шығару және бояу.

Жапырақты бейнелеу әдістері көрсетіліп болған соң, тақтадағы суреттер өшіріліп, бейнелеу бірізділігі көрсетілген таблица жинап алынады. Себебі, егер бұл таблица ілулі тұрса балалар жапырақ көрінісін, нұсқасына қарап емес, таблицаға қарап салуға бөйімделіп кетеді.

Оқушылардың жапырақты бейнелеу кезеңі: қағаз бетіне орналастыру, өлшемдер қатынасын табу, зат формасын, ұсақ бөлшектерін салу, бояу сияқты бірізділікпен орындалады. Жапырақты қағаз бетіне орналастыру кезеңінде, бейненің өте кіші немесе үлкен болып кетпеуін оқушыларға ескер-тіп отыру қажет. Өлшемдерді табу мен бейнелеу кезінде жапырақтың ені мен ұзындығының сәйкес болуына, бейненің формасы мен жапырақ формасы ұқсас болуына басты назар аударылады.

Бейне жапыраққа ұқсас болып шыққаннан соң артық сызықтар өшіріледі де, жапырақтың түсіне сәйкес боялады. Сабақтың соңғы кезеңінде оқушы жұмыстарын аралап көріп 4-5 жақсы-жаман орындалған суреттерді мұғалім талдап көрсетеді.