Халықаралық әуе тасымалдауы

Халықаралық әуе тасымалдауы туралы қазақша реферат

Әуе тасымалдауы — жаңа тасымалдаудың бір түрі. XX ғасырдың басы XIX ғасырдың соңында әуе тасымалдауына байланысты ең бірінші 1929 жылы конвенция қабылданды. Ол — «Әуе тасымалдауының кейбір ережелерін унификациялау» туралы Варшавалық конвенция.

1944 жылы «Азаматтық авиация» туралы Чикаго конвенциясы қабылданды. Осы конвенцияға Қазақстан Республикасы да косылған.

Қазақстан Республикасы мен Германияның арасында әуе қатынасы туралы келісім жасалды. Қазіргі таңда, әуе қатынасы бойынша Қазақстан Республикасы 20 мемлекетпен шартқа кол қойған.

Варшава конвенциясы мынадай жағдайларда қолданылмайды:

а) аралас тасымалдауында;

ә) пошталық корреспонденцияны тасымалдамайды.

Әуе тасымалдауында жүкке қатысты әуе жүкқұжаты қодданылады, оны жүк жіберуші үш данада толтырады. Әуе жүкқұжатында жүк женелтушімен тасымалдаушының қолы болуы керек. Қазіргі кезде «Штемпель» қолданылады.

Тасымалдаушы егер тауарды уақытында жеткізбесе немесе жоғалтып алса жауапкершілікке тартылады.

Жүк қабылдаушы тауарды қабылдап алғаннан кейін, тауар жетіспесе жеті күн ішінде хабарлауы керек. Егер тауар уакытында жеткізілмесе онда қосымша 20 күн беріледі.

Әуе тасымалдауында чартерлік тасмалдау қолданылады. Бұл шартта фрахтователь — тасымалдаушы, фрахтовщик — жүк жіберуші.

Көп уақыт бойы теміржол тасымалдауы аясында ең маңызды келісімдердің бірі болып «Жүкті және жолаушыны теміржол тасымалдауы туралы» Берн конвенциясы танылды. 1980 жылы Берн конвенциясын қайта қарау конференциясыңда жаңа халықаралық теміржол тасымалдауы туралы келісім (КОТИФ) қабылданды. Оған 38 мемлекет қатысты.

КОТИФ ережесі бойынша жүкті мерзімінен кешіктіріп жеткізгені үшін жүкті қабылдап алушы зиян шеккен жағдайда оған жүкті тасымалдау өтемақысы үш есе етіп қайтарылады.

Біздің Қазақстан Республикасында 2001 жылы 8 желтоқсанда «Теміржол көлігі туралы» Заң қабылданды.

Осы Заңның 65-бабына сәйкес: «жолаушыны тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы оған жол жүру құжатына (билетіне) сәйкес поезда орын беріп, оны баратын жеріне жеткізуге міндеттенеді, ал жолаушы жол жүру ақысын төлеуге міндетті».

Тасымалдау жөніндегі міндеттемелерді орындағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тасымалдаушылардың өзара жауапкершілігі болады.

Жол жүру ережелері 1949 жылғы 19 кыркүйектегі Жол жүру белгілері және сигналдар туралы хаттамалармен реттеледі. Сонымен қатар, халықаралық жүкті тасымалдау туралы Кеден конвенциясы қолданылады (1975 жыл).

Еуропалық елдер арасындағы жүкті халықаралық автокөлікпен тасымалдау шартының талаптары 1956 жылғы 19 мамырдағы жүкті халықаралық жол жүру шарты туралы Конвенциямен реттеледі.

Автокөлік тасымалдауында автокөлікпен үшінші тұлғаға зиян келтіруде кепілдік беруді қамтамасыз ету маңызды болып табылады.

Осылайша автокөлік хабарламаны ұйымдастыру туралы келісімдер бойынша, яғни екі жақты, автокөлік тасымалдауында, азаматтық жауапкершілікті сақтандыру міндетті түрде қарастырылуы қажет.

Бұндай жағдайды қарастыру жауапкершілікті айқындау кезінде үлкен ролге ие болып табылады.