Халел Досмұхамедов публицист ретіндегі шеберлігі дипломдық жұмыс

Жоспар

Кіріспе …..3-5

І-тарау
1.1. Х. Досмұхамедовтың публицист ретіндегі шеберлігі …10-12
1.2. Ұлттық мүдде үшін күрескер ……13-23

ІІ-тарау
2.1. Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісі публицистің басты тақырыбы …24-33
2.2. Қазақ тілінің тазалығы үшін жанын салған …34-48

ІІІ-тарау
3.1. Х. Досмұхамедов публицистикасының өзіндік ерекшелігі ….49-54
3.2. Х. Досмұхамедов еңбектерінің тілі – халықтық тіл …….55-60

Қорытынды ……61-64
Пайдаланылған әдебиеттер……65

Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі

«Халел Досмұхамедов еңбегіндегі ұлттық мүдде» деп аталатын тақырып ол бүкіл дипломдық жұмысымның діңгегі болып құрылады. Мұнда ХДосмұхамедұлының ғалымдық өмірінде қалам тербеген публицистикалық еңбектері, редакторлық қызметкері, жан-жақты ғұлама екендігі, әрқашанда халқының қамын ойлаған, алтынға бергісіз қазақтың бір білгірі болғандығы көрсетіледі. Оның публицистика түрінде жазылған көптеген еңбектері бүгінде жоғары оқу орындарында пайдаланып жүргендігі айтылады.

Жұмыс тақырыбының міндеті

Қолыма алған тақырыбыма шолу жасай отырып, бабамыздың тарихын ойша зерттеп, мейлінше аша түсу, менің қолыма құжат алғалы отырғандағы міндетім деп ойлаймын. Халел Досмұхамедовтің замандастарының пікірлері мен ғұламалардың сөздерін мысалға ала отырып, өзіндік ойымды ашық білдіру. Осы тақырыбымды басты нысанаға ала отырып, диплом жұмысымды бастауға тәуекел еттім. Бұл дипломдық жұмысымды Халелдің ғылыми еңбектерімен қоса қоғамдағы қызметіне баса көңіл аударылып, сөйлеген сөздеріне баламалай отырып жұмысымды бастадым. Кеңестік үкіметтік адамдарының көзқарасына қарсылық білдіріп, алаштың ардақты ұлының қоғамдағы орынының ерекше айқындалуы жазылады.

Жұмыстың міндетті нәтижесі

Ғұлама, ерекше дарын иесі, қазақтың қайсар ұлының еңбектерінің маңыздылығын түсініп, сезініп талдау, ұғынуға жұмыстану жұмыстың нәтижесін айқындайды.

Х. Досмұхамедұлының жоғарғы идеялық мазмұнды еңбектері шынайы шыншылдықпен қатар журналистік шеберлікпен жазылған, — деп айтсақ қателеспейтін шығармыз.

Келешек ұрпаққа қалдырған шығармаларының шеберлігі арқасында жазылған публицистикалық еңбектерін терең бойлау да жұмыстың нәтижесін көрсетеді.

Қай кезеңді алсақ та баспасөз беттері публицистикасыз болған жоқ. Шын мәнінде, қазақтың мерзімді баспасөзі Қазақстанның Ресейге қосылуының нәтижесінде пайда болды. Орыс халқының озат мәдениетінің игі әсерімен Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев қазақтың демократиялық публицистикасы мен әдебиетінің негізін қалады.

Сөйтіп, ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ тілінде кітап, газеттер шыға бастады. Қазақстанның Ресейге қосылуы нәтижесінде пайда болған «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» газеттері ресми баспасөз органдарына қарамастан қазақ халқының мәдени өмірін сөз етуге мүдделі болды.

Ал, ХХ ғасырдың бас кезінде «Қазақстан» газеті мен «Айқап» журналының шығуы халқымыздың мәдени өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі болды. Аталған газеттер, яғни қазақ жерінде жарық көрген көптеген газет – журналдар қазақтың ой – пікірін ілгері дамытуға көптеген септігін тигізді. Иә, қазақ халқының сан ғасырлық рухани өмірінің даму тарихында ауыз әдебиеттің, фальклордың ерекше орын алатындығы белгілі. Оның мазмұнында халықтың дүниетанымы, философиясы, тәрбиесі толып жатыр.

Қазақ халқының осындай бай рухани дүниесін ғалым Х. Досмұхамедұлы көре де, бағалай да білген. Құнды деректерді жинақтап, ғылыми талдаулар жасап, өзінен кейінгі жастарға өшпес мұра қалдырған.

Х. Досмұхамедұлы өзінің «Қазақтың халық әдебиеті» деген ғылыми еңбегінде қазақ халқының ауыз әдебиеті тәлім – тәрбиесінің негізгі көзі деген ұғымды ұсынады. Автор қазақ әдебиетінің қай жанры болмасын, тәлім – тәрбиелік мазмұнға бай келетін, онда көшпенді халықтың өмір салты, психалогиясы жан – жақты көрініс табатынын айтады. Сонымен, жиырмасыншы ғасырдың басында қазақ интелектуалдық көштерінің ұлттық баспасөз төңірегінде тоғысуы қоғамдық қажеттіліктен туады, Яғни, Халел Досмұхамедұлы қазақ мемлекетінің билеп – төстеуі құлдырап, монархияның қауқары қайта бастаған шақта қазақ халқының саяси эпидемиялардан аман– есен өтіп, дұрыс жол таңдауына көмектеседі. Осы сәтте ол қалам күшімен жүруді жөн санады.

Бұл кезде «Фикер», «Уральски листок» газеттеріне жазған мақалалары жанрлық жағынан ақпараттық хабарлар, кореспенденцияларға жатты. Халел елегізген ел – жұртты болып жатқан жаңалықпен жеделдетіп таныстырып, саяси түсінік беріп отыруды мақсат тұтқан.

1913 жылдан бастап әскери қызметтен мойыны босап, Темір уезіне бөлімшелік дәрігер болып орналасқан Халел қолына қалам алып баспасөзге араласты. Дәл осы жылы «Қазақ» газетіне Ахмет Байтұрсынұлы сахараның түкпір – түкпірінен сырқат адамдардан келіп үскен, емделудің жолын сұраған жандардың сұрағына орай «Ауру жайынан» деп бас мақала жазып, қазақ дәрігерлеріне бұйымтайын айтады. Сонда бабамыз Халел: аурудан күтіну жайлы жеңіл – желпі кітапшалар жазып, елге таратса керек. Сонымен, бүгінгі біздің тақырыбымызға арқау болып отырған Халел Досмұхамедовтың жазған еңбектерінің бір бөлегі публицистикасы сөз болмақ. Демек Халел Досмұхамедовтың «Сана» атты журналы – ғылыми танымдық публицистикасының кең қанат жаюына зор үлес қосты – ау дейміз.

Сансыз адамдармен сырласып, жан – дүниесіне терең бойлап армандарының зор болуына үлес қоса білген Халел халқының қуанышына бөленді.

 Дипломдық жұмыс / 65 бет