Версаль-Вашингтон жүйесінің тарихта алатын орны дипломдық жұмыс

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І — ТАРАУ. ВЕРСАЛЬ БЕЙБІТ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
І.І. Париж бейбіт конференциясы
І.ІІ. Ұлттар лигасының қүрылуы

ІІ-ТАРАУ. ВАШИНГТОН КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ЖӘНЕ «ТОҒЫЗ ДЕРЖАВА КЕЛІСІМІ»
ІІ.І. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі саяси және дипломатиялық күрес
ІІ.ІІ. Вашингтон конференциясы (1921 ж. қараша — 1922 ж. ақпан)

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

  Диплом жүмысының өзектілігі. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемді қайта реттеу мақсатында жүргізілген Версаль-Вашингтон жүйесінің тарихта алатын орны ерекше. Соғыстың аяқталуы халықаралық дипломатия және саясатта жаңа жолдың басталуына түрткі болды. Соғыста «жеңгендер» мен «жеңілгендер» арасында дипломатиялық шиеленістер мен қайшылықтар төңірегінде саяси «ойын» басталды. Соғыста жеңген елдер Версаль-Вашингтон жүйесі бойынша халықаралық қатынасын бекіте түсуге қадам жасады.

Сонымен, бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемді бейбіт жолмен реттеу проблемасы бойынша жеңген елдердің басшылары: Францияның премьер-министрі Ж.Клемансо, Ұлыбританияның премьер-министрі Ллойд Джордж, Америка Құрама Штаттарының президенті В.Вильсон тарихта Версаль-Вашингтон жүйесі деген атпен танымал болған халықаралық бейбіт конференция ұйымдастыру жұмысын жүргізу туралы шешім қабылдады. Бұл соғыстан кейінгі ұлы державалар арасындағы дипломатиялық «шайқас» болды. Күн тәртібіндегі басты мәселе Франция үшін жеңілген Германия, Австро-Венгрия, Түркия сияқты империялардың территориясын бөлшектеп, отарларын иемдену болса, Ұлыбритания үшін Еуропада өзінің бұрынғыдай алып держава орнынан айырылмау болды, ал АҚШ үкіметі бұл Париж конференциясында Ұлттар лигасын құру және қарусыздану мәселесін ұсынумен болды.

Сөйтіп, соғыс аяқталысымен 1918 жылы 11 қараша айында Компьен орманында Францияның сыртқы істер министрі Фош Германиямен бейбіт келіссөз жүргізу мәселесі бойынша құжатқа қол қойды. Сонымен герман мәселесін талқылау үшін бейбіт конференция 1919 жылы 18 қаңтар күні Парижде осыдан 48 жыл бұрын Германия империясының құрылғанына куә болған Версаль сарайының Айналы залында ашылды. Жиналыстың ашылу барысына сөз алған президент Пуанкаре өз сөзінде соғыстың кінәлілері мен жаңа соғысқа жол бермеу мәселесін айтып өтті. Париж конференциясына 27 мемлекеттен делегаттар келді, сонымен бірге 5 мемлекет — АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Италия, Жапония державалары конференцияда «бестіктер кеңесін» құрып, оған Франция төрағалық жасады. Бұл Версаль-Вашингтон конференциясының тарихта алатын орны ерекше, мұнда соғыс өртін бастап, адамзат өміріне үлкен қайғы-қасірет алып келген «Үштік одақ» державалары мәселесі бойынша арнайы келіссөздер жүргізді. Осы Париж конференциясында төрағалық құрып отырған Франция қаралар мәселенің көп жағын «немістерден өш алу» жағына бұра берді, ал соғыста жеңілген германия үшін бұлай «арттан соққы алулары» өте ауыр қасірет болды.  Әрине, мұның да өзіндік ерекшелігі бар еді, яғни сонау Франкфурттан кейінгі француздардың немістерге деген өшпенділігі орынды да еді. Сонымен бірге бұл конференцияда АҚШ президенті В.Вильсон барлық халықтардың халықаралық тағдырлары мен мүдделерін бірінші орынға қоятын Ұлттар лигасын құрып «Жарғысын» қабылдау, мандаттық жүйе енгізу сияқты мәселелерді алға тартты. Мұндай ұсынысты бастапқы кезде Франция мен Ұлыбритания өкілдері қабылдаудан бас тартты. Өйткені барлық халықтардың мүдделері мен тағдырларын бірінші орынға қоятын «жарғы» талаптары еуропалық ұлы державалардың басты тізгін етіп ұстап отырған территориялық және қаржылық саясаттарынан оп-оңай айырылып қалғылары келмеді.

Сонымен, 1919 жылы Париж конференциясында көп жағынан оқшаулана берген АҚШ мемлекеті енді (1921 аяғы -1922 басы) Вашингтонда өздері бейбіт конференция ашты. Бұл конференцияда ең басты қаралған мәселе соғыстан кейінгі қарусыздану проблемасы болды.

Соғыстан кейінгі әлемді қайта реттеу мәселесі бойынша жүргізілген Версаль-Вашингтон жүйесінің тарихта алар орны ерекше. Бұл мәселеге қатысты халықаралық, дипломатиялық, саяси, сол кездегі халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын, осы мәселелер төңірегінде көптеген Ресей тарихшылары, алыс-жақын шетел тарихшылары, экономистер, саясаткерлер өз пікірлерін жазған болатын. Оған байланысты әртүрлі тұжырымдар да жасалынды.

Сол себепті біз өзіміздің диплом жұмысымыздың тақырыбын «Версаль-Вашингтон жүйесі» деп алдық.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысын жазуда алдымызға қойған мақсатымыз — Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемді қайта бейбіт жолмен реттеуге бағытталған Версаль-Вашингтон жүйесінің халықаралық сахнадағы орнын танып білу болып отыр. Мұнда ұлы державалардың келіссөздер шешімін өздеріне тиімді жолмен жүргізу саясатының мән-мағынасын анықтау басты мақсаттарымыз болмақ. Осындай күрделі мәселерді қарастыру жағдайында алдымызға мынадай міндеттер қойдық:

  • · Бірінші      дүниежүзілік      соғыстан      кейінгі      Париж      бейбіт конференциясын ашу жолындағы қиындықтарды талдау;
  • · Конференция қызметі барысындағы «ондық Кеңестің» шешімдеріне  анализ жасау;
  • · В.Вильсонның конференцияда Ұлттар Лигасын құру ұсынысы мен оған қарсы шиелестің етек алуын талқылау;
  • · Мандаттық жүйе, герман мәселесі, орыстар мәселесіне қатысты іс-шараларды талдау;
  • · Вашингтон   конференциясындағы   «Төрт   держава   трактатының» қабылдануына баға беру.

Біз диплом жұмысымызды жазу барысында өз мақсатымызға жету үшін тарих ғылымында қалыптасқан талдау, салыстыру, әдістемелік-методологиялық, сыртқы зерттеу әдістерін пайдаландық.

Жүмыстың тарихнамасы. Диплом жұмысын жазуда көптеген арнаулы зерттеулер мен оқу-құралдары, деректік материалдар мен мерзімдік басылымдар, арнаулы зерттеулер пайдаланылды.

Бұл бітіру жүмысын жазуда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Версаль-Вашингтон жүйесінің саясатына қатысты жазылған бірқатар деректерді мысалға келтіре кетсек болады. Айта кету керек, диплом жұмысына тікелей қатысты конференция келісімдері: «Версальский мирный договор» /1/ және «Нейский мирный договор» 121 «Сен-Жерменский мирный договор» /3/, «Трианонский мирный договор» /4/, «Хрестоматия по новейшей истории» 151, «Хрестоматия по истории международных отношений» /61,«Внешняя политика Советского Союза» III «Вашингтонская конференция по ограничению вооружений и тихоокеанскому и дальневосточному вопросам» /8/ тағы басқа көптеген еңбектер жарық көрген. Осы құжаттық еңбектерде негізінен Версаль-Вашингтон жүйесінің қалай сарынмен жүргізілгені туралы көптеген мағлұматтар алуға болады. Сондай-ақ, осы соғыстан кейінгі халықаралық сахнада өз мемлекеттерінің әлемдік үстемдігі үшін барын сала жұмыс жүргізген мемлекет қайраткерлерінің естеліктері мен заманхаттарын айтуға болады. Олар: II Вильгельм 191, Гинденбург П. /10/, Кейнс Д. /11/, Ллойд Джоржд Д. /12/, Пуанкаре Р. /13/, Фош Ф. /14/, Черчилль У. /15/, Эррио Э. /16/ т.б. болып табылады. Бұл еңбектерде бастапқы кездегі Париж конференциясын ұйымдастыру жұмыстары, оған қатысушы державалардың бағдарламалары жайында қарастырылған. Құжаттардан сонымен бірге, бейбіт келіссөздерге байланысты «орыс мәселесінің», «еуропалық мәселенің» «неміс мәселесінің» қалай «шешілгендігі» туралы анализ жасауға болады.

Ал енді арнаулы зерттеулерге жеке-жеке тоқталып өтетін болсақ,  бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі болған Версаль-Вашингтон жүйесіне қатысты Алданов М. /17/, Прицкер Д.П. /18/, Бэккер Р.С. /19/ еңбектерінің орны ерекше. Бұл ғылыми зерттеулерден Париж бейбіт конференциясында төрағалық жасаған Францияның премьер-министрі Клемансо, сонымен бірге Ұлыбританияның премьер-министрі Ллойд Джордж және Құрама Штаттар президенті Вильсонның әлемді бейбіт жолмен реттеуге байланысты саяси-дипломатиялық идеяларына анықтама жасалған.

Сонымен бірге, Америка Құрама Штаттарының президенті В.Вильсонның ұсынысы бойынша Париж бейбіт конференциясының пленарлық мәжілісінде Ұлттар Лигасын құру туралы ұсынысы талқыланды. Әрине, бұл Еуропада өз үстемдігін орнатып отырған Франция мен Ұлыбританияның саясатына қайшы келуі әбден мүмкін еді. Өйткені лига «жарғысына» сәйкес олар өздеріне тиесілі территориялық және қаржылық операцияны іске алмауы да ғажап емес. Дегенмен, Ұлттар лигасын құру идеясы іске асып, оның «Жарғысы» да қабылданды, сонымен бірге Лига талабына сай бірінші рет мандаттық жүйе енгізілді. Осы мәселе жөнінде ғалымдар Вововозов В.В. /20/, Илюхина Р.М. /21/, Иванов Л.Н. /22/, Ходнев А.С. /23/ ғылыми еңбектерінің орны ерекше. Авторлар өз ғылыми еңбектерінде барлық халықаралық мәселеге халықтар тағдыры мен мүдделерін ортақ қып отырған бұл халықаралық ұйымның құрылу тарихына үлкен мән берген.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемде үлкен өзгерістер етек ала бастады. Бұл әсіресе Еуропада жаңа мемлекеттердің құрылуына тікелей байланысты еді. Осы мәселе бойынша: Беляева В.И. /24/, Ванечек В. /25/, Ефимовский Е.А. /26/, Котяревский С.А. /27/, Писарев Ю.А. /28/, Шмераль Я.Б. /29/ сынды ғалымдар өз еңбектерінде баян етеді. Бұл зерттеулерден соғыстан кейінгі словян, хорват, словак корольдықтарының бір мемлекет болып, яғни Югославия деп атау алғанын, сонымен бірге чехтар мен славяндардың бірігіп — Чехословакия деп аталуы Шығыс Еуропадағы Балқан мемлекеттері ішінде ұзақ жылдарға дейін халықаралық шиеленісті, даулы аймақ болып келгені көпшілікке аян. Авторлар еңбектерінен осы мәселенің алғашқы тарихи кезеңдерінен үлкен мағұлыматтар алуға болады. Айта кетсек, Еуропадағы бүл саяси картаның осылай өзгеруінің ақыры ұзаққа созылған үлкен даулы мәселеге айналды /30/. Сонымен ғасыр басында басталған ұлттық мәселе туралы тамаша еңбектер де бар /31 /.

Бейбіт конференцияда «жеңімпаз» одақтастар «жеңілген» елдердің мәселесін талқылауда аянбай жұмыс істеді. Соғыс отын тұтандырып отырған Германия империясының соғыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы адам айтқысыз күйге түсті. Германия үшін соғыстан кейінгі бейбіт келіссөздер шешімдерінде қарастырылған репарация мәселесі де үлкен ауыр болып тиді. Одақтастарға төлейтін шығын неміс халқын әбден әлсіретіп жіберді. Әрине бастапқы кезде неміс үкіметінің басшылары елдің ішкі саяси және экономикалық әлсіреуін және елдегі революциялық жағдайды алға тартып шығын төлеуден бас тартпақ та болды. Алайда мүндай мәселе одақтастардың көңілінен шыға қойған жоқ. Әсіресе Франция мемлекетінің. Мұндай қайшылықты даулы мәселе жағдайы ұзаққа барған жоқ. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін адам айтқысыз табысқа қол жеткізіп, «кредитор» мемлекетке айналған АҚШ үкіметі немістерге де өз көмегін аяған жоқ. Бұл мәселе төңірегінде Кобляков И.К. /32/, Клейменов Е.Н. /33/, Сидров А.Ю. /34/, Уткин А.И. /35/ ғылыми еңбектерінен қарастыруға болады.

Жұмыстың қүрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде жұмыс тақырыбының өзектілігі жөне тарихнамаға шолу жасалды.

Бірінші тарауда — бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемді бейбіт жолмен реттеу мәселесі бойынша Версаль конференциясын шақыру мәселесі арастырылды. Мұнда конференция қарсаңындағы одақтастар арасындағы шиеленісті мәселе, сонымен бірге француздар мен немістер арасындағы қайшылықтар мен саяси дау туралы болды. Сөйтіп, бұл тарауда Париж бейбіт конференциясының ашылуы мен ондағы президент В.Вильсонның Ұлттар лигасын құру идеясы, мандаттық жүйе, территория мәселесі, отар мөселесі, жаңа мемлекеттердің құрылуы, репарация, контрибуция т.б. сында мәселелер жан-жақты қаралды.

Екінші тарауда — Парижде көп даулы мәселеге араласа алмай қалған Америка өз елінде Вашингтон конференциясын шақырумен болды. Бұл конференцияда ең басты қаралған проблема қарусыздану мәселесі болды. Әрине мұнда тек АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Франция, Италия мүдделері ғана қарастырылды. Теңіз қаруын қысқарту, жаяу әскер санын қысқарту, сүңгуір қайық санын көбейтуге тыйым салу т.б. сынды мәселе төңірегінде үлкен шиеленісті мәселе осы Вашингтон конференциясында көтерілген болатын.

Ең соңында диплом жұмысымызды қорытындылай келе Қазақстан көлемінде табылатын кеңестік, шетел және қазіргі жаңа тұрғыда жазылған Версаль-Вашингтон жүйесінен көптеген мәлімет беретін әдебиеттер тізімін бердік.

        Дипломдық жұмыс / 73 бет