ТУРИЗМ ЖӘНЕ ҚОНАҚ ҮЙ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ дипломдық жұмыс

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ТУРИЗМ ЖӘНЕ ҚОНАҚ ҮЙ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Туристік нарық ерекшеліктері
1.2 Қонақ үй шаруашылығының теориялық негіздері
1.3 Туристік нарықтың бәсекеқабілеттілік түсінігі және көрсеткіштері
2 ТУРИЗМ ЖӘНЕ ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БӘСЕКЕҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1 Туризм дамуының қазіргі жағдайын бағалау
2.2 Қазақстан Республикасының қонақ үй индустриясының қазіргі жағдайы
2.3 «Космонавт» қонақ үйінің бәсекеқабілеттілігін талдау
3 ТУРИЗМ ЖӘНЕ ҚОНАҚ ҮЙ ИНДУСТРИЯСЫ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ БӘСЕКЕҚАБІЛЕТТІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Туристік қызметті мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесін дамыту
КОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Әлемдік шаруашылықтың жаһандануы мен трансұлттануы, нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің бәсекеге қабілетті ел қатарына қосылуы экономиканың кешенді дамуына негізделеді. Республика аймақтарында қазіргі заманғы талаптарға сай кластерлерді құру маңыздылығы Қазақстан Республикасының президнті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері мен халыққа жолдауында бірнеше аталып өтілді.

Туризм әлемдік экономикада басты рөльдің бірін атқарады. ДТҰ-ның деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 %-дан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9- шы жұмыс ор — бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмір және 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік нарыққа шығару керек. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен 2 сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды. Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту- ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.

Туризм жалпы алғанда, мемлекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді:

1.Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды;

2.Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседі;

3.Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.

Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субьектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық- тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуді дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.

Туризм жеке және ұжымдық жетілдіру құралы ретінде жоспарлануы және тәжірибеде іске асырылуы тиіс демалыспен, бос уақытты өткізумен, спортпен, мәдениетпен және табиғатпен тікелей араласуға байланысты қызмет. Мұндай жағдайда, ол өз бетімен білім алудың, толеранттықтың және халықтар мен олардың әр түрлі мәдениеттерінің арасындағы олардың өзгешеліктерін танып- білудің бірден- бір факторы болып табылады.

Туризмнің жылдам және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық секторлары мен қоғамның әл- ауқатына күшті әсерін назарға ала отырып, Үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімдік даму бағдарламасында туристік саланы басымдық ретінде белгіледі.

Дипломдық жұмыста қаралатын мәселе- Қазақстанның қонақ үй шаруашылығы мен туризмнің дамуының бәсекеқабілеттілігін талдау. Негізгі мақсаты- аймақ бойынша туризм дамуының қазіргі жай- күйіне талдау жасау және оны дамытудың мәселелерін шешу. Дипломдық жұмыста Қазақстанның  туристік қызметі сипатталып, 2007-2008 жылдардағы статистикалық мәліметтерді қолдана отырып қазіргі уақыттағы және келешектегі даму жағдайлары талданады. Мемлекеттік бағдарламада көрсетілген мәселелердің шешілу жолдары қарастырылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының туристік саласы мен қонақ үй шаруашылығын дамытудың теориялық және практикалық негіздерін зерттеу және оларды дамытуда нақты ұсыныстар жасауында көрінеді.

Осы қойылған мақсатқа байланысты міндеттер:

— нарықтық экономикада туризмнің әлемдік тәжірбиесі мен теориялық негіздерін талдап қорыту;

— Қазақстанда қазіргі заманғы жағдайларға сай қонақ үй шаруашылығын құру мүмкіндіктерін негіздеу;

— туризм индустриясын мемлекеттік реттеу қажеттілігін негіздеу;

— Қазақстанда туризм индустриясының бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатуға кластер ықпалын анықтау;

— туристік салада кластерлік саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттарын көрсету.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспе, үш тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші тарауда туризм және қонақ үй индустриясының теориялық негіздері, туристік нарық ерекшеліктері, қонақ үй шаруашылығының теориялық негіздері, туристік нарықтың бәсеке қабілеттілік түсінігі және көрсеткіштері қарастырылады.

Екінші тарауда туризм және қонақ үй шаруашылығының бәсеке қабілеттілігін талдау, туризм дамуының қазіргі жағдайын бағалау және оның бәсеке қабілеттілігін анықтауда туристік кластердің рөлі қарастырылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының қонақ үй индустриясының қазіргі жағдайы мен Қарағанды қаласы қонақ үй индустриясының бәсеке қабілеттілігін талдау жасалған.

Үшінші тарауда Қазақстан Республикасы туризмін мемлекеттік реттеудің маңызы, отандық туризмді жетілдіру жолдары, туризм саласын мелекеттік қолдау қарастырылған.

 Дипломдық жұмыс / 85 бет