Түйе табан оюын салу

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ою-өрнек элементтерін салу жолдарын үйрету. Балалардың ою-өрнектерді бейнелеу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтьін көрнекілігі: Ою-өрнектер бейнеленген репродукциялар, открыткалар, Ә.Марғұланның «Қазақтың сәндік қолданбалы өнері», Қ.Арғынбаевтың «Қазақтың қол өнері» атты кітаптардағы репродукциялар.

Сабақтың барысы: Ою-өрнектердің түрлері туралы түсініктер беру. Өсімдіктер, жан-жануарлар, аспан әлемі, геометриялық формулаларға ұқсас оюларды көрсету, Түйе табан ою-өрнегінің түйенің табаны мен басын өткен ізіне ұқсас екенідігін айту. Түйе табан оюының салу жолдарын көрсету.

Түйе табан ою-өрнегінің бейнесін салу жолдарын суретті көрсетілген таблицаны қолданып көрсетіледі. Салу жолдары мынандай бірізділікпенен орындалады: 1) қағаз бетіне дұрыс орналастыру; 2) төртбұрыш салу және көрсетілген пропорциялық қатынастардағыдай етіп төрт бөлікке бөлу; 3) екі шеңбер сызу және оған қосалқы бөлшектерді салу; 4) салынған ою элементін бір түспен ал оның фонын басқа түспен бояу. Оюды салу жолдары көрсетілген соң осы бірізділікпен оқушылардың бейнелеу жұмысына басшылық жасалады. Бейнелеу жолдары көрсетіліп болған соң тақтадағы ілулі тұрған таблица алынады.

Оқушылардың бейнелеу жұмысы кезінде мұғалім әрбір балаға жеке көмек көрсетіп тұрады. Бейнелеудің әрбір кезінде оқушылардың жұмыстарында жіберілген ортақ қателерді түзету жолдары тақтаға бейнелеп көрсетіледі.