Топырақтың ластануын биоиндикациялау

Топырақтың ластануын биоиндикациялау туралы қазақша реферат

Топырақ планетарлық қабаттардың шекарасында жайғасып, солардың бір- бірінін арақатынасынан дамып, геосфераның ерекше қабығы педосфераны, яғни Жердің топырақ жамылғысын түзеді. Сонымен бірге топырақ жер шарының тіршілік дамыған аймағы – биосфераның негізгі компоненті. Топырақтың табиғаттағы рөлі өте зор.

Ол жер бетінде тіршіліктің дамуына қолайлы орта. Топырақ — өзі тіршіліктің туындысы бола тұрып, сол тіршіліктің өмір сүруінің де негізі. Топырақ арқылы жер бетінде заттардың үздіксіз үлкен геологиялық және кіші биологиялық айналымы өтеді. Биологиялық кіші зат айналымы кезінде, ең алдымен, аналық тау жынысынан, кейін топырақтан өсімдіктермен қоректік элементтер алынады. Олардан суға ерімейтін күрделі органикалық қосылыстар түзіледі. Әр жылы өсімдіктерден қурап түскен органикалық қалдықтардан қоректік элементтер бірге түсіп, топыраққа қайтып оралады. Биологиялық кіші зат айналымының негізгі нәтижесі – қоректік элементтердің топырақтың жоғарғы тамырлы қабатында шоғырлануы, құнарлы топырақтың түзілуі. Ал геологиялық үлкен заттар айналымы жер қойнауындағы және жер бетіндегі тау жыныстарының өзгеруі мен қозғалуын қамтиды. Құрғақ жер мен теңіз арасындағы геологиялық үлкен зат айналымы нәтижесінде борпылдақ үгілу қабаты құралады, топырақтың түзілу процесінің негізі қаланады. Жер бетіндегі осы екі айналымның арасындағы байланыс топырақ арқылы өтеді.

Топырақтың тағы бір функциясы – ол ауа және су сферасының химиялық құрамдарын реттейді. Фотосинтез арқылы өсімдіктер тотыққан көмірді сіңіреді де көміртегі тотығынан құралатын органикалық қосылыстар синтезін өткізеді. Жапырақтары мен тамырлары көміртегі тотығын және судан келетін сутегін пайдаланып, атмосфераға еркін молекулалы оттегін бөліп шығарады. Жалпы топырақ арқылы жер бетінде бүкіл биосфералық құбылыстар реттеледі. Топырақ – адамзат үшін өлшемі жоқ, баға жетпейтін байлық және құрлықтағы биоценоздар тіршілігінің негізі.

Тест-әдістер дегеніміз – заттарды орнында анықтау мен табудың тез, оңай және арзан тәсілдері (onsite). Олар, әдетте сыналатын заттарды анализге дайындаудың күрделі тәсілдерін қажет етпейді (мысалы, бөлу мен концентраттау). Оларды қолданған кезде қымбат, әрі күрделі лабораториялық құрал-жабдықтар мен аналитикалық лабораторияларды қолдану жылдам қысқарады және көптеген жағдайда қажет болмайды. Әрине, мұндай кезде, қазір барлық мемлекеттерде жетіспеушілігі байқалып жатқан, жоғары дәрежелі мамандардың қажеттілігі азаяды.

Тест-әдістер көптеген жағдайда талданатын үлгідегі нақты компоненттердің бар, я жоғын және құрамын бағалау үшін қолданады. Ең жақсы жағдайда, бұл талдаушы құралдар әрбір үй шаруасындағы әйел реактивті қағаз, таблетка, ампула т.б. көмегімен өзінің ас үйінде құбырдағы судың сапасын тез және қатесіз бағалауға, тағамдағы зиянды, улы заттардың бар не жоқтығын және құрамын білуге мүмкіндік бере алу керек. Тест-әдіс мысалына, мектепте лакмус қағазы деп аталатын, ерітіндінің рН деңгейін анықтауға қолданылатын әмбебап индикатор қағаздары жатады.

Тест-әдістерде химиялық және биохимиялық реакциялар қолданады. Қоршаған ортаның экологиялық мониторингінде биологиялық тест әдістері үлкен мәнге ие болып келе жатыр. Тест-әдістерді қолдану негізіне скрининг әдістемесі қойылған. Ол көптеген үлгілерді сапалық және жартылай сандық талдаудың ұқыпты жасалған әдістері арқылы талдауға қолданылады. Бұл әдістеме талданатын компонент бойынша дұрыс емес оң нәтиженің болуын жібереді. Сонымен қатар ол дұрыс емес теріс нәтижелердің болуын шығарады. Міне, осы себептен, оң реакция берген үлгілер ( мысалы, көкөністе пестицидтердің болуы), әрі қарай ақпараттандырылған әдіс көмегімен зерттеледі (хроматография). Өз кезегінде, скринингтің барлық теріс нәтижелері, одан әрі тексерілмей, дұрыс нәтиже ретінде қабылданады. Осылай істеу арқылы талдаудың тек көлемін ғана емес, сондай-ақ бағасын да төмендетуге болады.

Қоршаған орта жағдайын бағалауда биологиялық тесттер маңызды рөлге ие. Бұл күрделі аналитикалық құрал-жабдықтар көмегімен жүретін химиялық талдаулар нәтижесі, көптеген жағдайларда ластаушылардың тіршілік ортасына нақты қауіптілігін бағалауға және тірі организмдерге әсерін болжауға мүмкіндік бере алмайтындығымен байланысты. Алуан түрлі ластаушы заттар қоршаған ортаға түсіп, ол жерде басқа заттарға айналып, өзінің улылық әсерін жоғарылата алады. Осы себептен, ортаның ( судың, топырақтың, ауаның ) сапасын бағалайтын біріккен әдістер қажет болды. Биотестілеу мен биоиндикация әдістері бұл кезде аса қажетті болып табылады.

Биотестілеу деп — өздігінен немесе басқалармен қосылып әрекет жасайтын орта және факторлардың сапасы туралы, оларға арнайы енгізілген тест-нысандар, яғни организмдердің тірі қалуы, жағдайы және мінез-құлқын зерттеу арқылы анықтауды айтамыз. Биоиндикация – биотестілеу әдістеріне жақын. Ол да сол мақсаттар үшін зерттелінетін ортада тіршілік ететін организмдерді пайдаланады. Мұндай организмдерді таңдау барысында бірқатар талаптарды орындау керек. Олардың ішінде, сыртқы факторлардың әсерін нақты қабылдап, оны көрсетіп жауап қайтару, сондай-ақ ластаушылардың аз көлемінің өзінде сезімтал болып, жауап қайтара білу. Орта ғасырларда тау-кен өндірісінде кенді газдардың пайда болуын анықтау үшін торғайларды қолданғаны туралы мысал белгілі. Құстардың мінез-құлқы немесе өлуі, кеншілерді оларға төніп тұрған қауіп туралы баяндайтын.