Тірек-қимыл аппаратының жас ерекшеліктері

Тірек-қимыл жүйесі адамның қаңқасымен,оған бекітілген
бұлшық ет жүйесінен тұрады. Адам қаңқа сүйектерінің
қалыптасуы және дамуы құрсақтағы 3 айынан басталады.Күш
жұмыстарын орындау кезінде әр жастағы организмдегі
байқалатын реакциялар ерекшеліктері организмдегі зат алмасу
процестеріне, дене бітімінің қалыптасуына көп әсер етеді.Бала
дене бітімінің бір қалыпты болуы, ауру сырқатқа ұшырамауы
үшін қимыл-қозғалыс әдетін дамыту қажет.Қимыл-күш
жұмыстары жас ерекшелігіне сәйкес болуы тиіс.Сондықтан
оқытушы және ата-ана қозғалыс үйлесімін жетілдіру бағыт-
тарына мән беруі қажет.Даму кезеңдерінде сүйек,бас сүйегі
омыртқа,төс сүйегі, қол-аяқ сүйектері, дене бітімі, адамның
салмағы, физикалық даму ерекшкліктері жасына сәйкес келеді.