«Тілдер типологиясы» терминінің мазмұны

Типология пәнін анықтау жөнінде түрлі пікірлер бар: тіл мамандарының біреулері типология ғылымының шеңбері мен көлемін шамадан тыс кеңейтсе, басқалары, керісінше, типологияны зерттеудің мейлінше тар саласы деп түсіндіреді.

Барынша кең тараған және мезгілі жағынан бұрын туған мәні ғылымның тұтас бөлімінің атауына – лингвистикалық типологиға немесе тілдер типологиясына қатысты. Тіл мамандарының көпшілігі тіл білімінде типологины жекелеген тұтас тілдер мен тілдер топтарының жүйелері сияқты, жекелеген деңгейлерін, шағын деңгейлері мен микрожүйелерін салыстыру немесе салғастыру жолымен зерделенетін тілдердің типтері туралы ілім ретінде түсіндіруге келіседі.

Дж. Эллис салыстырмалы тіл білімі аясына аударма теориясын, диалектологияны, алмасуды және лингвистикалық типологиямен тығыз байланыста болып, зерттеу объектісі мен басқа арнайы ғылыми салаға енетіндерді қосып, типологияның қолдану аясын тым кеңейтіп жіберген.

Типологиялық зерттеулер барлық тілдерде көрінетін ортақтықты бөлуді ұсынады. Барлық тілдер үшін сойлем құрамында сөздердің арасындағы қатынас ғана емес, тілде берілетін зат пен іс- қимыл, субъект, предикат, объект, модальдық нышандарымен анықтауыштық сияқты ұғымдар да ортақ. Барлық тілдер үшін осы ортақтық типолигиялық салғастырудың негізінде жатыр, себебі нақты тілдік материалда  оны анықтаудың грамматикалық тұлғасы бірыңғай жобаны бермейді (И.И. Мещанинов).

Қарастырылып отырған мәнінде тілдердің ортақ мәндерін бөлу «типология» ұғымының компоненті ретінде еніп, құрылымдық нышандарының негізінде түрлі тілдердің құбылыстарын жүйелеу мен түгендеуді ұсынады (Б.А. Успенский).

Типология бұл мәнінде жекелеген тілдер кластарының бірқатар қасиеттерінің жиынтығының негізінде құрылуын, бұл кластардың ірілеу кластарға топтастырылуын, ең соңында, тіл типтерінің барынша ірілеу жіктелу бірліктерін белгілеуді қамтиды (Т.П. Ломтев).

Терминнің неғұрлым жиі мәні жекелеген тілдің  немесе оның жекелеген микрожүйелерінің құрылысының сипаттамасымен шектеледі (С.Д. Кацнельсон, М.И. Лекоцева, М.В. Раевский).

Терминнің жеке мәні- әлдебір жалғыз тілдің типологиялық сипаттарының жиынтығын жасау және сонымен оның типологиялық жіктелімдегі ұстанымы ретінде (Б.А. Серебренников, Н.В. Охотина).

Типологиялық зерттеулерде типологияның белгілі бір бөлімдеріне шартты түрде бекітілген түрлі терминдер кездеседі: «типология», «құрылымдық типология», «салыстырмалы типология», «ареалды типология», «характерология», «контрастивті лингвистика», «конфронтациялық лингвистика», «тілдік әмбебаптар», «трансляциялық грамматика», «салыстармалы – типологиялық тіл білімі» және басқалары. Comparative historical method, Comparative philology, Comparative linguistics, Contrastive Linguistics, Descriptive comparative Linguistics, Commparative grammar, Confrontational linguistics және т.б. Ағылшын ғылыми әдебиетінде «Comparative philology» тіркесі «жалпы тіл білімі» ұғымының орнында жиі қолданылады. «Салыстыру», «салғастыру» және «салыстыру әдісі», «салғастыру әдісі» терминдері әдетте синонимді. Терминдердің мұндай шашыранқылығы лингвистикалық типологияның әлі де ғылым ретінде берік қалыптаспағанын көрсетеді. Тіл білімі ғылымында лингвистикалық типологияның әрбір бөлімі мен түрінің  пәнін, салғастырмалы және типологиялық әдістердің қарама-қарсы қойылуын, туыстас және туыстас емес тілдердің типологиялық сипаттауды, характерологиялық және характерологиялық емес зерттеулерді және басқаларын анықтау үшін жеткілікті материал жоқ.

Тілдерді салыстырмалы зерделеу туралы ғылымның дамуымен «салыстырмалы әдіс» және «салғастырмалы әдіс» терминдерін көпшілік мойындады. Салыстырмалы әдіс-туыстас тілдерді салыстырмалы тарихи зерттеу, ал салғастырмалы-синхронды тілікте туыстас, сондай-ақ туыстас емес тілдерді салыстыру (салғастыру). Алайда бұл терминдер туыстас және туыстас емес тілдерді салғастырудың арасына айқын шек қоймайды.

Типология пәнінің манызыңа орай екі толғам айтылады:

1)    лингвистикалық типология — өзінің зерттеу пәніне тілдік жүйелерді салыстырудың барлық түрлерін (яғни сөздің толық мағынасында салыстырмалы лингвистика) қамтитын дербес ғылыми пән;

2)    лингвистикалық типология — дәстүрлі компаративистикаға, характерология мен ареалды лингвистикаға қарсы қойылатын салыстырмалы лингвистиканың дербес бөлігі (яғни құрылымдық типология тәрізді).

Салыстырылатын тілдердің саны ерекше мәнге ие:

1) шектелмеген (әмбебаптығын анықтау үшін);

2) туыстас тілдердің шектеулі саны;

3) екеу. Келіспеушілік себебі – лингвистикалық типологияның бөлімдеріне немесе түрлеріне жолдың дифференциалды болмауы.

Б.А. Успенский, Ю.В. Рождественский, В.Г. Гак типология мен характерология пәнің дифференциаландырып, типология пәнін негізгін:

1) тілдерді типологиялық жіктеу;

2) лингвистикалық әмбебаптылық;

3) тіл-эталон;

4) арнайы типологиялық теория және басқа бөлімдерді біріктіретін құрылымдық типология ретінде анықтайды, түрлі туыстас және туыстас емес тілдердің жүйелерін салыстырумен айналыстын типологияның басқа да бөлімдерінің бар екенін жоққа шығармайды.

Қазіргі анықтамалардың сан алуандылығына қарамастан типология тілдер жүйелерін салыстырудың әр түрлері ретінде түсініледі. Генетикалық, типологиялық және ареалдық салыстырулар салыстырудың бірыңғай үрдісінің үш жағын құрайды. Бұл әдістер өзара бәсекелес емес, қайта бірін- бірі толықтырады.

Лингвистикалық салыстыру түрлері:

1) салыстырмалы – генеалогиялық (тарихи) салыстыру (туыстас тілдердің ортақ ата тұлғаларын қайта құру);

2) тілдердің жүйелері мен шағын жүйелерін типологиялық салыстыру:

а) туыстас (жақын туыстас және алыс туыстас);

б) туыстас емес – бір жүйелі немесе түрлі жүйелі тілдер;

3) ареалды лигвистика, бұған белгілі бір географиялық жақындықтағы тілдер жүйелерін салыстыру тән;

4) Г.П. Мельниковтың доминанттық жіктемесі, бұл доминнанттық нышандар негізінде тілдік типтерді анықтайды.

А.Е. Карлинский салыстырмалы әдісті, салғастырмалы әдіс пен құрылымдық типология әдісін ажыратуды ұсынады. Біріншісі жабық (фонология, грамматика), сондай-ақ ашық (лексика, фразеология) шағын жүйелерін талдау кезінде әлемнің табиғи (туыстас және туыстас емес) тілдерінің арасында ұқсастықтарды (айырмашылықтарды емес) табады. Салғастырмалы (контрастивті) әдіс деп әлемнің түрлі тілдерінде бір-біріне қатыстық тілдік құбылыстардың ерекше белгілерін зерделеу, синхронды зерттеулерде жекелеген (туыстас, сондай-ақ туыстас емес) тілдердің жүйелік идиоматикасын (диаморфизмін) анықтау түсіндіріледі; әдісті екі тілге қолдану конфронтативтік талдау деп аталады да, халық (шетел) тіліне, сол сияқты әдеттегі және машинамен аударма теориясына оқыту әдістемелігінің лингвистикалық негіздерін жасаудың өзекті қолданбалы міндеттерін шешеді. Типологиялық әдіс дегеніміз барлық деңгейлер мен жоспарларда әлем тілдерінің хабарлау құбылыстарын зерделеу мен олардың типологиялық сипаттамаларын құру; әлем тілдерінің типологиялық жіктемесін жасау; басқа (шетел) тілді оқытудың лингвистикалық негіздерін жасау.

Сипаттама жұмыстарының алынған нәтижелерін синтездеумен айналысатын лингвистикалық типологияның лингвистикалық емес типологиядан айырмашылығы лингвистикалық салыстырудың бүкіл саласын өзіне алуға тиіс.