Тәжірибеге дайындық және жүргізу, оны ұйымдастырудың кезеңдері

Педагогикалық зерттеу жоспарланғанда зерттеуші мына жайттарды анықтауы қажет:

А. Тәжірибеленушілердің саны;

Б. Тәжірибеленушілерді іріктеу тәсілдері;

В. Тәжірибе жүргізу адамдары;

Г. Алынған нәтижелердің дәлдігі;

Д. Оларға дұрыс түсініктеме беру.

Тәжірибеге дейін тәжірибенің әр сатысын мұқият жоспарлау қажет.

Сондай-ақ, төмендегі мәселелер:

А. Тәжірибе мақсаты мен міндеттері;

Б. Өткізілетін орны мен уақыты, көлемі;

В. Тәжірибеге қатынасатын тұлғалардың мінездемелері;

Г. Тәжірибе жүргізу әдісінің суреттемесі;

Д. Тәжірибе нәтижелерін өңдеу әдіснің суреттемесі;

Е. Тәжірибе нәтижелерін түсіндіру әдісінің суреттемесі анықталуы қажет;