Тауар шаруашылығының пайда болу шарты

Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердіңбір-бірінен оқшаулануы.Ал, жеке меншік алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көрсетті.
Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбас пен рыноктың дамуына байланысты болады.
Тауарлы өндіріс натуралды шаруашылықтың даму арқасында дүниеге келді.
  Негізінен тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір-бірімен оқшаулануы. Тауар айырбасы қауымдар арасында кездейсоқ кездескен жерлерде пайда болып, кейін әдетке айналады. Тауарлы өндіріс жағдайларында адамдар арасындағы “таза” қатынастар еңбектерінің нәтелерін айырбастау түрінде көрінеді.Бұл ерекше бір қатынастар, әрбір жеке еңбекті қоғам тарапынан жанама жолмен жонудың түрі.Ол өнім өндіруге жұмсалған еңбекті айырбас өрісінде өлшеу тәсілі. Тауарлы өндірісі алдымен қоғамдық еңбек бөлінісін тереңдеу арқылы дүниеге келді. Жекелеген өнімдерді өндіруге мамандану өндірушілер арасында өнімдерін айырбастауды қажет етсе, өндірісті мамандыру еңбек өнімділігін арттыруға жағдай жасайды.
Сөйтіп, өнімді айырбастау натуралды шаруашылықтың орнына тауарлы өндірістің келуіне басты себепші және алғы шарт болды.
Тауарлы қатынастардың әлеуметтік-экономикалық негіздеріне тоқталайық. Олардың ең бастысы – қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Әрбір өндіруші қоғамға қажетті өнімдердің белгілі бір түрлерін өндіруге мамандалады да, соның арқасында еңбек өнімділігін артып,молырақ табысқа ие болады. Еңбекші негізі – жеке меншікке байланысты өндірушілердің бір-бірінен оқшаулануы және өндірген өнімдерін еркімен өз қажеттеріне пайдалана алу осы жағдайлар тауарлы өндірісті қажет етеді және оған негіз болады. Сөйтіп, еңбектің нәтижесі тауарға айналады да, қоғамдық өндіріс тауарлы өндіріс түріне көшеді.
Тауар айырбасы рынок арқылы болатын жеке өндірушілердің арасындағы байланысты көрсетеді. Тауарайырбасы биологиялық құбылысқа жатпайды, экономикалық процесс. Олай болса оның түпкі тамырын адам табиғатынан инстинктімен емес, олардың өмірінің экономикалық жағдайынан іздеген жөн.
Тауар өндірісі деп өнімді оқшауланған, жеке өндірушілер өндіретін, оның үстіне олардың әрқайсысы қайсібір өнімді өндіруге маманданатын, сөйтіп, қоғамдық мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін өнімді рынокта сату және сатып алу қажет болатын қоғамдық шаруашылықтың ұйымдасуын айтады.
Тауар өндірісін құрайтын және қалыптастыратын экономикалық жағдайлар алуан түрлі.Негізгілері: қоғамдық еңбек бөлінісі және осы екі жағдайдың бірдей болуы. Мәселе, қоғамдық еңбек бөлінісінің орын алуы жеткіліксіз. К.Маркс ертедегі Индияда қоғамдық еңбек бөлінісі жақсы дәрежеде орын алған қауымныңбір түрі.Онда еңбек бөлінісінің іріленген 9 түрі болған. Өнімдер сауда – саттықсыз қауым мүшелеріне тегін бөлініп ортақ меншікке болған. Кейініректе өндірілген өнім, құрал ө жабдықтар нақтылы біреудің жеке меншігіне айналғанда жағдай мүлдем өзгерген. Енді ешкім бір-біріне ештеңені тегін бермеген. Мүлік иелерінен тегін беруді талап ету мүмкін болмаған. Өйткені, әрнәрсе әркімнің жеке меншігіне өтті ғой. Бұлар бір-бірінің ризашылығымен өздерінің қажеттерін қанағаттандыру мақсатындатауар аиырбас қатынасына түседі.Сөйтіп, өндіріс құралдарына жеке меншік тауар өндірісін біржолата қалыптастырады және даму процесін жеңілдетеді.
Әр рынок үлгісіне тауарлы өндірісінің ерекше моделі сәйкес келеді:
1. Дамымаған рыноктың тауарлы өндірісі;
2. Еркін рыноктың тауарлы өндірісі;
3. Реттелетін рыноктың тауарлы өндірісі;
4. деформацияланғанрыноктың тауарлы өндірісі;
1. Дамымаған рыноктың тауар өндірісі (жай тауар өндірісі) қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндіріс құралдарына жеке меншіктің болуы, тауар өндірушілердің өз еңбектеріне негізделген. Жай тауарлы өндіріс кезенде шығарылған өнімнің тек белгілі бір бөлігі ғана рынокқа шығарылады. Сондықтан, ол бүкіл экономиканы қамти алмағандықтан жалпыға ортақ емес.
2. Еркін рыноктың тауарлы өндірісі (рыноктық экономика) түбегейлі жаңа белгіге ие болды. Ол жалпы ортақ сипат алады, яғни ол келесі құбылыстарды білдіреді:
а) Адамның жұмыс күші тауарға айпалады және өндірушінің өз еңбнегінің орнына жолдамалы еңбек келеді;
б) Қоғамдық өмірдің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, рынок арқылы сатуға арналады.
Бұл кезеңдері тауарлы өндіріс еркін бәсекенің болуымен сипатталғандықтан, оны әлі күнге дейін еркін бәсеке дәуірінің капитализмі немесе “еркін экономика” деп атайды. Мемлекеттің шаруашылық өміріне тіпті толық араласпауы оны “таза” –Laisser faire, яғни “қалай жүрсе солай жүрсін” дегенді білдіреді.
Іс-әрекетті үйлестіру мақсатында барлық жерде рынок пен баға жүйелерін қолдану бұл тауарлы өндірісті рыноктық экономика деп атауға негіз болды. Рыноктық экономика машиналы өндіріс сатысында қалыптасты.
3. Реттелетін рыноктың тауарлы өндіріс экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталынады.
Бұл екеуінің елдегі барлық ресурстар мен материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтынудағы үлестері жоғары. Мемлекет белсенді түрде рыноктың экономикаға араласқанымен, рыноктың реттеуші ролі-“көрінбейтін қолды” жоққа шығарылмайды.Реттелетін рынок экономиканың монополияландыру, яғни үкімет алдында монополияны шектеу мәселесі пайда болатын кезде қалыптасаты. Мемлекеттік реттеудің басты формаларына заң шығару, салықтық және қаржылық формалары жатады.
Реттелетін рыноктың тауарлы шаруашылықтың бірнеше моделдері бар:
а) Әлеуметтік рыноктық шаруашылық
б) Аралас экономика
в) Корпоративтік экономика
Олар, ең алдымен мемлекеттік бағдарламалардың мақсатын бағытталуымен ерекшеленеді. Әлеуметтік шаруашылықтағы басты міндет- азаматтар мүддесін қорғау. Біріншісі- көбінесе Германияға, екіншісі- АҚШ-қа, үшінші модель- Жапония мен Швецияға тән.
4. Деформацияланған рыноктың тауар өндірісі әміршіл-әкімшіл э кономикаға тән және дамыған қоғамдық еңбек бөлінісін, дамыған машиналы өндірісті, ұлттық экономиканы ұдайы реттеуді, еркін нарықтық қатынастарды басып тастауды білдіреді.