Сұраныс және ұсыныс механизмі курстық жұмыс

Мазмұны
І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Моделдің құрылуы
2.2. Лагранждың көбейткіштер әдісі
2.3. Лагранж көбейткіштерінің мәні
2.4. Жазбаларды басқарудың жай моделі

ІІІ. Арнайы бөлім
3.1. Модель І. Уилсонның қоймаларға арналған шектеусіз моделі
3.2. Модель ІІ. Уилсонның қоймаларға арналған шектеулі моделі

ІҮ. Қорытынды
Ү. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Кез келген адам қандай да бір мезетте бірнеше нәтижеге әр түрлі тәсілдермен жететін жағдайлар өмірде кездесіп тұрады. Осындай жағдайда әр түрлі шешім ең жақсысы болуы мүмкін. Мұның барлығы таңдалынған немесе берілген критерийге тәуелді. Практикада көбінесе «ең жақсы» ұғымы сандық критерийлермен – ең аз (минимум) шығын, нормадан ең аз ауытқу, ң көп (максимум) жылдамдық, ең көп пайда және т.т. өрнектелуі мүмкін. Сондықтан математикалық есептің қойылуында тиімді нәтижені табу талап етілуі мүмкін. Тиімді шешімді табуға берілген есептер оңтайландыру есептері деп аталады.Тиімді шешім бірден табылмайды, ал оңтайландыру үрдісі деп аталатын үрдістің нәтижесінде алынады. Оңтайландыру үрдісінде қолданылатын әдісер оңтайландыру әдістері деп аталады. Осы саладағы есептерді шешу үрдісі келесі кезеңдерден тұрады.

1)   Объектілерді зерттеу. Бұл кезеңде болып жатырған үрдісті түсіну қажетті параметрлерді анықтау талап етіледі.

2)   Модельдерді сипаттау – негізгі байланыстарды және оңтайландыру критериясы тұрғысынан алынғандағы үрдіс сипаттамалары арасындағы өзара байланысты орнату.

3)   Математикалық модельдеу – сипатталған модельді математикалық тілге аудару. Барлық шарттар сәйкес шектеулер жүйесі түрінде жазылады.

4)   Есепті шешу әдісін таңдау  — әдісті таңдаған кезде алынған математикалық құрылымның маңызы өте көп. Кей жағдайда есепті шешуде белгілі әдістің жетілдірілген түрі немесе жаңа әдісті пайдалану талап етілуі мүмкін.

5)   Есептің шешімін табу мақсатында ЭЕМ-да программа жазу немесе таңдау – айнымалылары саны көп болған жағдайда, есептеу көп уақытты алған жағдайда, немесе т.б.

6)   ЭЕМ-да есепті шешу – жазылған программаға сәйкес енгізілген сандық ақпарат өңделініп, сәйкес нәтижелер адамға ыңғайлы түрде алынады.

7)   Алынған шешімді талдау. Талдау нәтижесінде шешімнің ақиқаттығына күмән келтірілсе, программаға түзетулер енгізіліп жасалған үрдіс қайталанады.

Егер модель берілген критерийлер бойынша объектінің қызметін жеткілікті түрде дәл сипаттаса, онда модель құрылды және аяқталды деп есептеледі. Осыдан кейін барып модель есептеуге пайдаланылуы мүмкін.

Ұсынылып отырған оқу құралында оңтайландыру әдістері туралы алғашқы түсінікті беретін нақты объектілер берілмейді, соған қарамастан есептің әрбір математикалық берілуін қандай да бір нақты жағдайдың математикалық моделі деп қарастырамыз.

 курстық жұмыс / 25 бет