Салықтардың объективті қажеттілігі, және экономикадағы мәні

Салықтар дегеніміз – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория.
Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай–ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.
Салықтар мемлекеттің құрылуы мен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.
Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашанда болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.
Әр-бір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар – мемлекеттің тұрақты қаржы көздері.
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.
Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.
Салықтың мынадай негізгі қызметтері (функциялары) бар:
1) реттеушілік;
2) фискальдық;
3) қайта бөлу;
Жоғарыда көрсетілген негізгі функциялармен қатар салықтардың ынталандыру, бақылау функцияларын да атауға болады.
Реттеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтық реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты — өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері, салық ставкалары, салық жеңілдіктері, салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады.
Жоғарыда көрсетілген салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірісітің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен катар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады.
Әрине, салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін, олардың басқа да экономикалық тетіктері мен тығыз байланыста болуы қажет. Салықтық реттеуде салық ставкалары мен салық жеңілдіктерінің алатын орны ерекше.
Себебі ғылыми негізделмеген, шектен тыс жоғары қойылған ставкалар кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің қарқынын бәсендетеді, ал шектен тыс төмен қойылған ставкалар салық төлеушілердің жауапкершілігін азайтып, өндірістің төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азайуына әкеліп соқтырады.
Осы сияқты салық жеңілдіктерінің де тиімсіз жағы да бар. Дамыған елдердің тарихынан салық ставкалары жөнінде мынаны байқауға болады:
1) егер төленетін салық мөлшері салық төлеуші табысының 50% пайызынан асып кетсе, онда ол өндірістің тоқтап қалуына соқтырады;
2) егер салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50% пайыз аралығында болса, онда жай, ұдайы өндіріске әкеледі;
3) егер салық мөлшері, салық төлеуші табысының 35-40% пайыз мөлшері аралығында болса, онда ұлғаймалы ұдайы өндіріске әкеледі.
Салықтардың екінші қызметі – фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызметі (функциясы) арқылы мемлекттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Өйткені, тек салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери-қорғаныс, тағы бақа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді.
Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс-әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды.
Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының ішкі өніміндегі салықтардың үлес салмағы 40% пайыздан көбірек болып отыр. Бұл экономикасы дамыған басқа елдерден әлде қайда жоғары. Еліміздегі мемлекет мүддесі үшін қаржы көздерін орталықтандырудың бір айғағы осы.
Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін (функциясын) пайдалана отырып еліміздің салық жүйесін анықтайды. Салық механизмінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты негізге ала отырып, салық саясатын анықтайды.
Салықтардың анықтамасы, мәні және мазмұны жоғарыда айтылған болады. Оған тоқталмай, енді салықтарды топтастыру туралы айтып өтеміз.
Салықтарды мынадай нышаны, белгілері бойынша топтастырамыз немесе жіктейміз:
1) Салық салу объектісіне байланысты;
2) Қолданылуына қарай;
3) Салық салу органына байланысты;
4) Экономикалық ерекшелігіне байланысты;
5) Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай;
Салық салу объектісіне қарай салықтар (тура) тікілей және жанама салықтар болып жіктеледі.