«РЗА» акционерлік қоғамының инвестициялық қызметін талдау

«РЗА» акционерлік қоғамының инвестициялық қызметін талдау туралы қазақша реферат

«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы «Ауыл шаруашылығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 қарашадағы № 1777 қаулысына сәйкес 1999 жылы 28 желтоқсанда ауыл шаруашылығындағы басты мәселелердің бірі – техника паркін жаңарту мәселесін шешуде көмек көрсету мақсатында құрылған. Қоғам «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг құрамына енеді [1].

«ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сондай-ақ, лизинг негізінде технологиялық жабдықтарға деген қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторының дамуына қолдау жасау болып табылады.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның миссиясы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолайлы қаржы қаражаттарымен, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникаларымен және технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету арқылы агроөнеркәсіптік кешенді техникалық және технологиялық жағынан жаңарту болып табылады.

Қазақстанның барлық аймақтарында компанияның 9 филиалы және 4 өкілдігі бар.

Қоғамның 2020 жылға қарай көрінісі – бизнес жүргізудің жоғарғы стандарттары мен сенімділігі негізінде қолайлы қаржы қызметтерін көрсету әрі техникалық және технологиялық жағынан жаңарту бойынша лизингілік қызметті жүзеге асыру арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау мақсатында меншікті өз активтерімен тиімді басқарылуын қамтамасыз ететін Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі негізгі қаржы-инвестициялық ұйым болып саналады.

Қоғам толық өндіріс кезеңі бар жетекші әлемдік өндірушілердің технологиялық жабдықтарымен жабдықтау үшін жоғары технологиялық жаңа өндірістердің іске асырылуын қаржыландырады.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның қызмет түрлері ретінде жарғылық мақсаттарды іске асыру үшін Қоғам келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1. агроөнеркәсіптік кешендегі лизингілік қызмет;

2. агороөнеркәсіптік кешен субъектілерін несиелендіру және оларға қаржы қызметін және басқа да қызмет көрсету;

3. агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған республикалық бюджеттік және басқа бағдарламаларды іске асыруға қатысу.

«КазАгроҚаржы» компаниясы «1200 басқа арналған ірі сүтті-тауарлы ферма» бағдарламасы бойынша «РЗА» АҚ-на инвестиция құйды. Жалпы қаржыландыру түрі екіге бөлінеді: жаңғыртылмайтын несие желісі және жабдықтарға қаржылық лизинг және ірі қара мал. Ал қаржыландырудың сомасы 1 244 517 520 теңгені құрап отыр. Төмендегі кесте бойынша толығырақ қарастырылған [2, 3б].

Тауарлы — сүт фермаларының желісін құру және қолданыстағыларын дамыту атты инвестициялау жобасы бойынша мына төмендегідей шарттар қойылған.

Кесте 1

Тауарлы — сүт фермаларының желісін құру және қолданыстағыларын дамыту бағдарламасы бойынша қойылатын талаптары

 

АТАУЫ

ҚҰРЫЛЫСТЫҚ-МОНТАЖ ЖҰМЫСТАРЫ

ЖАБДЫҚ

ІРІ ҚАРА МАЛ

Құрал қарыз лизинг лизинг*
Берілу мерзімі 12 жылға дейін 5 жыл
Қарыз алушының ортақ қаржыландыруы жобаның жалпы сомасынан 15% бастап (соның ішінде лизинг заты табысталғанға дейін төленетін бірінші лизингілік төлем лизинг затының құнынан 15% кем емес)

1-кестенің жалғасы

Мөлшерлеме 6%
Тиімді мөлшерлеме жылдық 6 % бастап
Қамтамасыз ету қажет
Негізгі борышты төлеу жыл сайын**
Сыйақы төлеу тоқсан сайын**
Жеңілдікті кезең 2 жылға дейін
мұндағы, *сауын малдың жоспарлы жарамсызын шығаруға байланысты ірі қара мал лизингі 5 жылмен шектелген.

** Лизинг/қарыз бойынша негізгі борыш пен сыйақы төлемдерін өтеу кестесі жекелеген түрде іске асырылатын жобаның ерекшелігіне қарай белгіленеді және «ҚазАгроҚаржы» АҚ Несие комитетінің шешіміне сәйкес «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ тарапынан «ҚазАгроҚаржы» АҚ ақша қаражаттарды бөлу шарттары өзгертілген жағдайда. Бұл ретте негізгі борыш пен сыйақыны төлеу дүркінділігі жалпы қаржыландыру шарттарында көрсетілгеннен кем болмауға тиісті.

Е С К Е Р Т У- «РЗА» АҚ-мен «КазАгроҚаржы» компаниясының өзара келісім шарттарының негізінде құрылған

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы №1085 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдар жоспарын іске асыру, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық қор қаражаты есебінен тауарлы-сүт фермаларының желісін құру және қолданыстағыларын дамыту бағыты бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру үшін ықтимал қарыз алушыларды конкурс негізінде іріктеу қорытындысы бойынша агроөнеркәсіптік кешенді қолдау саласындағы жобалардың тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету аясында келесі жобалар қаржыландыруға мақұлданған.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның жоғарыдағы көрсетілген инвестициялық қаржыландыру жобаларымен қаржыландырылған барлық компаниялар тізіміне мыналар жатқызылады:

1. «Айс» ЖШС (Ақтөбе облысы). Жобаның мақсаты: жобалық қуаты жылына 7 200 тонна сүт өндіретін 1100 бас ірі қара малдарға арналған тауарлы-сүт фермасын салу;

2. «Садчиковское» ЖШС (Қостанай облысы). Жобаның мақсаты: жобалық қуаты жылына 2 600 тонна сүт өндіретін 400 бас ірі қара малдарға арналған тауарлы-сүт фермасын құру;

3. «РЗА» АҚ (Қызылорда облысы). Жобаның мақсаты: жобалық қуаты жылына 3 960 тонна сүт өндіретін 660 бас ірі қара малдарға арналған тауарлы-сүт фермасын құру;

4. «Галицкое» ЖШС (Павлодар облысы). Жобаның мақсаты: жобалық қуаты жылына 1 800 тонна сүт өндіретін 500 бас ірі қара малдарға арналған тауарлы-сүт фермасын модернизациялау;

5. Агрофирма «Родина» ЖШС (Ақмола облысы). Жобаның мақсаты: жобалық қуаты жылына 10 000 тонна сүт өнімдерін өндіретін 800 бас ірі қара малдарғаарналған тауарлы-сүт фермасын модернизациялау (сүт зауытын салу);

6. «Айдарбаев» ШҚ (Алматы облысы). Жобаның мақсаты: жобалық қуаты жылына 4 400 тонна сүт өндіретін 400 бас ірі қара малдарға арналған тауарлы-сүт фермасын модернизациялау және ұлғайту;

7. «Алтын Дан» ЖШС (Оңтүстік Қазақстан облысы). Жобаның мақсаты: сүт өңдеу зауытын салу және жобалық қуаты жылына 3050 тонна сүт өнімдерін өндіретін 500 бас ірі қара малдарға арналған тауарлы-сүт фермасына сауу жабдығын сатып алу;

8. «Сарыағаш» ЖШС (Қостанай облысы). Жобаның мақсаты: жобалық қуаты жылына 5900 тонна сүт өндіретін 1250 бас ірі қара малдарға арналған тауарлы-сүт фермасын құру;

9. «Зенченко и Компания» КС (Солтүстік Қазақстан облысы). Жобаның мақсаты: қуаттылығы жылына 18 000 тонна сүт өнімдерін өндіретін 5 000 бас ірі қара малдарға арналған ТСФ сүтті қайта өңдеу зауытын құру;

10. «Медеу Коммерц» ЖШС (Алматы облысы). Жобаның мақсаты: қуаттылығы жылына 5 000 тонна сүт өнімдерін өндіретін 780 бас ірі қара малдарғаарналған тауарлы-сүт фермасын құру;

11. «Бек+» ЖШС (Қостанай облысы). Жобаның мақсаты: қуаты жылына 7 000 тонна сүт өнімдерін өндіретін 1 200 тонна ірі қара малдарға арналған ТСФ құру;

12. «ОХ Иртышское» ЖШС (Павлодар облысы). Жобаның мақсаты: қолданыстағы ТСФ модернизациялау: төлдейтін ірі қара малдарға санын 1 000 дейін көбейту.

Осылардың ішінде біздің зерттеп отырған «РЗА» АҚ-мен байланысты инвестициялық қаржыландыруды талдасақ (2-3 кестелер):

Кесте 2

«РЗА» акционерлік қоғамының қаржыландыру деңгейі

 

Қаржыландыру негізі:

Қаржыландыру сомасы:

1

Қарыз негізінде 1 200 сауын сиырға арналған сүтті-тауарлы ферманы салуға құрылыс – монтаждық жұмыстар үшін

443 961 000 теңге

2

Қаржылық лизинг негізінде сүтті-тауарлы фермаға жабдықтар сатып алу үшін

191 920 009 теңге

3

Қаржылық лизинг негізінде 604 бас буаз (ірі мүйізді мал) «қара – ала голштино-фризстік» тұқымды ірі мүйізді малды сатып алу үшін

268 636 511 теңге

4

Қаржылық лизинг негізінде «сүтті қайта өңдейтін завод» жабдығын сатып алу үшін

85 000 000 теңге

5

Қарыз негізінде «сүтті қайта өңдейтін заводты» тұрғызуға құрылыстық монтаж жұмыстар үшін

255 000 000 теңге

БАРЛЫҒЫ:

1 244 517 520 теңге

Е С К Е Р Т У- «РЗА» АҚ-мен «КазАгроҚаржы» компаниясының өзара келісім шарттарының негізінде құрылған

 

Ставкалық сыйақысы жылдық 6%-ды құрайды. Сондай-ақ, негізгі қарызды жабу кезеңі жыл сайын, теңдестірілген үлеспен жабылып отырады. Жеңілдік кезеңге 2 жыл уақыт берілген. Ал, төлемдік сыйақылардың кезеңі тоқсан сайын. Қаржыландырудың мерзіміне тоқталсақ, мына төмендегі кестеде ұсынылып отыр.

Бұл ірі қара малдарды сақтандыру мақсатында «РЗА» акционерлік қоғамы «Allianz Kazakhstan» сақтандыру компаниясымен келісім шартқа отырған. Жалпы 650 ірі мүйізді малды сақтандырудағы сомасы – 306 492 212 теңгені құрайды. Келісімшарттың қолданылу мерзімі 2009 жылдан 2012 жылға дейін қамтиды.

Кесте 3

«РЗА» акционерлік қоғамының қаржыландыру мерзімін ұсыну

 

Қаржыландыру негізі Қаржыландыру мерзімі

1

Сүтті тауарлы ферма мен жабдықтардың қаржылық лизингі комплекстеріне құрылыс — монтаждық жұмыстар үшін

12 жыл

2

Ірі мүйізді малға қаржылық лизинг

5 жыл

Е С К Е Р Т У- «РЗА» АҚ-мен «КазАгроҚаржы» компаниясының өзара келісім шарттарының негізінде құрылған

 

Ал, сақтандыру сыйлықақысының сомасы – 3 064 922 теңгені құрап отыр. Яғни, сақтандырушыға үш жұмыс күні ішінде жануарларды берумен және сақтандырылушы сақтандыру сомасының 1%-дық тарифтік ставкасымен қоса біртұтас мезгілде төлегенде сақтандыру сыйлықақысы төленеді. Ол біртұтас мезгілде нақты ақшалай немесе нақты ақшасыз сақтандырушының банктегі шотына төлемдерді аудару арқылы төленеді.

4-ші кестеден көріп отырғанымыздай 2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда тыңайытқыштар 3 424 593 теңгеге 12%-ға кеміген, ал керісінше 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 13 260 640 теңгеге 52%-ға өскен.

2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда жанармай 13 645 425 теңгеге 10,5%-ға өскен, ал 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 50 093 085 теңгеге 35%-ға өскен.

2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда қосалқы бөлшектер 3 003 899 теңгеге 33%-ға кеміген, ал 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 1 977 258 теңгеге 33%-ға кеміген.

2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда күріш, ет, вермишель, қой, ет, ұн, шұжық 2 471 617 теңгеге 47,1%-ға өскен, ал 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 10 166 119 теңгеге 132%-ға өскен.

2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда материалдар 2 909 458 теңгеге 106,3%-ға өскен, ал 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 50 093 085 теңгеге 65,1%-ға кеміген.

2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда негізгі құрал, жабдық, байланыс және өрт қауіпсіздігі 2 879 650 теңге болса, ал 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 2 879 650 теңгеге 100%-ға кеміген.

2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда тұқым 13 091 048 теңге болса, ал 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 5 709 048 теңгеге 44%-ға кеміген.

2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда техникалық қызмет 6 189 587 теңге болса, ал 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 6 189 587 теңгеге 100%-ға кеміген.

Кесте 4

«РЗА» АҚ-ы тауарларды инвестициялық қаржыландыру

теңге

Көрсеткіштер

Жылдар

Ауытқуы (+,-)

Өсу қарқыны, %

2009

2010

2011

2010/2009

2011/2010

2010/

2009

2011/

2010

1 Тыңайытқыш

29 024 593

25 600 000

38 860 640

-3 424 593

13 260 640

-12

52

2 Жанар май

129 307 243

142 952 668

193 045 753

13 645 425

50 093 085

10,5

35

3 Қосалқы бөлшек

9 046 033

6 042 134

4 064 876

-3 003 899

-1 977 258

-33

-33

4

Күріш, ет, вермишель, қой, ет, ұн, шұжық

5 251 194

7 722 811

17 888 930

2 471 617

10 166 119

47,1

132

5

Материалдар

2 736 788

5 646 246

1 971 375

2 909 458

-3 674 871

106,3

-65,1

6

Негізгі құрал, жабдық, байланыс және өрт қауіпсіздігі

2 879 650

2 879 650

-2 879 650

-100

7 Тұқым

13 091 048

7 382 000

13 091 048

-5 709 048

-44

8 Техникалық қызмет

6 189 587

6 189 587

-6 189 587

-100

9

Көліктік қызмет

292 500

292 500

Жиыны:

175 365 852

210 124 146

263 506 076

34 758 294

53 381 930

20

25,4

Е С К Е Р Т У- «РЗА» акционерлік қоғамының аудиторлық есептері бойынша автормен есептелген

 

2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда көліктік қызмет ешқандай өзгеріске ие болмаған, ал 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 292 500 теңгеге өскен.

2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда «РЗА» АҚ-ның тауарларын инвестициялық қаржыландырудың жиыны 34 758 294 теңгеге немесе 20%-ға өскен, ал 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 53 381 930 теңгеге 25,4%-ға өскен.

5-ші кестеден көріп отырғанымыздай 2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда қаражаттар түсімі 694 074 011 теңге 152%-ға өскен, ал керісінше 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 398 392 822 теңгеге 35%-ға кеміген. Бұл көрсеткіштің өсуіне әсер еткен факторлар: қолма-қолсыз қаражаттар және заттай түрінде.

2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда қолма-қол қаражаттар түсімі 55 839 480 теңге болса, ал керісінше 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 25 501 679 теңгеге 51%-ға кеміген.

Кесте 5

«РЗА» АҚ-нан «РЗА – Агро» ЖШС-нің қолма-қол немесе банктік төлем тапсырмасы негізінде алынған ақшалай қаражаттарының талдауы

теңге

Көрсеткіштер

Жылдар

Ауытқуы (+,-)

Өсу қарқыны, %

2009

2010

2011

2010/2009

2011/2010

2010

2009

2011/

2010

1 Қаражаттар түсімі

457 466 880

1 151 540 891

753 148 069

694 074 011

-398 392 822

152

-35

1.1 Қолма-қол

55 839 159

27 337 480

55 839 159

-28 501 679

-51

1.2 Қолма-қолсыз

282 101 027

888 457 236

462 304 513

606 356 209

-426 152 723

215

-48

1.3

Тұқым

13 091 048

7 382 000

13 091 048

-5 709 048

-44

1.4

Тыңайытқыш

29 024 593

25 600 000

38 860 640

-3 424 593

13 260 640

-12

52

1.5

Жанар-жағар май

129 307 243

142 952 668

193 045 753

13 645 425

50 093 085

10,5

35

1.6 Қосалқы бөлшек

9 046 033

6 042 134

4 064 876

-3 003 898

-1 977 257

-33,2

-33

1.7 Азық-түлік

5 251 194

7 722 811

17 888 930

2 471 617

10 166 119

47,1

132

1.8 Заттай түрінде

2 736 788

5 646 246

1 971 375

2 909 458

-3 674 871

106,3

-65,1

1.9 Техника қызметі

6 189 587

292 500

6 189 587

-5 897 087

-95,3

2 «РЗА» АҚ-на инвестиция қайтарылымы

446 147 914

647 217 275

588 387 195

201 069 361

-58 830 079

45,1

-9,1

2.1 Қара күріш

359 433 601

521 743 568

392 657 709

162 309 966

-129 085 858

45,1

-25

2.2 Мал азығы

24 224 402

74 814 302

96 094 714

50 589 900

21 280 411

209

28,4

2.3 Қара күріш қалдығы

2 349 879

908 473

1 980 600

-1 441 406

1 072 127

-61,3

118

2.4 Қамыш, пашын

80 852

525 897

242 274

445 045

-283 623

550,4

-54

2.5 Бидай

117 600

-117 600

-100

2.6 Арпа

10 527 579

9 499 392

22 143 470

-1 028 187

12 644 078

-10

133

2.7 Қолма-қолсыз қайтарым

49 414 000

39 725 642

63 625 360

-9 688 358

23 899 718

-20

60,2

2.8 Техника қызметі

11 285 846

11 285 846

Жиыны:

903 614 794

1 798 758 166

1 341 535 265

895 143 371

-457 222 901

99,1

-25,4

Е С К Е Р Т У- «РЗА» акционерлік қоғамының аудиторлық есептері бойынша автормен есептелген

 

2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда қолма-қолсыз қаражаттар түсімі 606 356 209 теңгеге 215%-ға өскен, ал керісінше 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 426 152 723 теңгеге 48%-ға кеміген. 2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда тұқым 13 091 048 теңге болса, ал керісінше 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 5 709 048 теңгеге 44%-ға кеміген.

2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда тыңайытқыш 3 424 593 теңгеге 12%-ға кеміген, ал керісінше 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 13 260 640 теңгеге 52%-ға өскен.

2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда жанар-жағар май 13 645 425 теңгеге 10,5%-ға өскен, ал 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 50 093 085 теңгеге 35%-ға өскен. 2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда қосалқы бөлшек 3 003 898 теңгеге 33,2%-ға кеміген, ал 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 1 977 257 теңгеге 33%-ға кеміген.

2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда азық-түлік 2 471 617 теңгеге 47,1%-ға өскен, ал 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 10 166 119 теңгеге 132%-ға өскен.

2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда заттай түріндегі қаражаттар түсімі 2 909 458 теңгеге 106,3%-ға өскен, ал керісінше 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 3 674 871 теңгеге 65,1%-ға кеміген. 2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда техника қызметі 6 189 587 теңге болса, ал керісінше 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 5 897 087 теңгеге 95,3%-ға кеміген.

2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда «РЗА» АҚ-на инвестиция қайтарылымы 201 069 361 теңге 45,1%-ға өскен, ал керісінше 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 58 830 079 теңгеге 9,1%-ға кеміген. Бұл көрсеткіштің өсуіне ықпал еткен факторларға мыналар жатады: қамыш, пашын, мал азығы және қара күріш болып табылады.

2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда қара күріш 162 309 966 теңгеге 45,1%-ға өскен, ал керісінше 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 129 085 858 теңгеге 25%-ға кеміген.

2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда мал азығы  50 589 900 теңгеге 209%-ға өскен, ал 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 21 280 411 теңгеге 28,4%-ға өскен.

2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда қара күріш қалдығы 1 441 406 теңгеге 61,3%-ға кеміген, ал керісінше 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 1 072 127 теңгеге 118%-ға өскен.

2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда қамыш, пашын 445 045 теңгеге  550,4%-ға өскен, ал керісінше 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 283 623 теңгеге 54%-ға кеміген.

2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда бидай 117 600 теңгеге 100%-ға кеміген, ал керісінше 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда еш өзгеріссіз болған.

2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда арпа 1 028 187 теңгеге 10%-ға кеміген, ал керісінше 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 12 644 078 теңгеге 133%-ға өскен.

2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда қолма-қолсыз қайтарым 9 688 358  теңгеге 20%-ға кеміген, ал керісінше 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 23 899 718 теңгеге 60,2%-ға өскен.

2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда техника қызметі ешқандай өзгеріске ұшырамаған, ал керісінше 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 11 285 846 теңге болған.

2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда «РЗА» АҚ-нан «РЗА – Агро» ЖШС-нің қолма-қол немесе банктік төлем тапсырмасы негізінде алынған ақшалай қаражаттар есебінің жиыны 895 143 371 теңгеге 99,1%-ға өскен, ал керісінше 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 457 222 901 теңгеге 25,4%-ға кеміген.

«РЗА» АҚ-ның инвестициялық жағдайын қорытындылай келе, «КазАгроҚаржы» компаниясы «1 200 басқа арналған ірі сүтті-тауарлы ферма» бағдарламасы бойынша «РЗА» АҚ-на инвестиция құйды. Жалпы қаржыландыру түрі екіге бөлінеді: жаңғыртылмайтын несие желісі және жабдықтарға қаржылық лизинг және ірі қара мал. Ал қаржыландырудың сомасы 1 244 517 520 теңгені құрап отыр. Соның ішінде: қарыз негізінде 1 200 сауын сиырға арналған сүтті-тауарлы ферманы салуға құрылыс – монтаждық жұмыстар үшін – 443 961 000 теңге; қаржылық лизинг негізінде сүтті-тауарлы фермаға жабдықтар сатып алу үшін – 191 920 009 теңге; қаржылық лизинг негізінде 604 бас буаз (ірі мүйізді мал) «қара – ала голштино-фризстік» тұқымды ірі мүйізді малды сатып алу үшін – 268 636 511 теңге; қаржылық лизинг негізінде «сүтті қайта өңдейтін завод» жабдығын сатып алу үшін – 85 000 000 теңге және қарыз негізінде «сүтті қайта өңдейтін заводты» тұрғызуға құрылыстық монтаж жұмыстар үшін – 255 000 000 теңге тиесілі.

Қазіргі таңда бұл ірі қара малдардың басын көбейтіп, сонымен қатар сапалы өндіріске озық технологияларды енгізу және жұмыскерлердің іскерлігі өндірісті екі есеге ұлғайтып отыр. Соған қоса өндірілген өнім — 100% табиғи және Қазақстандық құраммен дайындалып, жұртшылық көңілінен шығуда.

Әдебиеттер

1.          www.kasagrofinans.kz  «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның сайты.

2.          «РЗА» АҚ-ның аудиторлық есептерінен

3.          Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу: Оқулық / Омарова А.К. — Алматы: Таугуль-ПРИНТ, 2009.

Ибраева Жанар Маратовна

Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің магистранты

Капанова Шолпан Аманжоловна

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарынның магистрі

Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы