Прокурордың өкілеттігі

Прокурордың өкілеттігі — Конституцияда және ҚР заңдарында оның құқықтарының маңызы бірдей қамтылған құқықтық ұғым (наразылық келтіру құқығы, нұсқаулар беру құқығы, қамауда заңсыз ұсталғандарды босату құқығы және т.б.). Өкілеттік заң ғылымында прокурордың өз міндеттерін орындауы оған заңмен берілген құқықтарды іске асыру арқылы өтетіндіктен, құқықтар мен міндеттердін жиынтығы ретінде түсіндіріледі.

Жоғарыда аталған Заңның 4-бабында прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары мен мазмұны саналмаған:

«Конституция мен заңдардың үстем тұруын қамтамасыз ету адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының және Президентінің Жарлықтарының және өзге де нормативтік кұкықтық актілердің дәл әрі бірыңғай қолданылуына жоғары кадағалауды жүзеге асыра отырып, прокуратура мемлекет атынан:

1) Конституцияның, заң актілерінің және Республика Президенті актілерінің бұзылуын анықтап, оларды жою шараларын қолданады;

2) жедел-іздестіру қызметінің, аныктама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады;

3) сотта мемлекет мүддесін білдіреді;

4) Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдарға және басқа да құқықтық актілерге наразылық жасайды;

5) заңда белгіленген тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;

6) статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, объективтілігін және жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргізеді, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады». [8-4 б]

Прокурорлық қадағалаудың құралдары ретінде олардың өкілеттіктерінен туындайтын прокурордың іс-әрекеттері мен құқықтық актілері, олардың көмегімен ол қойылған міндеттерді шешеді: заңдарды бұзуды анықтау, жою, алдын алу, кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту.

Аталған Заңның 3-тарауында прокуратураның құқықтық актілері көзделген. 18-бапта құқықтық актілер жүйесі белгіленген:

«1. Прокуратураның құқықтық актілерінің жүйесін:

1) прокурорлық қадағалау актілері: наразылық, қаулы, ұйғарым, өтініш, санкция, нұсқау, ұсыным, заңға түсіндірме;

2) Прокуратураны ұйымдастыру және оның қызмет мәселелерін реттейтін актілер: бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер, ережелер, нұсқаулықтар құрайды.   [9 -64 б]

Прокурордың өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруына кедергi келтiру немесе оған заңсыз шешiм қабылдату мақсатында қандай да болсын нысанда ықпал жасау, сондай-ақ прокурорлардың қаулыларын, ұйғарымдарын, нұсқауларын, талаптарын орындамау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкелiп соғады.

Прокуратураның талап етуi бойынша тиiстi органдар мен өкiлеттi адамдар:

1) қажеттi материалдар мен мәлiметтердi өтеусiз және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып беруге;

2) тексерiске қатысу және қорытынды беру үшiн мамандар бөлуге.

3) прокурорлардың қадағалау қызметiн қамтамасыз ету және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшiн өзге де қажеттi шаралар қолдануға мiндетті.

3. Прокурордың өз құзыретi шегiнде берген тапсырмасы анықтама мен тергеу органдары үшiн мiндеттi.

4. Талап етiлген ақпарат прокуратура органдарына заңдарда белгiленген нысандарда, сондай-ақ прокурор белгiлеген тәртiп пен мерзiмде берiледi.

5. Прокурорлардың өз құзыретi шегiнде тексеру мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдардың үй-жайларына кiдiрiссiз кiруге, олардың басшыларында және басқа да лауазымды адамдарында кiдiрiссiз қабылдануға, iс материалдары тiкелей сот iсiн жүргiзуде жатқан кездегi жағдайларды қоспағанда, құжаттар мен материалдарға сот iстерiмен танысуда қол жеткiзуге және оларды соттан талап етiп алдыруға құқығы бap.

6. Лауазымды адамдар мен азаматтар прокурордың талап етуi бойынша айғақтар беру үшiн оларға белгiленген уақытта келуге мiндеттi. Шақыру жазбаша хабарлама-шақырумен ресiмделедi және қолхат алынып тапсырылады. Хабарлама телефонограммамен, жеделхатпен немесе оның тиiсiнше берiлуiн қамтамасыз ететiн басқа байланыс құралдары пайдаланыла отырып та жiберiлуi мүмкiн.

7. Прокурордың заңды талаптарын орындамау не прокурордың талабы бойынша дәлелсiз себептермен келмей қалу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Прокурор ұйғарымдары мен қаулылары орындалмаған жағдайда өз құзыретi шегiнде оларды мәжбүрлеп орындатуға құқылы.

8. Прокурор, заңда көзделген басқа жағдайлар мен тәртiптi қоспағанда, өзi жүргiзiп жатқан iстер мен материалдардың мәнi бойынша қандай да бiр түсiнiктемелер беруге, сондай-ақ оларды кiмге де болсын танысу үшiн беруге мiндеттi емес. Өзi жүргiзiп жатқан тексерулер мен iстердiң материалдарын олар аяқталғанға дейiн прокурордың рұқсатынсыз жария етуге ешкiмнiң құқығы жоқ. [3-41 б]

Прокуратура органдары қызметкерлерiн құқықтық қорғау

1. Прокуратура органдарының қызметкерлерi мемлекеттiк өкiмет өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.

2. Прокурордың заңды талаптарын орындамау, прокурорды немесе оның отбасы мүшелерiн оның қызмет бабындағы жұмысына байланысты қорлау, қорқыту, күш көрсету немесе олардың өмiрiне, денсаулығына, мүлкiне қол сұғу, прокурордың қызметтiк мiндетiн орындауына кедергi келтiретiн басқа да әрекеттер заңда белгiленген жауапкершiлiкке әкелiп соғады.

3. Прокурор жасаған әкiмшiлiк құқық бұзу фактiсi туралы хабарды кез келген тексеру прокуратура органдары өкiлдерiнiң қатысуымен жүзеге асырылады.

4. Қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, прокурорды әкiмшiлiк жолмен ұстауға, жеке басын тексерiп қарауға, оның заттары мен п