Загрузка...

Порталдың ғылыми-әдістемелік-ұйымдастыру жұмысының бағыттары

Загрузка...

Бүгінгі таңда білім саласы ауқымды, маңызды реформаларды жүзеге асыруда. Қазіргі мектеп ертеңгі 12-жылдық жалпы білім беру табалдырығында тұр. Осыған орай, бүкіл Қазақстан мектептері қызметкерлерінен ізденімпаздық, шығармашылық жұмыс, жаңашылдық, жауапкершілік, төзімділікті талап етуде.
  Жеке тұлғаның және оның ортасының психо-медико-педагогикалық ерекшеліктері, жанұя жағдайын зерттеп, олардың қиыншылықтарын, қажеттіліктерін, дау-дамай жағдаяттарын, мінездегі ауытқушылықтарын анықтап, оқушы мен тәрбиеленушілерге уақтылы психо-әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету және психологиялық-әлеуметтік-педагогикалық қызметтің міндеттерін, формаларын, әдістерін, баланың жеке-типологиялық және әлеуметтік проблемаларын анықтау жұмыстарына қолдау көрсетудегі ғылыми-әдістемелік-ұйымдастыру жұмыс бағыттары:
» Облыс мектептерінде психо-әлеуметтік қызметтің өз дәрежесінде жүруіне септігін тигізу үшін педагогика-психология кафедрасының жанынан ресурстық орталық құру;
» Мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтарының біліктілігі мен шеберліктерін арттыру мақсатында курстар, тақырыптық семинарлар өткізу;
» Жергілікті жерде (аудандық) мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтардың әдістемелік бірлестігін құру;
» Аудандық, қалалық білім бөлімінің жетекші әдіскерімен байланыс орнату;
» Инновациялық порталдың толыққанды жұмыс істеуі үшін шығармашылық топ құру;
» Озық тәжірибе мен тәжірибелі мамандар (білім мекемелерінің психо-логтары мен әлеуметтік педагогтары) еңбектерін облыс көлеміне тарату;
» Білім саласындағы реформаларға сәйкес дер кезінде әдістемелік нұсқау және жинақтарды мемлекеттік және ресми тілде шығару;
» БҚОПКБА және ҚДИ сайты арқылы виртуалды психо-әлеуметтік қызмет жұмысын жолға қою;
» Облыс және қала бойынша тірек мектептерімен қарым-қатынасты нығайта отырып, әлеуметтік-психологиялық қызметтің практикалық үлгі базасына айналдыру;
» Білім мекемелерінің психологтары мен әлеуметтік педагогтарының мәртебесін көтеру мақсатында түрлі ғылыми конференциялар, оқулар, сайыстар т.б шараларды ұдайы өткізу;
» Білім мекемелерінің психологтары мен әлеуметтік педагогтарының басты кәсіби қиыншылықтары мен кедергілерін нақтылап, тақырыптық семинар, кеңестер өткізу;
» Облыс бойынша білім мекемелеріне енгізілген жаңа маман-әлеуметтік педагогтың жұмысын жолға қою және ұжымның, ата-ананың, жалпы жұртшылықтың жағымды көзқарасын қалыптастыруға себепкер болу;
Қабілетті және дарынды балалармен жұмыс қоғамда, мемлекеттік деңгейдегі басым бағыттар санатында көрінеді. Қазақстан Республиканың «Білім туралы» Заңы міндеттердің бірі ретінде «тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, жеке тұлғаларды дамыту үшін жағдайлар жасау жолымен интеллектіні байыту» қарастырылады. Қазақстан Республикасында дарынды балаларды анықтау, қолдау және дамыту Концепциясының материалдары «баланың қабілеті мен талантының тек өзі үшін ғана емес, сонымен қатар, жалпы қоғам үшін де» толығымен ашылу маңыздылығын анықтайды.
Балалардың интеллектуалды қабілеттерін анықтау және дамыту үрдісі Орталықтың құрылымдық бөлімшелерінің әрбіреуінде бірегей білім беру ортасын құру арқылы жүзеге асады. Нақты ортаның компоненттері болып төмендегілер табылады:
1. Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқытудың білім беру технологиясы. Дамыта оқыту технологиясының негізіне әрекеттік әдіс жатады. Бұл әдіс 12 жылдық жалпы орта білім берудің Концепциясында көрсетілген. Дамыта оқытудың негізгі әдісі болып оқу іс-әрекеті табылады, оның әрбір жас сатысына қарай өзіне тән түрлері болады: бастапқы білім беру сатысында – ұжымдық-бөлу, негізгіде – жобалық, жоғары мектепте – жекелей. Дамыта оқытуда бала өзін-өзі өзгертетін субъект болып қалыптаса отырып, өзінің қабілеттерін толығымен ашып, көрсете алады, өйткені нақты жүйе білім алу үшін қажетті құралды — оқи білу мүмкіндігін береді.
2. Оқыту мен тәрбиелеудің психология-педагогикалық шарттары, олардың арасында педагогтың жеке тұлғасы, оқытудың дифференциациясы, бала тұлғасын дамыту үшін ұсынылатын мүмкіндіктердің әртүрлілігі, мектепке дейінгі балалар мен мектеп оқушыларының сабақтан тыс әрекеттерінің өсуі ерекше көрінеді.
Қабілетті және дарынды балалармен жұмыс педагогтың тұлғалық және кәсіби қасиеттеріне нақты талаптар қояды. Орталықта қабілетті және дарынды балалармен әрекеттік түрде жұмыс істейтін педагогтың үлгісі жасалған. Нақты үлгі негізінде педагог әрекеттерін зерделеуді, олардың педагогикалық қарым-қатынастарының стилін, құндылық бағдарлар мен кәсіби біліктіліктерін дамыту деңгейлерін өз құрамына енгізетін педагогтың кәсіби компетенттілік мониторингісі жасалып, іске асырылады.
Мониторингтердің қорытындылары негізінде Орталықта педагогтардың кәсіби компетенттілік деңгейлерін арттырудың толық жүйесі құрылды. Оларға өздерін-өздері білімдендіру, МӘҰ, кафедра, зертхана, ғылыми-әдістемелік кеңестер, семинарлар мен ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу жатады.

Загрузка...