Полимер ерітінділерінің түрлері

Сонымен, еру дегеніміз – термодинамикалық тұрақыт гомогенді жүйе түзетін өздігінен жүретін процесс. Полимер өздігінен ерігенде мынандай процестер жүреді: еріткіш молекуласы полимерлер қаңқасына диффузияланады, еріткіш молекулалары макромолекуланың активті орталықтарында сольваттанады, сольваттану нәтижесінде молекуладан ірі құрылым ыдырайды және молекулааралық әрекеттестік әлсірейді, шекті сольваттанған макромолекулалар ісінген полимер бетінен бөлінеді, сольваттанған макромолекула полимерден ерітіндіге диффузияланады. Ерудің міндетті шартты – компоненттер араласқанда еркін энергияның азаюы.

Полимерлердің еріткіштерде ісінуі мен еруі функционал топтар мен атомдардың әрекеттесуіне байланысты, осының нәтижесінде донорлы – акцепторлы және басқа байланыстар түзіліп, макромолекула мен еріткіш молекулалары арасында тұрақты комплекс пайда болады. Мысалы, ароматикалық полимерлер бензол сақинасындағы π – электрондарының қозғалғыштығының салдарынан ароматикалық немесе хлоры бар еріткіштермен π – комплекстер түзеді. Еру (ісіну) процесі компоненттер бір – бірімен араласқанда ғана жүреді, яғни олардың арасында термодинамикалық ынтымақтықтың болуына байланысты. Еріткіштердің полимерлерге деген термодинамикалық ынтықтықтың болуына байланысты. Еріткіштердің полимерлерге деген термодинамикалық ынтықтық дәрежесіне қарай олар полимерлермен термодинамикалық ынтықтық дәрежесіне қарай олар полимерлермен термодинамикалық сыйысатындар және сыйыспайтындар болып бөлінеді.