Педагогикалық мониторинг

Сабақ жоспары:

  1. Педагогикалық мониторинг ұғымы, оның зерттеу қызметіндегі мәні мен орны.
  2. Ғылыми ақпаратты жіктеудің қысқаша сипаттамасы.

1. Педагогикалық мониторинг — жасалған жұмыс нәтижесі және баспа құралдары монографиялар, диссертациялар, журналдағы мақала және жарияланымдар арқылы педагогикалық объектінің, құбылыстың күйжайын зерттеу.

Баспа құралдары:

а)Монографиялар. Бұлардың қатарына мәселені жан-жақты қарастыратын еңбектер жатады. Белгіленген ереже бойынша мұндай монографияның көлемі 100 беттен тұрады (шығарылады). Еңбектің негізгі әдістемесі мәтінді мұқият талдау, дәйек сөз жазу, библиография және оның заттың көрсеткіштерін мұқият тексеруден өткізуге негізделген.

б)Журналдағы мақалалар мен жинақтар. Әр түрлі басылымдардағы жаңа жарияланымдарды жүйелі түрде тексерістен өткізу маңызды. Мысалы, «Халықтық
білім,   Ауыл мұғалімі,   Педагогика басқалар.

в)Ғылыми мақалалар. Олар әдетте мәселені зерттеуде проблемалық сипатқа ие нәтиже болып табылады. Оларда жаңа мәліметтер басылып шығады, мәселе терең
және жан-жақты қарастырылады.

г)Диссертациялар. Бұл — мәселені ұзақ уақыт зерттеуді жан-жақты баяндайтын ғылыми еңбек нәтижесі. Диссертацияда түсініктеме ақпараты беріледі, мәселені қыптану логикасы ашылады экспериментті жұмыстың нәтижесі бейнеленеді. Диссертацияның қысқаша мазмұны авто реферат түрінде бекітіледі.

2. Педагогикалық мониторинг тек ақпарат жинақтауға ғана қажетті емес, сонымен қатар жинақталған материалдарды өңдеуге де қажет. Ғылыми ақпаратты жіктеу әдістемесіне мыналар кіреді.

а) Материалдарды карточкаларда белгілеу. Библиотекалық типтегі карточкаларда материал көздері мен қысқаша мазмұны көрсетіледі; басылғыш уақыты мен орны, аты, авторы, дерек көздерде қарастырылатын мәселелер енеді.

б) Түсініктемелік жазбалар. Мұнда материал көздерінің мазмұнына, жүргізілетін жұмысқа нақты және қысқаша сипаттамалардың нәтижелері суреттеледі.

в) Тезистік конспектілеу. Мұнда өткізілген жұмыстардың материал көздерімен логикалық бірізділіктегі асты идеяларды жазып, конспектілеу.

г)Рефераттау — зерттеу еңбегінің қысқаша логикалың мазмұны. Бұдан басты идеялар туындайды, берілген деректер бағаланады, өзінің зерттеу материалына қатынасы анықталады.

д) Дөйексөздеу — бұл конспектілеудің бір түрі: барлық шығу деректері көрсетілген дереккөздің нақты шығарылымы. Дөйексөздеу өз көзқарасын бекітуге немесе автор көзқарасы сынына қажет.