Партиялық жүйе

Партиялық жүйе — азаматтармен, мемлекетпен, өзара және басқа саяси институттармен әрекеттесуші әрі осы қоғамда қандай да бір деңгейде саяси-билік қатыстарына араласушы партиялардың жиынтығы; қоғамнын саяси жүйесінің кұрамдас бөлігі

Партиялық жүйе партиялардың ресми санымен емес, олардың қаншалықты дәрежеде саяси биліктің қызмет етуі және құрылуы тетігіндегі шынайы атқаратын рөліне байланысты анықталады. Партиялық жүйенің қалыптасуына бірқатар факторлар әсер етеді: қоғамдағы экономикалық даму деңгейі, әлеуметтік- таптық күштердің арақатынасы, қоғамдық қатынастардың пісіп-жетілу дәрежесі, халықтың этникалық қүрамы, тарихи және діни дәстүрлер және т.б. Демократиялық саяси тәртіпке саяси партиялардың қызметі ресми шектелмеген көппартиялық жүйе тән. Алайда, көппартиялық жүйелердің нақтылы құрылымы әр елде әрқилы. Осылайша, Жапония мен Италияда бір үстем партиямен көппартиялық жүйе қалыптасты.Жапонияда тек 1993 ж. ғана билік басындағы үстем либералды-демократиялық партияны бірнеше партиялардан қүралған одақ (коалиция) алмастырды. АҚШ, Англия, Канада және т.б. бірқатар елдерде анағұрлым ықпалды екі партия бар партиялық жүйе қалыптасқан. Авторитарлы саяси тәртіпке әдетте бірпартиялық принцип тән. Мұнда елдегі заңды жағдайдағы партиялардың ресми саны емес, бір партияның занды түрде билеуші үстем партия болып бекітілуінде. Ӏс жүзінде бұл партияның рөлі мемлекет жетекшілігіне бұқаралық қолдауды ұйымдастырумен шектеледі. Бірқатар авторитарлық тәртіптер ресми мойындалған нақтылы екі немесе одан да көп партияларға рұқсат беріп, қалғандарына тыйым салады. Бірақ осы жағдайда рұқсат етілген партиялардың қызметі едәуір шектеледі. Саяси өмірде олар қосалқы рөл атқарады, өйткені шынайы мемлекеттік саясатқа ықпал ете алмайды. Тоталитарлық саяси тәртіпке өзіндік партиялық жүйе тән. Мұнда тек қана бір саяси партия қызмет етеді, қалғандары таратылып, тыйым салынады. Алайда, авторитарлыққа қарағанда бұл саяси партия мемлекеттік биліктің басында түрады, қоғамда үстемдік етеді. Пар¬тияның аппараты мемлекеттік аппаратпен біте қайнасып жатады. Бұл, әдетте партиялық және мемлеттік қызмет шекарасының шайылуына әкеліп соқтырады. Мұндай жүйелердің пайда болуына билікті жүзеге асырудың демократиялық әдістерінің дағдарысы себеп болады. Қазіргі кезде мұндай жүйелер халықаралық қауымдастық алдында және сол қоғам пікірінде өздерін әшкерелеген құрылымдар ретінде саяси сахнадан шығып қалуда. 

                         Саяси партиялардың тегі.

Партиялар мен партиялық жүйелер қазіргі көптеген дамыған қоғамдарда саяси жүйенің негізгі элементтері болып табылады. Саяси партиялардың тегі ежелгі замандардан басталады. Олар құрамы бойынша шамалы және тар ауқымда тіпті Ежелгі Грекияда болды. Бастапқыда олар аристократиялық  саяси үйірмелер мен клубтар ретінде болды, олардың қатысушылары билік және билікке ықпал ету саласында өзара бақталасты. Қазіргі мағынасындағы саяси партиялар алғаш Еуропада пайда болды, кейіннен әлемнің басқа аймақтарына таралды. Алғашқы көпшілік (массовые) партиялар Англияда (либералды-1861ж.), Германияда (Жалпы Герман Жұмысшылар Одағы -1863ж.) пайда болды. ХХІ ғасырдың соңында бұқаралық партиялар негізінен социал – демократиялық бағыттағы партиялар Батыс Еуропаның көпшілік елдерінде қалыптасты.Саясаттанушылар көпшілік саяси партиялардың пайда болуының негізгіекі себебін атайды:

Саясатқа қатысу саласын елеулі түрде кеңіткен жалпыға бірдей сайлау құқығының таралуы.

Тап тартысы, жұмысшы табының ұйымдық дамуы, ол өз партиясын құра бастады.Оған қарсы саяси партиялар да пайда болды.

Өркениет жетістіктерінің бірі ретіндегі саяси партиялар қоғамдық-саяси өмірдің қажетті институты болып қала беруін жалғастыруда.Уақыт өткен сайын мынадай мәселенің пікірталасқа айналғаны шындық: бізге партиялар керек пе әрі қазіргідей көп санда, мысалы Ресейдегідей, Қазақстандағыдай ?

Өзінің өркениетке жатпайтын әдісімен саясат ағымының «қайығын тербететіні» жасырын емес.Бұл бір жағынан.Ал екінші жағынан қоғам осындай саясаттың ұжымдық субъектілерінсіз не күте алады? Тарих мемлекет пен қоғамның арасында осындай байланыстырушы, делдал буын болмаса, биліктің (әсіресе төтенше жағдайлар кезінде) бонапарттық режимге өтіп кетуі мүмкіндігін көрсетті. Тап осы партиялық құрылымдардың азаматтық қоғамды мемлекеттің «семіртіп» жіберуіне кедергі жасайтын әлеуметтік тканнің органикалық өсуіне жағдай жасайтынына тәжірибе дәлел болады.Сонымен, саяси партиялар қазіргі қоғам өмірінде елеулі рол атқаруға арналған. Саяси партиялар – бұл кез келген дамыған саяси жүйенің қажетті элементі.

                           Саяси партияның мәні.

Кез келген саяси партияның мәні оның кімнің мүддесін қорғайтынында, білдіретінінде. Саяси партия белгілі бір экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа мүдделердің саяси, мемлекеттік деңгейдегі өкілдігі болып табылады. Бұл оның жеке, кәсіптік, корпоративтік, аймақтық, яғни тар мүдделерді білдіретін әртүрлі қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардан ерекшелендіретін басты айырмашылығы. Саяси партияның мәні оның функцияларынан көрінеді.

Саяси партияның функциялары:

Мүдделерді білдіру функциясы, яғни ірі әлеуметтік топтың мүдделерін анықтау, қалыптастыру және негіздеу.

Ірі әлеуметтік топтарды активизациялау және интеграциялау функциясы.

Саяси идеология мен саяси ілім қалыптастыру.

Қоғамның саяси жүйесін қалыптастыруға қатысу.

Мемлекеттік билікті жүзеге асыруға қатысу.

Қоғамдық пікірді қалыптастыру.

Тұлғаны саяси әлеуметтендіру функциясы.

Мемлекет, кәсіподақтар, қоғамдық ұйымдар үшін кадрлар даярлау және өсіру.

Сөйтіп, саяси партия – индивидтің еркін дамуын іске асыру үшін ұмтылатын саясатпен үздіксіз байланысы.

Саяси партиялар қандай критерийлер бойынша жіктеледі?

Өйткені алғашқы көпшілік партиялар ХІХ ғасырда антагонистік таптардың ұйымдық дамуына және таптық күрестің ширығуына байланысты пайда болды, яғни ұзақ уақыт бойы таптық критерий негізгі болды. Қазір ол сирек қолданылады, өйткені қазіргі қоғамның нақты таптық құрылымы ХІХ ғасырға қарағандабіршама күрделірек. Саяси партияларды жіктеу мынадай критерийлер бойынша жүзеге асырылады:

қызмет ету ортасы критерийі бойынша – моноорта (өзі мүддесін білдіретін бір әлеуметтік ортадағы қызмет); аралық (қызметі олардың біруіне ғана емес, басқа да әлеуметтік қауымдарға ықпал етуді іздестіруге бағытталған); бұқаралық , жалпы (жалпы халықтық ортаға бағытталған);

саяси жүйедегі ролі бойынша (жария және жабық). Олар: билікке ашық күреске (оппозициялық), оны жүзеге асыруға және нығайтуға (билеуші); сайлауға қатысуға (яғни «қызмет көрсетуші» немесе сайлау функцмялары – функциясы біреу ғана – сайлауларға қатысу) бағытталған;

функциялары бойынша («сайлау» деп аталғандардан басқа парламенттік партиялар – көптеген партиялық функцияларды оған қоса парламенттік қызметті іске асырады);

ілімнің сипаты мен идеологиялық бағыты бойынша: революциялық (қоғам өмірін сапалы қайта құруға ұмтылатын); реформалық (қоғамды елеулі сандық қайта ұйымдастыруға бағытталған, бірақ оның негізгі құрылымын сақтап қалады);консервативті (қазіргі әлеуметтік жағдайдың негізгі сипаттамаларын тұрақты сақтауға ұмытылатын); реакциялық (мақсаты – қоғам дамуының алдыңғы кезеңдерінің құрылымдарына ішінара немесе толықтай оралу);

ұйымдық құрылымының критерийі бойынша: орталықтандырылған (бірыңғай бағдарлама, күшті басшылық, тәртіп және сатылылық): орталықсыздандырылған (саяси өмірде тұтас ұйымға ұмтылмайтын тұрақты мүшеліксіз); кадрлық (аз санды, активтер арқылы әрекет етеді –кәсіпқой, сол секілді қоғамдық); бұқаралық (өз қатарында осы партияға тұрақты дауыс берген азаматтардың кемінде 10 пайызы бар, басшылықты кәсіпқой саясаткерлер жүзеге асырады, негізгі қаржыландыру көзі – мүшелік жарналар).

              Партиялық жүйелер және олардың типологиясы.

Болашақта өз қызметінде өзара байланысты саяси партиялар партиялық жүйе құрады, ол олардың еңберінде – партиялық коалиция құрады.

Партиялық жүйе – бұл өз алдарына қойған мақсаттарын жүзеге асыруға ұмтылатын партиялардың күресу механизміне ынтымақтастығы.

Партиялық жүйелер:

бір партиялық;

екі партиялық;

көп партиялық.

Бір партиялық жүйе тоталитарлық және авторитарлық жүйеге бөлінеді.Бір партиялық жүйеде, әдетте, партия мемлекеттік аппаратпен тұтасып кетеді және партияға тән емес билік функцияларын орындай бастайды. Нәтижесінде бюрократияландыру жүреді, билікке сайлаушылар тарапынан демократиялық бақылау әлсірейді, ал сайлаудың өзі формалды сипат иеленеді.Бұған 1903 жылы пайда болған Ресей социал-демократиялық жұмысшылар партиясы (РСДЖП) Кеңес Одағының коммунистік партиясы (Кокп) мысал бола алады. КСРО-да жазылмаған ереже бойынша басқару құрылымына елдегі жалғыз партия болған және Конститутция бойынша саяси жүйенің негізгі болған КОКП мүшелігінде болмаған адам тағайындалмайды.

Қос партиялық жүйе билікте бір немесе екі партияның өзгермелі болуымен ерекшеленеді (негізінен бір-бірін ауыстырады). Мұндай жүйе, мысалы, АҚШ-та қалыптасты, билікте негізгі екі партия-Республикалық және Демократиялық партиялар бір-бірін ауыстырады. Осы екі партияның арасында шын мәнінде түбірлі саяси айырмашылық жоқ. Олар саяси сахнада бір мезгілде дерлік пайда болды: Демократиялық партия (ДП) 1828 жылы, ал Республикалық партия (РП) 1854 жылы. Демократиялық партияның да, Республикалық партияның да тұрақты бағдарламасы жоқ. Белгілі бір кезеңде мұндай  бағдарлама сайлау тұжырымдамалары болып табылады. Бір-бірімен бәсекелесе отырып, республикашылар да, демократтар да барлық деңгейде билік үшін күрес жүргізеді. Олардың өзгешелігі мынандай көрінеді. Бұл елде партияларда тұрақты басқару құрылымдары, тәртіптері, тұрақты мүшелігі болмастан, небәрі сайлауға байланысты жанданып, қосалқы роль атқарады. Партия мүшелірінің саны осы партияның президент  сайлауына ұсынған кандидатына берілген дауыстар санына қарай анықталады.

Саяси партиялар әрбір штатта таңдаушылар алқасына мүшелер тізімін жасайды, олар Президенттіке өз кандидатын қолдайды және олардың саны осы штатқа таңдаушылар алқасында берілген дауыстар санына тең болады.

Қазіргі көпшілік американдықтар Демократиялық партияны либералды деп санайды, мұнда олар демократтардың федералдық үкіметтен және штат билігінен белсендірек әлеуметтік саясат жүргізуді, мұқтаж жандарға: кедейлерге, жұмыссыздарға, білім алуға қаражаты жоқ студенттерге әлеуметтік және эконимикалық даму бағдарламасын ұсынуды талап етеді деп есептейді. Мұндай беделді демократтар 30 жылдардың өзінде, «алапат дағдарыс» кезеңінде алған еді. Президент Фраклин Рузвельт жариялаған «Жаңа бағыт» саясатын жүргізе отырып, демократтар халықты бөгеттер, жолдар және қоғамдық ғимараттар салуға жұмыспен қамтитын үкіметтік бағдарламалар ұсынды. Олар басқа да көптеген бағдарламалар енгізді, атап айтқанда қарттығы және еңбекке жарамсыздығы бойынша ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақымен қамтамасыз ететін әлеуметтік сақтандыру бағдарламасын ұсынды.

Республикашылдар жеке кәсіпкерлікке көбірек сүйенеді және демократтарды мемлекеттік аппартты ұстап тұруға өлшеусіз шығыстар үшін және жеке бастаманы шектейтін заңдарды көп шығарғаны үшін жиі айыптайды. Олар көптеген әлеуметтік бағдармалар салық төлеушілергетым ауыр тиеді және оларды қаржыландыру қажеттілігінен туындаған салықтардың өсуі барлығының мүдессіне салмақ түсіреді деп есептейді. Сондықтан американдықтардың белгілі бір бөлігі Республикалық партияны консервативтірек деп есептеуге бейім.  Қос партия да американ қоғамының бүкіл талаптарынан көптеген жақтастарын тапқан және саяси көзқарастардың ауқымды шеңберін көрсетеді.

АҚШ Конгресіне республикашылардан да (оларда дауыстар саны едәуір молырақ), демократтардан да өкілдер сайланған.
Өз заманында АҚШ Президенті лауазымен ДП-дан Франклин Рузвельт, Гарри Трумэн, Джимми Картер және басқалары иеленді. ДП-ны Ұлттық комитет басқарады, оны Консультативтік комитет сайлайды. 4 жылда (толық жылда) бір рет партияның сьезі өтеді, онда президент және вице-президент лауазымына кандидаттар ұсынылады. ДП-ның саяси орталығы-Нью-Йорктегі Таммани-холл. Партияның эмблемасы-есек. ДП-ның саясатын көрсетін негізгі баспасөз органы: «Нью-Йорк тайме», «Вашингтон пост», «Ньюс-уик» жарналы және басқалары.

Республикалық партиядан әр жылдарда АҚШ Президенті лауазымында Дуайт Эйзенхауэр, Ричард Никсон, Рональд Рейган, Джорж Буш және басқалар сайланды. РП-ны өз құрамынан Атқару комитетін сайлайтын Ұлттық Комитет  басқарды, ол барынша маңызды мәселерді шешеді және Ұлттық комитетке ұсыныстар береді. Сьездері 4-жылда (толық жылда) бір рет өтеді. Онда президент және вице-президент лауазымына кандидаттар ұсынылады. Партияның эмблемасы-піл. РП-ның баспасөз органы-«Лос-анджелес тайме», «Юнайтед Стейтс ньюс энд уорлд рипорт» апталығы және басқалары.

Қос партияның спектрі барынша кең, Конгрестің сол бір топқа жататын барлық мүшелері не сайланған өкілдері бар мәселеде бір-бірімен тіпті де келісе бермейді.Республикашылардың көптеген тұжырымдамаларын бөлісуге бейім консервативті демократтар да бар, демократтардың тұжырымдамаларын жиі бөлісетін либералды республикашылар да бар. Көзқарастардағы мұндай айырмашылықтар осы немесе басқа заң бойынша дауыс беру кезінде жиі пайда болады.Демократтар да, республикашылар да осы партиялардың лидерлері шақырғандай жиі дауыс бере бермейді. Олардың көзқарастары, немесе олардың өздері білдіретін адамдардың көзқарастары партия көзқарасынан басым тұрады.

                Қазақстан Республикасында көп партиялық қалыптасу мәселелері.

ТМД елдері үшін қоғамдық қозғалыстарды саяси партияларға түрлендіру үрдісі тән. Демократия билікті жүзеге асыру формасы ретінде қоғамда міндетті әртүрлі мүдделердің болуын көздейді, сондықтан көп партиялылықтың болуы соған ғана тән. КСРО құлап, саяси сахнадан КОКП кеткеннен кейін Қазақстан Республикасында көп партиялықтың қалыптасуына нақты мүмкіндіктер пайда болды.Елде идеологиялық және саяси алуан түрлілік конституциялық тұрғыдан мойындалды.(6-баптың 1-тармағы).

Қазіргі кезде республикада 30-ға жуық қоғамдық-саяси қозғалыс жұмыс істейді, 2004 жылғы 15 тамызда Әділет министрлігінен 12 саяси партиясының жарғысы тіркеуден өтті. Қазақстандық қоғамтанушылар мынадай типологияны ұсынады:

социалистік бағдардағы партиялар;

ұлттық –демократиялық типтегі партиялар;

жалпы демократиялық бағыттағы партиялар.

Қазақстандық саясаттанушылар (Р.Сартаев) атап көрсеткендей, елде партиялардың пайда болу процесі негізінен екі түрлі жолмен жүрді: «төменнен» және «жоғарыдан» — екі нұсқамен (партияны биліктің құруы, не адамдардың беделді тобы, негізінен депутаттар).Біздің елдегі көппартиялылықтың үш кезеңі бөлінеді:

1-кезең: 1987-1989 ж.ж – пікірталас клубтарының, тарихи – ағарту қоғамдарының, азаматтық бастамалар қозғалыстарының және т.б пайда болуы;

2-кезең: 1990-1994 ж.ж – 1990 жылғы 9 қазанда «Қоғамдық бірлестіктер туралы» одақтық Заңның, ал 1991 жылы қазақстандық осындай заңның қабылдануына байланысты протопартиялық құрылымдардың тармақталуының басталуы.

3-кезең: 1994 жылдан басталды, саяси партиялар алғаш рет елдің барлық деңгейдегі өкілдік органдарына сайлауларға қатысуға мүмкіндік алды.

4-кезең: партиялық тізім бойынша дауыс берудің енгізілуімен басталды.

ҚР-ның қос палаталы Парламентіне бірінші сайлау кезінде (1995ж.желтоқсан) Қазақстанның Халық  бірлігі Партиясы барынша көп дауыс санын ала алды (24 адам, оның 1 партия мүшесі). Осы съезде негізгі құжаттары – бағдарламасы мен жарғысы қабылданды. ҚР-ның Әділет министрлігінде 1995 жылы 7 желтоқсанда тіркелді. Қазіргі кезде бұл партия өзін — өзі тарату туралы мәлімдеп (1999 жылғы  27 ақпан),Демократиялық партия, Либералдық қозғалыс және « За Казахстан – 2030» секілді жаңадан құрылған «Отан» партиясына кірді. «Отан» партиясы төрағасының міндетін атқарушы – Амангелді Ермегияев.

Сөйтіп, Қазақстанда тиісті мекемелерде қажетті тіркеу рәсімдерінен ресми өткен республикалық саяси партиялық ұйымдардың салыстырмалы түрде шамалы саны жұмыс істейді. Өзінің қоғамдық-саяси қызметін мәлімдеген көптеген ұйымдар өз электоратын іздестіруді жалғастыруда, өтпелі кезеңдегі қоғамның саяси жүйесінде өзінің тиісті орнын алуға және өз функцияларын нақты орындауға мүмкіндік беретін тұжырымдамаларын қалыптастыруда. 2004 жылдың күзінде ҚР-ның 12 саяси партиясы өзінің маңызды функцияларының бірі ретінде партиялық тізім бойынша Парламент Мәжілісіне сайлауларға қатысты.