Озон қабатының шығу тарихы

Озон қабатының шығу тарихынан бастап бүгінгі күнге дейінгі жағдайына қарап отырып, оның әр уақытта әр түрлі болатындығын аңғаруға болады. Және соңғы ғасырдағы техника мен технологияның, ауыл шаруашылығы мен көлік қозғалыстарының күрт артуы тек қана ғаламдық жаппай жылынуды ғана емес, сонымен бірге көзге көріне бермейтін табиғи апаттарды да тудырып отыр. Солардың бірі жоғарыда толық тоқталып өткен озон қабаты мен оның жұқарып, тесілу процестері.

Осыдан 25-30 жылдай бұрын бастау алған озон қабатын қорғау шараларының нәтижелері бүгіндері көрініп жатыр. Оң нәтижелер баршылық. Адамзат техникалық дамумен бірге қоршаған ортаны қорғау саясатына да баса назар аударуда. Әсіресе, алдыңғы қатарлы дамыған елдерде бұндай жағдайлар өте жоғары деңгейлерде ұйымдастырылуда. Зерттеу жұмыстары мен кең ауқымды жұмыстар осындай елдердің еншісінде екені анық. Солардың көмегімен бәрімізге ортақ Жер планетасын апатты жағдайлардан құтқарар күннің туары алыс емес секілді.

ІV.Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Табиғат тынысы» газеті, №22(42) – саны,  «таным» айдары 5 – бет, 29 желтоқсан, 2012 жыл
  2.  Ә.Бейсенова,«Экология және табиғатты тиімді пайдалану».
  3.  Ж.Жатқанбаев,«Экология негіздері».
  4.   Ж.Ақпасова,«Экология».
  5.  Қуатпаев,«Жалпы Экология».
  6.  Интернет желісі