Озон қабатының орналасуы мен ондағы процесстер

Озон қабаты — стратосфераның бір бөлігі. Ол— озоносфера қабаты, 15–50 км биіктікте болады. Экватордан полюстерге қарай озон қабаты қалыңдап отырады. Бұл қабатта энергияға бай күннің ультра-күлгін сәулелері O2 формасындағы оттегіні O3 формалы озотқа айналдырады (3 O2 > 2 O3). Ультра-күлгін сәулелердің толқын ұзындықтарына байланысты (175—200 нм, кейде 242 нм-не дейінгі аралықтағы толқын ұзындығы)

кейде озоннан O2 формасындағы оттегі қайта түзіледі (2 O3 > 3 O2). Аталған екі реакция (процесс) да ультра-күлгін сәулелердің энергиясының көмегімен іске асады. Озон қабатын үнемі екі процесс арқылы толықтырып тұратын цикл Озон-Оттегі циклі деп аталады. Озоннан оттегі, оттегіден озон түзетін химиялық рефкцияны1930 жылы Сидней Чэпман ұсынды. Соның құрметіне Чэпман механизмі деп аталады. Озон қабатының ең тығыз бөлігі 20-25 км биіктікте орналасса, көлемі ең үлкен бөлігі 40 км биіктікте орналасады.

Егер бүкіл озон қорын жинап алып жердегі қалыпты жағдайдағы қысыммен (pn = 101.325 Pa = 101.325 N/m? = 1013,25 hPa = 101,325 kPa = 1,01325 bar) қысатын болсақ, онда небары 3-4 мм болатын жіңішке қабатты озон түзілетін еді (экватор маңында жұқа, полюстерде қалың қабат болады).

Басқа да ауа қабаттарындағы газдармен салыстырсақ (мысалы, оттегі мен азот), олардың сығылғандағы биіктігі 8 км болар еді.