Оқиға болған жердегі қолданудың криминалистикалық-техникалық құралдары мен әдістері

Іздер мен басқа да заттай дәлелдемелерді оқиға болған орнына белгілеп немесе алып, табу үшін тергеуші әртүрлі әдістер мен криминалистикалық техниканың құрылдары қолданылады. Іздер мен басқа да дәлелдемелік маңызы бар объектілерді табу әдістерінің көптеген таратылған түрлеріне мыналар: объектілерді ерекше жарық жағдайда немесе арнайы өзгертілген бұрыштарда: іздер табылған орындарын заттар мен бұлап парлау (мысалы иодтың парларымен), белгіленген іздерді шығару қасиеті бар құраммен; іздердің бөлшектері фондармен немесе заттың іздерімен қосылса, онда оларды сулайды сол кезде іздерді көрінетіндей қылады; әртүрлі оптикалық құралдардың көмегімен объектілерді қарау.

Іздердің белгіленуі және басқа заттай дәлелдемелерін қабылдауы- ол суретке түсіру, бейне жазу іздерінің размерін немесе басқа объектілерін өлшеу, оның жазылымы; схемалық не бояу түрі; объектіні қайта қарау, осы іздерді сақтау мен белгілеу мақсатында, іздердің копиясын түсіру; оқиға орнындағы іздерді затпен немесе заттың бөлігімен бірге іздерді алу немесе олардың орнынан басқа орынға ауыстыру.

Оқиға болған жерді қарауда тергеуші арнайы криминалистикалық техникалық құралдарды қолданады. Арнайы құралдарға негізінде кіреді: оперативтік және тергеулік чемодандар, сумкалар, портфельдер. Кейде криминалистикалық техникалық құралдар арнайы автомашиналарда, оқиға орнына баратын- қозғалатын криминалистикалық лаборотория болады.

Іздермен жұмыс істейтін тәсілдерден басқа әртүрлі құралдар кіреді, жарықтандыратын құралдар, оқиға орнындағы объектілерді алатын материалдар кіреді. Оқиға орнындағы объектілердің мінездеріне байланысты тергеуші әртүрлі аппараттарды қолдана алады, мысалы: жүргізілетін рентгендік аппарат, кварцттық лампаны, мәйіттерді іздеу үшін арналған құралды. Ауыр криминалистикалық техниканы қолдануда тергеушіге маман криминалист көмек көрсетеді, негізінде ішкі істер органдарының криминалистикалық бөлімшелерінің қызметкерлері немесе басқа криминалистикалық мекеменің қызметкері болады