“Оғыз қаған” дастанының тарихилығы

Оғыз қаған” дастанының тарихилығы туралы қазақша реферат

Оғыздар Х ғасырдың аяғында орыс княздарымен бірігіп, хазарларды, Еділ Бұлғариясын да жеңеді. «Оғыз қаған» жырындағы Ұрыс (Русь)  бекпен достық қарым-қатынаста болуы осы оқиғаның ізі болуы мүмкін. Жырда Үрім қағанды (Византияны) жеңіп т.б.  жауларын бағындырып, Қытай жеріндегі таңғұт, шүршіт, сынду жұрттарын, масар, барақаларды өздеріне қаратып, еліне жеңіспен қайтып оралғаны айтылады.

“Оғыз қаған” дастаны – түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін генеалогиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын эпостық туынды. Жырдағы Оғыз қаған жорықтары VIII-X ғасырдағы Қазақстан жеріндегі ру-тайпалардың орналасу жүйесінен де хабар береді.