Нарықтың пайда болуы мәні және принциптері курстық жұмыс

ЖОСПАР

Кіріспе

1. Нарықтың пайда болуы мәні және принциптері…….4
2. Нарықтық экономиканың даму тарихы және теориясы……..7
3. Нарықтың қызметі және құрылымы………….11
4. Қазақстандағы нарықтың дамуы тарихы……14
5. Нарықтың инфрақұрылымы…….22

Қорытынды…………28
Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Бүкіл тарихтың өн бойында әрбір қоғам мынадай бір іргелі экономикалық проблемаға тап болып отырды: ресурстары шектеулі осынау дүниеде нені және кім үшін өндіру керек? Жиырмасыншы ғасырда бір-бірімен бәсекелес екі экономикалык жүйе (кең мағынасында алғанда) —  орталықтандырылған үкімет басқаратын әміршілдік экономика мен жекеше іскерлікке негізделген нарықтық экономика — бұл сауалға бір-бірімен мүлдем кереғар екі түрлі жауап берді. Бүгінде, жиырмасыншы ғасырдың соңғы он жылдығында, орталықтандырылған, әміршілдік экономикалық пішім, жер-жаһанның қай бөлігінде ірге тепсе де, тұрақты экономикалық өсімді баянды ете алмайтыны, гүлденудің белгілі бір деңгейіне қол жеткізе алмайтыны, тіпті өз азаматтарының экономикалық молшылықта тұруына жағдай жасай алмайтыны айдан анық болып отыр.

Сөйтсе де, нарықтык экономиканың Батыс Еуропадан Солтүстік Америкаға және Азияға дейінгі әртүрлі коғамдарда айтарлықтай табысқа жеткеніне карамастан, осынау балама экономикалық жүйенің іргелі принциптері мен механизмдері көптеген адамдарға белгісіз яки бұлыңғыр күйінде калып отыр. Бұлай болуының бір себебі мынадан: нарықтық экономика дегеніміз идеология емес, адамдар мен қоғамдардың экономикалық молшылықта тұруына бағытталған әдістер мен қалыптардың уақыт сынынан өткен тұтас жүйесі.

Нарықтық экономика өзінің бүкіл болмыс-бітімімен орталықтандырудан икемді, ыңғайлы және өзгеріп отыратын экономика. Мұндағы темірқазық — онда орталық деген атымен жоқ. Нарықтық экономика әркімге ыңғайлы бола алады, бірақ ол жеке бас бостандығының іргелі принциптеріне: тұтынушының бәсекеге түсетін көптеген өнімдер мен қызмет көрсету ішінен өзіне қолайлысын таңдап алу бостандығына; өндірушінің жаңа бір іс бастауына немесе бұрынғы ісін ұлғайтуына, сөйтіп соған байланысты тәуекелге барып, ісі оңға басса, оның зейнетін көру бостандығына негізделген.

Нарықтық экономика адамзаттың  экономикалық тарихындағы салалық   өрлеу.   Себебі   бұл   өнім   өндіруші мәртебесін  жоғалтатын  «сатып   алушы   нарығы». Егер біз  басымдықтың  өнім  өндірушіден   тұтынушыға  немесе сатушыдан  сатып  алушыға  көшуінің  барша    мәнің ұғынар болсақ, онда  қоғамның экономикалық  сатысының жаңа баспалдағын «нарықтық» экономика ретінде сипаттаудың қажеттілігі айқындала түседі. Және оның басқа сипаттамасы болуы да мүмкін емес. Істің мәні мынада, өнім сатушы өздігінен нарықты   құрамайды.  Еркін, өзінің тұтынушылық пайдасын таңдау мүмкіндігіне ие, сатып алушының пайда болуы нақ сондай нарықтың өзін туғызады. Әлбетте жеке адамның ұзақ сөзі емес, екі адамның жауаптасуы, әлбетте «нарықты экономика» деген осы.

 Курстық жұмыс / 30 бет