Мотордың басты бөлшектері

Мотордың басты бөлшектері туралы қазақша реферат

Жылу энергиясын механикалық энергияға айналдыратын механизм – кривошипті-шатунды механизм. Цилиндр ішіндегі қоспаның жанған кезде ұлғайғаны поршеньді төмен қарай ығыстырады. Шатун мен иінді білік осы қозғалысты айналмалы қозғалысқа ауыстырады.

Кривошипті-шатунды механизмге цилиндр, поршень, шатун, иінді білік, маховик және картер кіреді (1.5.3-сурет). Осы механизмнің атқаратын қызметі — поршеньнің ілгерілемелі-кейінді қозғалысы иінді біліктің айналмалы қозғалысын жасатады.

Кривошипті-шатунды механизмнің иінді білігі айналып тұрады, ал оның кейбір бөлшектері ілгерілемелі-кейінді қозғалады (поршень комплектісі). Шатунның қозғалысы күрделі қозғалыс. Шатунның поршень саусағымен қосылған жоғарғы жағы ілгерілемелі-кейінді қозғалып тұрады; иінді білікпен байланысты төменгі жағы айналып тұрады.

Мотор бірқалыпты жұмыс істеп тұрған кезде кривошипті-шатунды механизм бөлшектерінің айналу қозғалысын біркелкі деп санауға болады. Механизмнің ілгерілемелі-кейінді жүріп тұратын бөлшектерінің қозғалысы біркелкі болмайды.

Шектік нүктелерде поршеньнің, шатунның басының жұмыс жылдамдықтары нөлге тең болады, өйткені олардың қозғалыс бағыты осы жерде өзгереді.