Моноклоналды антиденелер курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 5
1.Әдеби шолу 7
1.1 Зерттеу жадығаттары мен әдістері 7
1.1.1 Зерттеу жадығаттары мен әдістері 7

2. Зерттеу нәтижелері 9
2.1 Зерттеу нәтижелері 9
2.1.1 Туберкулез антигенін алу және олардың сипаттамасы 9
2.2.2 Mycobacterium tuberculosis ультрадыбысты дезинтеграты мен липолосахаридті антигенінің моноклоналды антиденелерді өндіретін гибридті жасушалар штамдарын алу 9
2.2.3 Адам туберкулезінің серологиялық балауында моноклоналды антиденелерді қолдана отырып ИФТ және ИФР әдістерін қою 15

ҚОРЫТЫНДЫ 22

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 24

КІРІСПЕ

     Тақырыптың өзектілігі: Адам туберкулезі аса маңызды медициналық – әлеуметтік проблема болып табылды. Бұл ауруды ғалам тұрғындарының үштен бірі жұқтырған. Жыл сайын әлемде туберкулезге шалдыққан 9 миллиондай жаңа науқастар мен 2 миллиондай адамның өлімі тіркеледі. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы туберкулезді адамзат үшін ғаламдық қатер деп жариялады және бұл проблеманы шешу үшін барлық елдердің үкіметтерін жедел шаралар қолдануға шақырды.

Қазақстан қолайсыз эпидемиологиялық жағдайдағы мемлекеттердің қатарына жатады. Қазіргі таңда республика туберкулезмен аурушаңдық және қайтыс болу деңгейі бойынша ТМД елдерінің арасында жетекші орынды алып отыр. Соңғы оңжылдықта халықтың туберкулезбен ауруы тұтастай ел бойынша 2,8 есе өсті. Жыл сайын Қазақстанда туберкулезбен 20 – 25 мың адам ауырып, үш мыңнан аса адам қайтыс болды [1].

Қазіргі кезде республикамызда мультирезистентті созылмалы туберкулезді (туберкулездің дәріге төзімді микобактериялары) анықтау, диагностикалау мен емдеу барынша көкейтесті мәселе болып табылады [2].

Туберкулездің диагностикасын жетілдіру белгілі дәстүрлі әдістердің сезімталдығын жоғарылатуға және микробиологиялық тәжірибеде бұрын қолданылмаған жаңа әдістерді әзірлеуге бағытталған. Шетелдік және отандық зерттеулердің мәліметтері бойынша туберкулездің бактериоскопиялық және дақылдық диагностикасы әлі күнге дейін “алтын” стандарт болып жалғасып келеді [3]. Туберкулездің белсенді жағдайын сипаттайтын негізгі эпидемиологиялық көрсеткіш, науқастан анықталған бактерияны бөліп алуы болып табылады. Дифференциалды –диагностикалық мақсатта айрықша маңыздысы, себінді материалынан туберкулез микобактериясын бөліп алуға мүмкіндік беретін дақылдық зерттеу мен олардың дәрілерге төзімділігін анықтау болып табылатындығы белгілі. Үйлестірілген халықаралық стандарт ретінде Левенштейн – Йенсен қоректік ортасы қолданылады. Дегенмен, тек стандартты қоректік орталарды қолдану белсенді туберкулез қабынуының барлық жағдайында дақылдық әдіспен туберкулез микобактериясын анықтауға мүмкіндік бермейді.

Cоған қарамастан туберкулездің иммунологиялық зерттеулер унификациясы және оны қолданудың жеке – даралығы, телемділігі мен әдістің сезімталдығы сияқты аспектілер бойынша сынама – жүйесінің сапасы мен тиімділігін жетілдіруде әлі де көп мәселелер бар, яғни туберкулездің диагностикасына арналған қолданыстағы әдістерді тұрақты түрде жетілдіріп, жаңа тест – жүйелерін әзірлеу қажет.

Осындай өзекті мәселені шешу жолы біздің көзқарасымыз бойынша моноклоналды антиденелерді (МКА) қолдануға негізделген, яғни МКА – биотехнологияның заманауи әдістерінің бірі – гибридомды технология еөмегімен алынады. МКА негізіндегі диагностикумдар қатаң талғамдылықпен, қойылым жолдарының қарапайымдылығымен, жоғары сезімталдығымен ерекшеленеді және өндірушілік қасиеттері сақталады.

     Жұмыстың басты мақсаты: Mycobacterium tuberculosis – ке телімді моноклоналды антиденелерді түзетін гибридті жасушалар штамдарын алу және оларды адам туберкулезін балау әдістерін жетілдіруде қолдану.

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

  1. Микобактерия қоздырғыштарынан липополисахаридті және ақуызды антигендерін бөліп алып, олардың иммундыхимиялық және антигендік қасиеттерін зерттеу.
  2. Туберкулез қоздырғышының антигендеріне телімді моноклоналды антиденелерді түзетін гибридті жасушалар штамдарын алу.
  3. Алынған моноклоналды антиденелердің иммундыхимиялық қасиеттеріне сипаттама беру.
  4. ИФТ – дың “бәсекелі” қойылымында моноклоналды антиденелерді негізінде, қосымша әдіс ретінде адам туберкулезінің балауын жетілдіру.

     Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Алғаш рет Mycobacterium tuberculosis – тің ақуызды антигеніне қарсы молекулалық салмағы 20,8 кДа болатын моноклоналды антиденелерді өндіретін Mus musculus – гибридті өсінді жасушаларының штамы алынды. M. tuberculosis – тің қоздырғышына телімді адам қан сарысуындағы антиденелерін ИФТ – дың “бәсекелі” қойылымында скринингтеу үшін 1Д7 гибридомасының моноклоналды антиденелерін қолдану мүмкіндігі анықталды.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқыңы жөніндегі Комитетінің “Ұлттық зияткелік меншік институтынан” өнертабысқа №22178 инновациялық патенті алынды.

     Қорғауға шығарылған негізгі қағидалар.            

  1. Mycobacterium tuberculosis – тің ақуызды және липополисахаридті антигенін алу.
  2. Mycobacterium tuberculosis штамының ультрадыбысты дезинтегратымен иммунделгенBALB/c тышқандарының көк бауырының иммунды лимфоциттері мен x63 – Ag8.5.5.3 миелома жасушаларын будандастыру арқылы алынған гибридома штамы өндіретін моноклоналды антиденелерінің сипаттамасы.
  3. Моноклоналді антиденелер негізінде адам туберкулезін балауға арналған “бәсекелі” иммунды ферменттік талдау әдісінің тиімділігі анықталды.

 Курстық жұмыс / 25 бет