Металдарды ауалы — доғалап кесу курстық жұмыс

Кіріспе

1. Кесу процестерінің жіктелуі
1.1. Металды газды кескіш көмегімен кесу
1.2. Жалынды реттеу
1.3. Керосинді кескіштер
1.4. Оттегімен кесу

2. Металдарды электродпен доғалап кесу
2.1. Көмірлі электродпен доғалық кесу
2.2. Вольфрамды (балқытылмайтын) электродпен доғалық кесу
2.3. Су астында доғалық кесу
2.4. Металдарды оттегімен-доғалық кесу
2.5. Ауамен-доғалық кесу

3. Техника қауыпсіздігі
3.1. Еңбек қорғау

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Қарапайым пісіру мен дәнекерлеу әдістерін өндірісте қолдану ерте заманнан басталды.

Пісіру техникасы жəне технологиясы қазіргі өндірісте жетекші орын алуда. Техника дамуы өндіру тəсілдеріне, атап айтқанда, пісіру технологиясына жаңа талаптар қоюда. Бүгінгі күнде жақын арада ғана экзотикалық деп есептелген материалдар пісіріледі. Бұл титан, ниобий, бериллий қорытпалары, молибден, вольфрам, композициялық жоғары берікті материалдар, керамика, сонымен қатар əр текті материалдардың сан алуан қосындылары. Қалыңдығы бірнеше микрон болатын электроника тетіктері жəне қалыңдығы бірнеше метр ауыр жабдық тетіктері пісірілуде.

Пісіру машиналардың мүлдем жаңа конструкцияларын жасауға, метал-дарды өңдеумен байланысты технологиялық процестерге түбегейлі өзгерістер енгізуге мүмкіндік туғызды.

Пісіру әдістері өте жай дамыды. Бірақ бірнеше жылдар аралығында пісіру техникасы мен технологиясында айтарлықтай өзгеріс болған жоқ.

ХХ ғасыр, әсіресе бірінші жартысы дәнекерлеу ғылымы мен техникасының дамуы мен қолдануында негізгі ғасыр болды.  Соңғы 20 жылдың ішінде айтарлықтай жетілді , соның ішінде ең бірінші құрылғылары мен аппаратуралары болды.

ХХІ ғасырдың басында қазіргі өркениеттегі  материалдық негізді құру барысындағы жетекші технологиялық процестердің бірі болды.

Кез келген жағдайда жерде, суда, космоста  металдар мен металл еместер  дәнекерлеуге душар болады. Дәнекерленетін бөлшектер қалыңдығы микроннан метрге дейін, ал конструкция салмағы грамнан жүздеген тоннаға дейін жетеді.

Дәнекерлеу дайындамаларды дайындауда,құрастырмалы материалдарды қосуда ең негізгі әдістердің бірі.

Пісіру технологиясын пайдалану қазандар, құбырлар, теңіз және өзен кемелерін, мұнай аппараттарын, қуатты престер мен сорғылар және басқа да машиналар мен механизмдер жасау технологиясында түпкілікті өзгерістерге әкелед.

Қазіргі уақытта электрмен пісіруші машина жасау мен

құрылыстағы жетекші мамандықтардың бірі.   Дәнекерлеу кезіндегі қосылыс беріктілігі оны  жауапты құрастырмаларды жинауда қолданылады.

Дәнекерлеу аймағындағы соңғы уақыттағы (шамамен 1970 жылдан бастап) орындалған ғылыми —  техникалық , эксперименттік және практикалық жұмыстар жаңа конструкциялы машиналарды жасауға мүмкіндік берді.

курстық жұмыс / 28 бет