Меншікті капитал есебі

Банктің  меншікті капиталы капиталдың экономикалық санатының бір түрі болып табылады. Ол мекеменің қалыптасу көзінің және ортаның өзгеруіне байланысты дұрыс қызмет ету үшін елеулі мәнге ие. Кәсіпорынды  ашу кезінде  құылтайшылар енгізген меншікті капитал серіктестіктің  бастапқы қызметін ұйымдастыру үшін пайдаланылатын алғашқы қаражат немесе қызмет өсуі және кеңеюі кезеңінде қосымша қаражат болып келеді. Сонымен қатар меншікті  капитал  мекемелерді қаржылық тұрақсыздықтан және шектен тыс  тәуекелдерден сақтайды, оны банкроттықтан қорғануын қамтамасыз етеді, ағымдағы шығындардың залалын жабады, клиенттің сенімін арттырады, клиентураның коммерциялық және тұтыну тауарларына  деген қажеттіліктерін қанағаттандырады.

Резервтік капиталдың есебі.

Резервтік капитал құрылтай құжаттарға сәйкес  серіктестікте  өз қалауынша құралады. Кәсіпорындағы   резервтік капитал залалдарды жабуға,  басқа қаражат  болмаған жағдайда қорлар сатып алуға арналған. Кәсіпорында  резервтік капиталды пайдалану бағыттары жарғы бойынша анықталады.

Резервтік капитал жыл сайынғы таза табыстан аудару жолымен құрылады.

Жыл сайынғы аудару мөлшері акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді.

Резервтік капиталдың қолда  бар ақшасы мен қозғалысы туралы  ақпаратты алу үшін  «Резервтік капитал» бөлімше шоты пайдаланылады.

Каспий банк АҚ-ғы резервтік капитал құру кезіндегі өткізбелер:

Резервтік капиталдың құрылуы Дебет 3510  Кредит 3200

Резервтік капитал қаражатын пайдалану:

а/ құрылтайшылардың шешімі бойынша резервтік капитал есебінен төленген есептелген дивиденттер сомасына Дебет 3589 Кредит 3027

ә/ резервтік капиталдың қаражат есебінен жабылған залал сомасына Дебет 3589 Кредит 5410

Меншікті капитал бірнеше қызметтерді атқарады: қорғау, оперативті, реттеуші айналым резервтік қызмет.

Егер серіктестік   меншікті қаражаттарды тиімді басқара білетін болса, онда серіктестік  осылардың көмегімен табыстылықты көтеріп және салымдардың сақталуын қамтамасыз етеді. Табыс деңгейін қаражаттарды қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздардан ссудалар беруге жұмсауға алмастыру жолымен қол жеткізуге болады.

Меншікті капитал – субъектінің міндеттемелері  шегерілгеннен кейінгі активтері.

Меншікті капиталға мыналар жатады: жарғылық, резервтік, қосымша төленген және қосымша төленбеген капитал, бөлінбеген табыс (жабылмаған залал).

Жарғылық капитал аудиті.

Жарғылық капитал кәсіпорын мүлкіне оны  құрған кездегі  қатысушылардың салымының жиынтығы болып табылады. Жарғылық капиталды белгілеу мен қалыптастыру тәртібі және  пайдалану шаруашылық жүргізуші субъектінің іс-қызметінің өрісі мен жағдайына, ұйысдастыру-құқықтық түріне байланысты.

Жарғылық капиталды тексергенде аудитор бірінші кезекте  келесі жағдайларды қарастырады:

а)  жарғылық капитал көлемінің құқықтық – нормативтік акті талаптарына сай болуын;

ә) жарғылық капитал мөлшерінің өзгеру ықтималдығын;

б) бухгалтерлік есепте жарғы капиталының шамасына ықпал ететін операцияларды көрсетудің және қолданған корреспонденциялардың дұрыстығы, көбінесе олардың ішінде төмендегідей проводкаларға ерекше көңіл бөлінеді:

— Дебет 3000 «Төленбеген капитал» шотына және Кредит 3001 «Салымдар мен пайлар» шотына қатысушылардың салымдары сомасына;

— Жарғы капиталы мөлшері ұлғайғанда Кредит 3025 «Салымдар мен пайлар» шотына «Негізгі құралдар»,  «Материалдар»,  «Тауарлар»,  «Банктердегі аккредитивтердегі, чектердегі, карт-шоттардағы және басқа да шоттардағы ақша»,  «Ұлттық валютадағы ағымдағы корреспонденттік шоттардағы ақша» және  «Кассадағы қолда бар ақшалар» бөлімшелерінің шоттарына жазу түседі.

Резервтік капитал – іс – жүзінде заңнамамен құрылтайшы құжаттарға сәйкес болжанбаған шығындарды және инвесторларға  осы мақсаттарға арналған табыс көлемі жетпеген жағдайда инвесторларға шығынның орнын жабу үшін құрылады.

Резервтік капитал – кәсіпорынның тоқтаусыз жұмысына  және үшінші тұлғалардың мүдделерін сақтауға кепіл болып шығады. Мұндай қаржылық көздің бар болуы үшінші  тұлғаларға кәсіпорынның өз міндеттемелерін орындайтындығына сенім арттырады.

Заңнама бойынша резервтік капитал құруға міндетті кәсіпорындар оны баланстың «Резервтік капитал» бабы бойынша көрсетеді. Осылайша ашық акционерлік қоғам резервтік капиталды қоғамның шығындарын жабу үшін жарияланған жарғылық капиталдың 15 % — нен кем емес мөлшерде жасауы тиіс.

Серіктестіктің резервтік капиталы мемлекеттік тіркеуден өткен уақытынан бастап екі жыл ішінде құрылуы тиіс. Ол серіктестіктің жалпы  жиналысы белгілейтін  мөлшерде, таза табыстан ( пайдадан) жыл сайын аудару жолымен қалыптасады.