Мемлекеттік билікті бөлу

МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІ БӨЛУ ТЕОРИЯСЫ туралы қазақша реферат

Билікті бөлу теориясы осыдан үш жүз жылдар бұрын пайда болған. Оның негізін қалаушылар болып ағылшындық философ — материалист, материализмнің идеялық — саяси доктринасын құрушы Джон Локк (1632 –1704) пен француздық философ және құқықтанушы Шарль Луй Монтескье (1689-1755) шықты.

Мемлекеттік билік бөлудің маңыздылығы мен қажеттіліктері жөніндегі Джон Локктың идеялары 1690 жылғы жарық көрген «Мемлекеттік басқару туралы екі трактат» деген басты еңбегінде көрініс тапса, Монтескьенің идеялары «Персиялық хат» романында мазмұндалады. Бұл еңбегінде Джон Локк «билікті бөліске салу керек, себебі абсолютті  монархия-тирандық режимнің қалыптасуына ықпал етсе, заңсыздық — адамзат болмыс — бітіміне қарама-қайшы келеді, ал билікті бөлу қағидасы негізінде пайда болған жария саяси (мемлекеттік) билік адамдардың табиғи болмыс-бітімін сақтап, мүдделерін көздейді» десе,1 Шарль Луи      Монтескье. Әрбір мемлекеттік биліктің үш тегі болуы керек: заң шығарушы билік, халықаралық құқық сұрақтарын жүргізетін атқарушы билік және азаматтық құқық мәселелерімен айналысатын атқарушы билік. Осы аталғандардың біріншісінде мемлекет басшысы немесе мекеме уақытша немесе тұрақты заңдар шығарады және әрекет етіп жатқан заңдардың күшін тоқтатады немесе оларға өзгертулер енгізеді. Ал екінші биліктің құзыретіне соғыс жариялау, бейбітшілік орнату, өкілдерді қабылдау,

 

 

‘Локк.Дж., Двух трактатов о государственном правлений. М 1987. С 131.

қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты күрделі мәселелер енеді. Сондай-ақ, үшінші билік қылмысты жазалауды, жеке тұлғалардың қақтығыстарын реттеуді жүзеге асырады. Сонымен қатар ең соңғы билікті соттық билік деп қарастыруымыз керек» деп салиқалы пікір  айтқан.1

Мемлекеттік биліктің кеңестік концепциясының негізін қалаушылар К.Маркс, Ф.Энгельс жене В.И.Ленин мемлекеттік билікті «жұмысшы корпорация» ретінде қарастырған2. Көптеген уақыт бойы билікті бөлу теориясы кеңестік ғылыммен буржуазиялық болып есептелінеді. Яғни, мұндағы концепциялар мемлекеттің әр-түрлі органдары арасында қызметті, еңбекті бөлу қажеттілігін мойындамады.

Алайда уақыт өте келе билікті бөлу теориясы кең етек жая бастады. Осылайша, мемлекеттік биліктің механизмінің элементтері деген ұғым қалыптасты. Мұндай элементтер болып мемлекеттік билік субьектісі (билік жүктелуші) мен институттар (органдар, тікелей демократия нысандары) шықты. Мемлекеттік билік қоғамда үстемдік етуші әлеуметтік топтың, яғни халықтың мүддесін көздеуші ролге ие болды.

Мемлекеттік билікті бөлу қағидасының тарихы ежелден бастау алған. Француз құқықтанушысы Монтескье 1748 жылғы атаулы бір еңбегінде «Жеке тұлға саяси бостандықта болу үшін үкімет адамдар бір — бірінен қорықпайтындай дәрежеде ұйымдастырылуы қажет. Егер заң шығарушы және атқарушы билік бір адамның немесе бір магистратура органдарының иелігіне шоғырланса, онда бостандық болуы мүмкін емес, мұндай жағдайда қоғамда үрей, қорқыныш пайда болады және бүкіл билікті бір өзінің қолына алған монарх немесе сенат тирандық заңдар шығарып, оны тирандық сипатта қолдануы мүмкін.

Сонымен қатар, соттық билік заң шығарушы және атқарушы биліктен бөлінбесе, онда бостандық туралы әңгіме қозғау мүмкін емес. Егер сот билігі мен заң шығарушы билік біріксе субъектінің өмірі мен бостандығы ақылға қонымсыз кетуі мүмкін. Ал атқарушы билікпен біріксе сот қатыгездікке бой ұрады», — деген.1

1990 жылғы 25 қазандағы Қазақ КСР-ының бұрын буржуазиялық саяси

институт ретінде үзілді-кесілді теріске шығарған билік бөлісу қағидасын бірінші рет жариялаған акт. Қазақстан КСР-ының 1978 ж. Конституциясы, жалпыға мәлім, бұл органда ешқандай бүкіл билік болмаса да, Жоғарғы Кеңеске бүкіл билікті бекітті. Жоғарғы өкілді органның бірыңғай билігінің мәні, міне осында. Алайда, Қазақ, КСР-інің Жоғары Кеңесі Парламенттей болған жоқ, өйткені онда билік бөлісу және тұрақты жұмыс істейтін жоғарғы өкілді органдары болған жоқ.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясы Жоғарғы Кеңеске кең өкілеттілік бергені сондай мемлекеттік   билікті   бөлісу   қағидасы шын мәнінде болған жоқ. Сонымен қатар, тежемелік және тепе тендік жүйесі де
орнықтырылмады. Сөйтіп, 1993 жылғы Конституция мемлекеттік билігінің қайшылықты құқықтық, базасын жасады. Тұрақты жұмыс істейтін Жоғарғы Кеңес әрине, өз қызметін толық атқара алмады. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың пікірінше, «Қазақстан үшін парламенттік республиканың орнықтырылмаған себебі онда парламентаризмнің дәстүрі мен мәдениеті, көп партиялылықтың дамыған жүйесі болмады және ең бастысы, мұның бәрін халықтың қалың санасы қабылдамады.  Бүгінгі таңда бізде ол жоқ».2

1993 жылдың қаңтарында қабылданған Конституцияда Президенттік басқару жүйесі орнықтырылмады. Мұнда Президент биліктің бірде-бір тармағына жатқан жоқ. Конституциялық Сот органы болып табылмайтын Конституциялық Кеңеспен алмастырылды. Жоғарғы Соттың шеңберінде біртұтас жүйе орнықты. Осындай қайта құрулар нәтижесінде мемлекеттік биліктің Президенттік басқару жүйесіне тән жоғарғы және жергілікті органдарын қайта құрулар негізінен аяқталды.

Қазақстан Республикасының «Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну және өзара іс-қимыл жасау қағидаларына сәйкес жүзеге

асырылады» делінген (3-бап 4 тармақ). Мемлекеттік билік жүйесі тек көлбегей ғана емес тік те бөлу қағидаларына негізделген. Алайда, біртұтас мемлекеттік билікті тік бөлудің жоғарғы және жергілікті мемлекеттік органдарының арасында іс жүргізуді шектеуде өзіндік ерекшелігі бар. Қазақстанның Конституциясы және тиісті заң актілері мемлекеттік билік органдарына, бір жағынан олардың жергілікті жерлердегі мәселелерді шешуге, екінші жағынан жоғарғы органдардың өкілеттігіне араласып, біртұтастық қағидасын бұзуға болмайтындай өкілеттіктер шегін белгіледі.

Билік бөлу қағидасының маңызды болатын себебі ол мемлекеттің ұйымдастырылуының, оның тетіктерін белгілейді. Конституция бұл қағиданы тану алдыңғы қатарлы демократиялық мемлекеттердің тарихи тәжірибиесін ескертуді, құқықтық мемлекет бағыт ұсынуды білдіреді.

Қазақстан Республикасында Конституция нормаларын талдау билік бөлу жүйесінде Президенттің жағдайы ерекше деп есептеуге негіз қалайды. Біріншіден, Президент толық күйінде биліктің бірде-бір тармағына қойылуы мүмкін емес, екіншіден, оның биліктің барлық тармағына қызметіне бірдей араласуына мүмкіндік беретіндей құқығы бар, үшіншіден, оның өкілеттілігі мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді қызметін билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасіз ете алады.

Конституцияға сәйкес мемлекеттік билікті шығарушылық, атқарушылық билік, сот билігі тармақтарына бөліну принципінің қабылдануына орай – Қазақстан халқының еркі мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы болып табылады. Міне, осыдан келіп мемлекет органдарының қызметі халықтың еркі негізінде жүзеге аса бастады. Ал, мемлекеттік билік органдарының қызметің, өзара іс-қимылын үлестіруші күш болып – Президент болады.

Мемлекеттік билікті бөлу біздің дербес және тәуелді мемлекетіміз үшін жаңа қағида болғанымен, басқа елдерде ол ежелден бері қолданыста.

Билікті бөлу теориясы көптеген саясат зерттеушілерімен анықталды: идея Аристотелмен айтылып, теориялық, тұрғыдан Джон Локкпен (1632-1704 ж.ж) негізделді және дамыды, классикалық түрде Шарль Луй Монтескьемен (1689-1755 ж.ж) әзірленіп, бұдан кейін Алексендр Гамильтонмен, Джеймс Мэдисонмен жанданды.

Билік бөлу теориясының негізгі ережелері мынадай:

1) Билікті бөлу Конституциямен бекітіледі.

2) Конституцияға сәйкес Заң шығарушы, атқарушы   және соттық     билік әр-түрлі органдармен және адамдармен ұсынылады:

3) Барлық, билік тең

4) Ешқандай билік өзге билікке тиесілі құқықтарға ие бола алмайды.

5) Соттық билік саяси ықпал етуден тәуелсіз.

Билікті бөлу қағидасының теориялық және практикалық қайнар көздері — Ежелгі Греция мен Римде.

Ежелгі Грецияда Солон архонт бола тұра 400 кеңесін құрды және өз өкілеттігі бойынша бір-бірімен деңгейлес ареопаг қалдырды. Солонның сөзі бойынша осы екі орган мемлекеттік кемені кез-келген дауылдан қорғайтын якор болды. Кейінірек, б.э.д IV-ғасырда Аристотель өзінің «Саясат» еңбегінде мемлекеттік құрылыстың үш элементін көрсетті: заң шығарушылық кеңестік орган, магистратуралар және сот органдары. Екі ғасыр өткеннен кейін грециялық тарихшы және саяси қызметкер Полибий (210-123 ж.ж. б.э.д.) бұл құрамдас элементтердің қарсыласы отырып, бір-бірін қолдап отыратынын көрсетті. Ол аты аңызға айналған спартандық заң шығарушы Ликург туралы жазды.

Биліктің бөліну теориясы өзінің теориялық дамуын орта ғасырда тапты. Яғни Ағылшын философы Джон Локк (1690 ж) «Мемлекеттік басқару туралы екі трактат» деген еңбегінде биліктің жекелеген бөліктерінің өзара әрекеті және өзара байланысы қағидасын қарастырған. Мұнда басымдылық билік бөлу механизмінде заң шығарушы билікте қалды. Ол елде жоғары, бірақ абсалютті емес. Қалған биліктер заң шығарушыға қарағанда бағынушы сипатқа ие.

«Мемлекеттік басқару туралы екі трактаттан» кейін жүз жыл өткен соң 1789 жылы 26 тамызда Францияның Ұлттың Жиналысымен қабылданған адамдар мен азаматтардың құқтарының Декларациясында «Билік бөлінбеген және құқықтарды пайдалануға қамтасыз етілмеген қоғамда, Конституция болмайды» делінген.

Джон Локктың көзқарасы француздық философ Шарль Луй Монтескьенің билікті бөлудің классикалык теориясын дамытты. Монтескьенің пікірі бойынша билікті бөлу жүйесінің болуы қоғамды мемлекеттік билікті шектен тыс пайдаланудан сақтайды. Ол «заң шығарушы және атқарушы билік бір тұлғаның қолына немесе бір мекемеге біріксе, онда бостандық болмайды, себебі сенат пен монарх тирандық заңдар шығарады. Сонымен қатар, егер сот билігі заң шығарушы және атқарушы биліктен бөлінбесе бостандық та болмайды. Егер осы үш билік бір мекемеге, бір тұлғаға біріксе онда бәрі құриды» деп жазған.

Бұл заңды. Себебі біз қазір өз таңдауымызды жасап мемлекеттік билікті өз орнына қоюдамыз. Бұл жерде жоғарыда аталған өткен ойшылдардың да пікірін бетке ұстадық.

Өздеріңізге белгілі, екі жүз елу миллионнан астам халықты бір ұранның астында ортақ саяси көзқараспен ұстаған Кеңес Одағы араға жетпіс жылдан астам уақыт салып күйреп, ыдырап, жеке-жеке отау тіккен он бес мемлекетке айналды. (Бұл санның көбеюіде ғажап емес).

Бұдан кейін, қоғамдық қатынастың жаңа құрылымында қай бағытта дамып, билікті қай шеңберде ұстау керек деген күрделі сұрақ біздің жас мемлекетіміз – Қазақстан Республикасын мазаландырылғаны ақиқат. Алайда, еліміз өз таңдауын жасады. Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық болып бекітілді. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді.