Мәдениет

            Мәдениет туралы қазақша реферат

Облыста 528 мемлекеттік мәдениет объектілері жұмыс істейді, оның ішінде – 317 кітапхана, 155 мәдени – сауықтыру ұйымдары, 21 – бейне мобильдер, 5 – театр, 2 – концерттік ұйым, 15 — мұражай,  7 – мәдениет және демалыс саябақтары, кинотеатрлар, 3- хайуанаттар паркі, облыстық ғылыми — әдістемелік, сауықтыру және халық шығармашылығы орталығы, тарихи – мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция және Ұлытау республикалық мұражай қорығы.

Облыста мемлекеттік мекемелерден басқа 55 мемлекеттік емес мәдениет ұйымдары бар.

2005-2006 жылдары мәдениет объектілерінің мемлекеттік желісі 48 бірлікке өсті. Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Жаңаарқа, Осакаров, Ұлытау, Шет аудандары мен Жезқазған, Саран, Сәтбаев, Теміртау қалаларында кітапханалар, Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Жаңаарқа, Нұра, Ұлытау аудандарының ауылдарында клубтар ашылды.

2007 жылы мемлекеттік мәдениет объектілер  желісі 25 бірлікке артты. Бұқар жырау,  Жаңаарқа, Нұра, Ұлытау, Шет аудандары мен Жезқазған, Саран, Қарағанды, Теміртау қалаларында 9 кітапхана,  Бұқар жырау, Қарқаралы, Жаңаарқа, Нұра, Осакаров, Ұлытау аудандарында 15 клуб ашылмақ. Нұра ауданыныың Киевка поселкесінде тарихи-өлкетану мұражайын ашу жоспарланып отыр.

2005-2006 жылдары: Шет ауданында Ағыбай батыр, Нұра ауданында Әли-Түсіп, Ұлытау ауданында Жошы хан кесенелерін қалпына келтіру жұмыстары басталды. Осакаров ауданында Қаратоғай қорғанын, Бұқар жырау ауданында Ащы су және Тегіс жол кешендерін, Қарқаралы ауданындағы Алат, Кент елді мекендерін, Ұлытау аудынындағы Айбас дарасы, Талдысай, Тоқтауыл аялдамасы, Орталық Қазақстандағы темір дәуіріндегі ескерткіштерді археологиялық зерттеу, Бұрынғы Қарлаг басқармасы ғимаратын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары, Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы аудандарын тарихи-этнографиялық зерттеу, тарих және тарихи тұлғалар жөніндегі басылымдарды әзірлеу мен өңдеу материалдарды жинау жұмыстары, ғибадат ететін тарихи және мәдени, бейнелеу өнері ескерткіштерін, Қарағанды суретшілері ақсақалдары туындыларының буклетін, Қарағанды қаласындағы Е.Бөкетов ескерткіші құрылысын жасау басталды.

Шет ауданында Ағыбай батыр мавзолейі, Ұлытау ауданында Жошы хан кесенесін қалпына келтірілді; Осакаров ауданында Қаратоғай қорғанына археологиялық зерттеу жасалды, сирек кездесетін қола дәуіріндегі қорған зерттелді, зерттелген аймақтағы 525 шаршы метр жер қазылды, қоладан жасалған бұйымдар, сүйек сыбызғылар, 4 сауыттың бөлшектері табылды.

Нұра ауданындағы Әли-Түсіп кесенесінің мұнарасын, қабырғаларын ескі кірпіштермен  біртіндеп қалпына келтіру жұмыстары, тарих және сәулет ескерткіштері қалпына келтірілді. Ұлытау аудынындағы Айбас дарасы, Талдысай, Тоқтауыл аялдамасы, Қарқаралы ауданындағы Кент елді мекендеріне археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді, Бұқар жырау ауданындағы Тегіс жол кешенінің әр кезеңдегі археологиялық ескерткіштерін зерттеу, Орталық Қазақстандағы ерте темір дәуіріндегі 59 ескерткішті археологиялық зерттеу қорытындысында ескерткіштердің сызба-картасын жасау аяқталды, Бұқар жырау ауданындағы Ащысу бейітінде қола дәуірінің  апатты жағдайдағы 2 қорғанын қазу нәтижесінде жерлеу қалдықтары мен 20 археологиялық қазбалар табылды, Сарыарқа жерінің белгілі орындаушылары репертуарларынан ән жинағын шығаруға фольклорлық материалдар жинауға экспедиялық жұмыстар жүргізілді.

Ұлытау және Нұра аудандарында ғибадат ететін сәулет есерткіштері жөнінде жинақ, Қарағанды суретшілері ардагерлері мен олардың өнер туындылары туралы жинақ-кітап, Ж.Елебеков, Б.Байжанов, Доскейдің өмірі мен шығармашылығы туралы энциклопедиялық жинақ шығарылды.

Қарағанды облысының тарихы мен тарихи мұралары туралы ғылыми-танымдық фильм түсіру мақсатында 50 тарихи ескерткіш, 5 ғылыми экспедиция бейне таспаға түсірілді; Қарағанды қаласында ғалым, қоғам қайраткері Е.Бөкетов ескерткішінің құрылысы салынды.

2005-2006 жылдары басталған Алаша хан, Ахмет кесенелерін, Ұлытау ауданы Ақмешіт Әулие, Едіге-Тоқтамыс кешендерін қалпына келтіру жұмыстары 2007 жылы жалғастырылатын болады.

Көне түрік және қыпшақ заманы ескерткіштерін археологиялық зерттеу, Солтүстік Балқаш маңын тарихи-археологиялық зерттеу, Сары арқа жеріндегі әйгілі әншілер жазбаларының архивін жасау, Қарағанды қаласындағы этнопаркте және тарихи туризм орталықтарында этноауыл жасау (Қарқаралы-Кент, Талдысай, Бегалы, Тегіс жол), құжаттамалық мұралар қорын сақтау мен цифрлық лабораториясын жасау жалғастырылуда.

Бұдан басқа, 2007 жылы Тайжан Қалмағанбетовтың және Шынболат Ділдебаевтың шығармаларын, Қарағанды облысының петроглифтары мен тау, жоталары жөніндегі альбом – жинақ, «Қарағандының атақты тарихи тұлғалары» (Гапеевтің,  Костенконың, Күзембаевтың, Чижевскийдің және т.б. өмірі мен қызметі) атты энциклопедиялық жинақ, Қарағанды облысында тұратын халықтардың салт — дәстүрлері туралы — «Бір шаңырақ астында» атты жинақ  әзірлеу және шығару, Орталық Қазақстанның тарихы мен мәдениетінің атақты өкілдері  туралы (Қаз дауысты Қазыбек би, А.Бөкейханов, А.Ермеков және т.б.) мұрағат  топтамаларынқұру және  ғылыми зерттеулерді шығару жоспарлануда.