Лингвистикалық жабдықтау

Лингвистикалық жабдықтау туралы қазақша реферат

Лингвистикалық жабдықтау – бұл, ақпаратты автоматты түрде өңдеудің тиімділігін арттыру және адамның ақпараттық техникалық құралдармен байланысын жеңілдету үшін пайдаланатын тілдік, құралдардың, ғылыми-техникалық терминдердің, табиғи тілді қалыптастыру ережелірінің жиынтығы. ЖМСАЖ-нің лингвистикалық жабдықтауына алгоритмдік тілдер: Паскаль мен DELPHI жатады, ал ақпараттық тілдерге: Paradox, Database Desktop кіреді.

Эргономикалық жабдықтау – жұмыстың әр түрлі сатысындағы адамның жоғары тиімділікпен жұмыс істеуіне дұрыс жағдайлар жасау және сонымен бірге оны игеру мақсатына бағытталған әдістер мен құралдар жиынтығы. ЖМСАЖ-нің эргономикалық жабдықтау құрамына мыналар кіреді:

  • жұмыс орындарында, ақпараттық үлгілерге және жұмыскерлер құрамына эргономикалық сараптауды қалыптастыруды қамтамасыз ететін құжаттар пакеті; бұл талаптарды іске асырудың мақсатқа сай тәсілдерін таңдау; оларды іске асыру деңгейінің эргономикалық сараптамасын жүзеге асыру;
  • жұмыскердерді даярлау деңгейіне және іріктеу жүйесіне қойылатын талаптарды негізге ала отырып тұжырымдауды қамтамасыз ететін әдістер, оқу-әдістемелік құжаттар және даярлаудың техникалық құралдар кешені.