Қызметкермен жасалған еңбек шартын бұзу туралы бұйрық

Қызметкерді жұмыстан босату өтініштен немесе қызметтік жазбадан басталады. Алайда бұдан басқа құжаттар да қызметтен босатуға негіздеме болуы мүмкін. Мысалы, заңды тұлғаның таратылуы, қайта құру туралы бұйрық (штаттықң қысқаруы), аттестациялық комиссияның шешімі, қайғылы оқиға туралы акті, еңбек тәртібін бұзу фактісін растау актісі, қызметкердің түсініктемесі, сот үкімі және т.б.

Қызметкер өтінішінің, қызметтік жазбаның немесе басқа құжаттың негізінде бұйрықтың жобасы жасалады. Бұйрықта қызметкердің жұмыстан кету себебі міндетті түрде қолданыстағы еңбек заңының тиісті бабына сілтеме жасап көрсетілуі тиіс.