«Қылмыс субьектісі» мен «қылмыскер тұлғасы» категорияларының арақатынасы және қылмыскер тұлғасы типологиясының мәселелері

Қылмыстық  құқық  ғылымында  қылмыс  субьектісі  екі  мағынада  түсіндіріледі:   жалпы және  тар,  яғни  бұл  сөздің  арнайы  мағынасында.  Бұл сөздің  жалпы  мағынасында  — ол,  қылмыс  жасаған  адам,  қылмыскер.  Біршама  тар  мағынада,  арнайы  мағынада – қылмыс  субьектісі —  қылмыстық  заңда  бекітілген  қоғамға  қауіпті  іс  әрекетті  қасақана  немесе  абайсызда  жасаған  жағдайда  қылмыстық  жауаптылықты  тартуға  мүмкіндігі   бар  адам.  Аталған  тар  мағынада  « қылмыс  субьектісі»  категориясы  қылмыстық  заң  көзделген  қоғамға  қауіпті  әрекет  жасаған  уақытта  кім  қылмыстық  жауаптылықты  тартады  деген   сұраққа  жауап  береді. Сондықтан,  қылмыс  субьектісін сипаттайтын белгілер  қылмыс  құрамы  элементінің құрамына  заң шығарушымен кіргізілетін  белгілерінің  бірі  болып табылады.  Біздің  ойымызша  қылмыс субьектісін сипаттайтын белгілер  қылмысқа  жауапты адамдар шеңберін  анықтау  үшін  әрине  жеткілікті.

Қылмыскер  тұлғасы   қасиеттерінің   барлығынан  «  қылмыс  субьектісі»   қылмыскер   тұлғасын  сипаттайтын  белгілер  жиынтығының   тек  ең  аз  бөлігін ( есі дұрыстық,  белгілі бір жасқа толған  адам)  қамтиды.

Қылмыскер  тұлғасының  ерекшеліктері   жаза  тағайындауда  және  оның  индивидуализациясында  ( ҚК  52. 53. 54  баптары ) кезінде,  шартты  соттау  ( ҚК 63  бабы ) сұрақтарын  шешу  үшін,  қылмыстық  жауаптылықтан  және  жазадан  босату ( ҚК 65  66  67  68  69  баптар ), қылмыстық  жауаптылықтан  шартты  ерте  босату немесе  оның  өтелмеген  бөлігін  жеңілірек   жазамен  ауыстыру ( ҚК  70  71  баптар ) сұрақтарын  шешу кезінде  және  басқа  жағдайларда  өте  маңызды  мәнге  ие.16

Осылайша,  « қылмыс  субьектісі»  категориясы   тар  мағынада  қылмыстық  құқықтығы  қылмытық  жауаптылық  негіздерінің  бірінің  қызметін  атқарады. Қылмыстық  құқыққа  « қылмыс  субьектісі » категориясы қылмыс  және  қылмыстылық туралы  жалпы ілімді  жасаумен  байланысты  көптеген  ғылыми  зерттеулермен , қылмыс  құрамы  туралы, және де  кәмелетке толмаған  қылмыскерлерге  қатысты қылмыстарды зерттеулерде де  қарастырылған және  өте  ықшам және  бағытталып  Н.А.Огурцовпен зерттелген.

А.Б.Сахаров  өте   дұрыс  пікір   айтқан:  қылмыс  субьектісі  туралы  ілім,  есі  дұрыстықты  талдаумен,  кәмілетке  толмағандардың  жауаптылығымен,  арнайы  субьектісінің  түсінігімен,  заңды  тұлғалардың  қылмысты  құқық  қабілеттігімен  қатар  бұл  мәселелермен  шектелмей  қылмыс  субьектісі  және  қылмыс  құрамы  арасындағы  байланысты  ашу  қажет,  қылмыс  субьектісі  мәнін  ( « жасаушы »  мен  «әрекет»  арақатыасы)  қылмыстық  құқықтың  Жалпы  бөлімінің  әртүрлі  институттарында  және  қылмыстың  жеке  құрамдары  үшін  мәнін  ашып  көрсету  қажет.

Қылмыскер   тұлғасы,  оның  түсінігі,  құрылымы,  қылмыс  жасаған  адамның   әлеуметтік  мәнін   білдіретін  қазіргі   криминология  мәселерінің  өзекті  мәселелерінің   бірі  ретінде   жетекші  құқықтанушылардың   басым  көпшілігімен  негізделген  түрде  қарастырылуда.  Қылмыскер  тұлғасының  құрылымы  жүйесінде   алдынғы  атап  өткеніміздей  қазіргі  уақытта  көбінесе  ол  бес  белгіден  тұрады:

әлеуметтік – демографиялық;

қоғамдық  өмірдің  әрқилы  салаларындағы  тұлғаның  әлеуметтік  көрінісі;  өнегелік  қасиеттер ;

психологиялық  ерекшеліктер;

биологиялық  анықталған  белгілері;

қылмыстық  құқықтық  белгілері;

Криминологияда  қылмыскер  тұлғасы   ретінде  қоғамға   қауіпті  әрекет  жасаған  кінәлі  адам  тұлғасын  түсінеді.  А.А.Герцензон:  « Қылмыскер   — индивид, нақты өмірлік жағдайға байланысты  ондағы қоғамға қарсы аморальдық  көзқарастарының барлығына байланысты  қоғамға қауіпті әрекет  жасаған » деп анықтама  береді. Профессор И.С.Лейкина өз  алдына:  « Қылмыскер тұлғасы » бұл осы адамға  тән қоғам мүдделеріне жағымсыз  көзқарастырының және  оны шешу  үшін  қоғамға қауіпті жол таңдау  немесе  оның   нәтижелерін тойтаруға деген белсінділік танытпау  нәтижесінде қылмыс  жасаған адам  тұлғасы ».

И.И.Карпец  және В.Б.Сахаров  сынды  профессорлар:  « Қылмыскер  тұлғасы  ретінде  қылмыстық  заңды  бұзған  кінәлі  адамды  сипаттайтын  әлеуметтік  және  әлеуметтік  маңызды  қасиеттер, белгілер,  қатынастар,  жиынтығы  және  оның  қоғамға  қауіпті  мінез – құлқына  әсер  ететін  басқа да мән  жайлармен  шарттардың  ұштасуын  түсінеді ». Біздің  ойымызша,  Н.С.Лейкинаның  қылмыскер жеке  тұлғасына берген  анықтамасы  біршама тереңірек және  нақтырақ  болып табылады.  Ол  жерде « қылмыскер тұлғасының » түсінігі  қасақана  қылмыс  жасаған адамдарды да,  сонымен қатар ситуациялық  алдын  ала  ойластырмаған  адамдарды да,  және  абайсызда  қылмыс  жасаған  адамдарды да  қамтиды.

Қылмыскер  тұлғасы  – « қылмыс  субьектісі » түсінігіне  қарағанда  ауқымды,  мазмұны  бойынша  күрделі  және  кең  ұғым  болып  табылады. « Жауаптылық  және  жаза  тағайындау  үшін  нақты қылмыстардың  анық  субьектісі  ретінде   көрініс табатын қылмыскер тұлғасының  әлеуметтік  — психологиялық  сипаттамасы  маңызды  мәнге  ие  болып  табылады ».   Қылмыскер  тұлғасы және  қылмыс  субьектісі  — ұқсас емес  және  сәйкес  келмейтін ұғымдар.  Қылмыс  субьектісін сипаттайтын белгілер,  қылмыстық жауаптылық  туатын  қажетті шарттардың бірі  ретіндегі қылмыс  құрамының элементі  болып табылады.  Бірақ,  басқа құқықтық  сурақтарды:  кінәліге  қолданылатын  жаза  мөлшері мен түрін тағайындау,  жауаптылықтан   босату  жөніндегі және  т.б. шешу  үшін  жеткіліксіз.  « Аталған сұрақтарды  шешу  қылмыскер  тұлғасын  сипаттайтын  белгілерді  ескеру  мен  тиянақты  зерттеу  негізінде  ғана  мүмкін ».

Сондықтан,  «  қылмыс субьектісі  » және  « қылмыскер тұлғасы » түсініктері қылмыстық құқықта әртүрлі қызметтерді атқарады:  біріншісі  — қылмыстық жауаптылық  негізіне  кіретін шартының  бірінің қызметін,  екіншісі – оның  индивидуализациясының қызметін  атқарады ».  Қылмыс  субьектісі  — құқықтық  түсінік.  « Қылмыс  субьектісі  түсінігінің   мазмұны  және  бағытталған  мақсаты  шектелген – ол  қылмыстық  жауаптылықтың  қажетті шарты ( ал  кей кезде негіздемесі ) ретінде болады ; тек қана  есі дұрыс, заңда анықталған  белгілі бір жақсы толған  адам  заңға қайшы әрікет  жасаған адам  жауаптылққа тартылады ».  Қылмыскер  тұлғасы  түсінігі  өзінің  құрамына  тек  қылмас  субьектісіне  тән – жасы, есі  дұрыс адам  белгілерін  қамтып  қана  қоймай, және  арнайы  қылмыс  субьектісіне  тән – лауазымдық  жағдайын, әскери  қызметте  болуы  және  т.б.  белгілері қоса,  сонымен   бірге  индивидтің қылмыс  субьектісін  құқықтық   сипаттаумен  байланысты  емес  басқа  да  белгілерін  — қоғамдық  қатынас жүйесіндегі жағдайын,  үлкен және  кіші  әлеуметтік  топтар,  әлеуметтік  байланыстар және  көріністері,  өмірдегі  әлеуметтік  құндылықтарға  қатынасын,  психологиялық  ерекшеліктерін  және  т.б.  қамтиды. Қылмыс  субьектісі  және  қылмыскер   жеке  тұлғасы   түсініктерін  көбірек  жақындатып  байланыс  олардың  қылмыстық  жазаланатын әрекетті  жасау  болып  табылады,  бірақ  бұл  жағдай  аталған  түсініктерді  бір  біріне логикалық  кіргізу  ( бағындыру) үшін  жеткіліксіз.

Обьективті   өмірде,  бәрімізге  мәлім   барлық  құбылыстар  сонымен  қатар   біздің  аталған   түсініктерде,  бір бірімен   әмбебап  байланысты  болады.  Әрине,  бұл  мағынада  қылмыс  субьектісі  және  қылмыскер  тұлғасы  түсініктері   бір  бірімен  қылмыстық   құқық  пен  криминология  сияқты  өте  тығыз  байланысты.  Бірақ  айтып  өткеніміз  мұндай  әртектес,  әйтсе де  өзінің  көп   белгілері  бойынша  обьективті  өмірдің  құбылысы  ретінде  сәйкес  емес  түсініктерді  — бұл  жағдайда  қылмыс  субьектісін  — біртұтас  қылмыскер тұлғасының  бүтіндей  бір бқлігі  ретінде қарастыру мүлдем  негіз бермеген  дейді,  бұл сондай ақ  нормативтік  қылмыстық  құқықты  криминологияның  бөлігі  ретінде  қарастыруға  негіз  берметіндігіне  де  қатысты  мәселе.  Қылмыс  субьектісі  түсінігі  бұл  сөздің  жалпы мағынасында  « қамтитын»  қылмыстық  құқықтық  түсінігінде  мүмкін шынында  да  қылмыскер  тұлғасының  криминологиялық  түсінігі емес  қылмыс  субьектісі  түсінігімен бір тұтас сәйкес  емес  қылмыстық құқықтық  қатынас   субьектісі  түсінігі  болар.

«  Қылмыскер   тұлғасын  зерттеудің  кешенді  міндеті   осы  тұлғаны   сипаттайтын   қатардағы  қоғам   мүшесі  тұлғасының  « типтік  нормасымен»  салыстырғанда  қандай  деформациялық  ауытқулары  барын,   ондай  ауытқулардың  қалай  пайда  болатынын  анықтау;  нақты  қылмыс  туралы   шешім  қабылдаудың  және  оны  іс  жүзіне  асырудың  қылмыстық  мінез  — құлық ниеттері  қалай көрініс табатынын;  олардың пайда болуын ескерту,  алдын алу және  залалсыздандыру жолын анықтаудан  тұрады» .  Қылмыскер тұлғасын  терең және  жан жақты зерттеу жеке  әрбір қылмыстық іспен байланысты  және  қылмыспен күрестің  жалпы  міндеттерімен  байланысты  бір  қатар  ғылыми  және  тәжірібилік   сұрақтарды  шешу  үшін  өте  маңызды.  Қылмыскер  тұлғасын  зерттеу  — сот және  тергеу  органдарының  маңызды міндеттерінің бірі.  Оны   зеттеудің   толықтығынан  және  ауқымдылығынан  адамның  алдындағы  тағдыры  байланысты —  оның  қандай  да  жауаптылықты  көтеруі,  қоғамнан  оқшаулануы  және  т.б.  Бұл мәселеге  жоғарғы   сот инстанциялары өздерінің  назарлары  әр  нақты  істер  бойынша  шығарған  қаулылары  мен  анықтамаларында  бірнеше  рет  аударған  болатын.

Біз  Р.Н.Михеевтың   қылмыстылықпен  күрес  саласындағы  қылмыстық  саясат  принциптеріне  жауап  беретін  ( аталаған  термин  идеологиялық  таңба  болып  табылмайды, ол  керісінше БҰҰ – ның ресми құжаттарында  қолданылады),  оның   криминализациямен    декриминализация    процесстерін,   қылмыстық   жауаптылықтың    деференциясымен   индивидуализациясын  біршама   үлкен  дәрежедегі   тенденцияларын   көрсететін   ұғым  «  қылмыстық   жауаптылық   субьектісі»   түсінігі   болар   еді   деген   пікірмен   келісеміз.

Қылмыстық   жауаптылық    субьектісі  —  бұл қылмыс   құрамының   элементі   және   қылмыстық   жауаптылық   негіздерімен   қатысты   болады.   Қылмыс   жауаптылық    субьектісі   ретінде   біз,  қылмыстық    заңда  бекітілген  қоғамға   қауіпті   әрекет   жасаған,   заңда   анықталған   жасқа  толған,   есі   дұрыс,   ал   кейбір   жағдайда   заң   нормаларынды   көзделген   ерекше   белгілерді   иеленетін   адамды   түсінуді   ұсынамыз.   Егер   адам   жауаптылық    іс   жүзінде   асырылатындығын   білдірмейді,   себебі   қылмыс   жасаған   адам   оны   қылмыстық   кодексте   көрсетілген   немесе   басқа  да   заңи   маңызды   фактілердің  (   субьектінің   өлімі,   психикалық   ауруы  )   болуының    негізінде   тарпауы   да   мүмкін.   « Қылмыс   субьектісі  »   категориясында   қолдана   отырып   біз   қылмыс   жасаған   адамды   ресми   мойындалған   қылмыскер   ретінде   қорытындылаймыз.

      Қорытынды

Сонымен,   қылмыскер    тұлғасының   мәнін   қоғамдық  қатынастар   құрайды.   Сондықтан   қылмыскер   тұлғасын   сипаттау   үшін,   ең   алдымен   оны   тұлға   ретінде   қалыптастырған   қоғамдық   қатынастарды   және   ол   субьектісі   болып   табылатын   қоғамдық   қатынастарды   айқындау   қажет.   Олай   болса   қылмыс   биологиялық   анықталған   әрекет   емес,   керісінше   әлеуметтік   әрекет,   сондықтан   да   заң   шығарушылар   ол   үшін   жауаптылық   пен   жаза   белгілейді.   Егер   бұл   олай   болмаса,   заң   адамдардың   әрекеттерін   реттей   алмаған   болар   еді.

Қылмыскер   тұлғасының   мәні   қоғамдық   өмір   жағдайының   әсерімен   қалыптасқан   қасиеттермен,   сол   адамның    өмірлік   тарихымен,   ол   кішкентайынан   өмір   сүрген   микроортасы   арқылы   анықталады.   Қылмыскер   тұлғасы   кез   —   келген   өзге   адам   тұрғысы   сияқты   табиғи,   психофизиологиялық   қасиеттермен,   яғни   нерв   жүйесінің   түрімен,   оның   негізінде   қалыптасатын   темпераменттермен,   жас   және   жыныс   ерекшеліктермен   сипатталады.   Бұл   ерекшеліктер   адамның   динамикасына,   байланыстылығына,   реакцияның   жылдамдылығына,   нерв   процестерінің   құбылмалылығы,   тұлға   әрекетінде   олардың   байқаулы,   қозуы   және   тежелу   сияқты   қоғамдық   функцияны   орындау қабілеттігіне   әсер   етеді.   Алайда,   бұл   белгілер   барлық   қылмыскерлерді   айқындайтын,   не   болмаса   қандай   да   бір   адамды   қылмыскер   қатарына   жатқызуға   көмектесетін   белгілердің   жиынтығын   деп   есептеу   үлкен   қателік   болып   табылады.   Неге   десеңіз,   адам   тұлғасының   деформациялануы   біріңғай   түрде   жүрмейді.   Оның   үстіне   әрбір   қылмыскер   кез   келген   ақыл   есі  дұрыс   адам   сияқты   өзіндік   қайталанбастыққа  ие  тұлға.

Қазіргі   таңда  осы   қылмыскер тұлғасын  әрі қарай дамыту,  оның  төңірегінде жатқан  мәселелерді   көтетеріп   зерттеу үшін,  қандай  да  бір институтты  құру  арқылы  келесідей ахуалдарды  шешуге  мүмкіншілік тудырады:  қылмыстардың  пайда болуына жағдай  туғызу,   қолайлы  болу  себептерін  және   жағдайларын  оқып  білу;  жекелеген  қылмыстардың  себептері  мен  жағдайлары;  қылмыспен  күресудегі  әдістер  мен  әлеуметтік  қорғау   шараларының  тиімділігін  зерттеу;  қамалған   тұлғалардың  пенитенциярлық  ықпалын,  сондай  ақ  оны  зерттеуде  әдістермен  жүйесін  жетілдіру;  жазаны  атқарудағы  шаралар   қамалған   тұлғаларға  әсер  етуі,  пенитенциярлық  жүйесін  қоса  қылмыстық  саясаттың  қарастырылатын  сұрақтарын  дамыту.

Қылмыскер   тұлғасына    жүргізілген   психологиялық   және   әлеуметтік   зерттеулер   тынымсыз   жүру   үстінде.   Әрине,   қылмыскер   тұлғасын,   оның   қоғамға   қауіптілігін,   тұлғаның   деформациялануы   деңгейін   дұрыс   сипаттау   және   бағалау   үшін,   ең   алдымен   жағымды   және   жағымсыз   әрекеттерінің   жасалуына   жол   ашатын   барлық   қасиеттерін,   тұлғалық   ерекшеліктерін   обьективті   түрде   ескеруіміз   қажет.   Ендеше,   біз   қылмыс   жасаған   адамның   бойынан   жеке   және   жалпы   белгілерге   ие   индивидті,    қоғамның   толық   құқылы   өкілін,   біздің   болмысымыздың,   өкінішке   орай,   көлеңке   жағын   ашатын   адамды   көруіміз   қажет.                                        Қылмыс   жасаған    адамды,   оның   тұлғасының   қалыптасу    процесін,   оның   әрекетіндегі   қоғамға   қарсы   бағыттылықтың   пісіп   жетілуіне   жағдай   жасайтын   ішкі   және   сыртқы   жағдайларды,   әлеуметтік   және   психологиялық   факторларды   зерттеу  -жеке   қылмыстық   әрекеттің   себебін   едәуір   толық   ашуға   апаратын   жолдардың   бірі   ғана   емес,   сонымен   бірге   жалпы   қылмыстылықпен   күрес   жүргізудің   бірден   бір   тиімді   жолы   болып   табылады.

Қылмыскер   тұлғасы    қылмыс   субьектісінің    әлеуметтік  —   демографиялық,   әлеуметтік  —   рөлдік,   әлеуметтік   —   психологиялық   қасиеттерінің   жүйесі   ретінде   зерттеледі.   Қылмыскер   тұлғасына   қатысты   оның   бойындағы   әлеуметтік   және   биологиялық   ара   қатынас   қарастырылады.

Қылмыскер   тұлғасын   қалған   басқа    адамдар   көпшілігінен   ажыратып   көрсету    құқықтық   және   әлеуметтік   (әлеуметтік   —   психологиялық)   критерийлер   негізінде   жүзеге   асырылады.   Қылмыскер   тұлғасын   тек   құқықтық   критерий   тұрғысынан   анықтау,   оны   қылмыс   жасаған   адам   ретінде   қарастырады.   Бірақ,   мұндай   тұрғыдан   қарау   тавтология   элементтерін   көрсетеді.   Қылмыскер   тұлғасының    мұндай   түсінігі   «формальды   сипатқа   ие».

Нақты   бір    қылмыкерге   ғана  тән   қасиеттер    мен   сипаттарын   зерттеп,   оған   байланысты   оның   қылмыстық   әрекетінің   себебін   айтуға   болады,   алайда   бұл   тұрғыдан   ұылмыстың  жалпы   себептерін   анықтау   мүмкін   емес.   Сондықтан,   қылмыскердің   тұлғасын   топ   деңгейінде   және   «қылмыс   субьектісінің»   жиынтығы   ретінде   біртұтастай,  яғни   типологияны   пайдалана   отырып   зерттеу   қажет.   Мұндай   зерттеуде  жасаған   қылмысының   ұқсастығына   және   қылмыстық   әрекет   субьектісінің  жеке   қасиеттерінің   мазмұнына байланысты   қылмыскерлердің   категориялары   мен   типтері   зерттеледі.Қылмыскер   тұлғасын   зерттеуде   бірден   бір   күрделі   де   түбірлі   мәселелердің  бірі  болып    қылмыскер   тұлғасындағы   әлеуметтіктің   және   биолгиялықтың   арақатынасы   болып   табылады.

Осылайша,   қылмыскердің  тұлғасы -бұл адамды   және   оның   қоғамдық   өмірдің   әр   түрлі   жақтары   мен   көріністріндегі   әлеуметтік   маңызды   және   индивидуалды   белгілердің   және   басқа   да   көрсеткіштердің   белгілі   бір   жиынтығы   немесе   олардың   жүйесі   болып   табылады.

  Қолданылған  әдебиеттер  тізімі:

Алауханов Е.О.  Криминология ( Қылмыстану): Оқулық. —  Алматы: — Жеті  жарғы, 2005.

Алмас Жұмағали  Криминолоия ( Жалпы бөлім ) дәрістер. Алматы – 2004

Антонян Ю.М. Изучение личности преступника М., 1982.

Антонян Ю.М Жестокость в нашей жизни. – М., 1995.

Ведерников Н.Т. «Изучение личности преступника в процессе раследования». Автореферат канд. дис. – М., 1965.

Демин М.В. Проблемы теории личности. – М.: Изд. МГУ, 1997.

Джекебаев У.С. О социально – психологических аспектах преступного поведения. – Алматы, 1971.

Криминология   Под.ред Н.А. Беляева.  СП б. 1992

Криминология.   Под. ред. Долгова – М.,  1996

Каиржанов Е. Криминология  (общая  часть). – Алматы. Респ. изд. кабинет. 1995.

Карпец И.И. Проблема преступности. – М., 1969.

Криминология   Под. ред.  В.Н.Кудрявцева  и  В.Э.Эминова, — М.,  2000.

Криминология   Под.ред Н.А. Беляева.  СП б. 1992

Кудрявцев В.Н. Право  и  поведение. – М., 1978

Кузнецов А.В. Уголовнае  право  и  личность. – М., 1977

Уголовная  право  РК. Общая  часть. – Алматы: Жеті  жарғы , 1998.