Құжаттарды сақтау режімі, шағынфильмдеу

Құжаттарды сақтау режімі, шағынфильмдеу туралы қазақша реферат

Құжаттарды сақтаудың оңтайлы жағдайларын қамтамасыз етуде температуралық-ылғалдылық пропорцияларға аса мән беріледі. Ақпарат тасымалдаушылардың түрлеріне байланысты олардың ылғалдылықты қажет ететін нормалары да әр түрлі болады. Ақпарат көздері (ақпарат тасымалдаушылар) үшін ылғалдықтың жетіспеушілігі де, көп болуы да зиян. Ылғалдың көп болуы заттың сығымдылығын әсер етіп қана қоймай, әр түрлі биологиялық зиянкестердің пайда болуына, ал құрғақ ауа уақыт өткен сайын материалдың сынғыш болуына алып келеді. Оңтайлы температуралық-ылғалдық режимі +17/19С, ал ауаның салыстырмалы түрде – 46/56 % болуы керек. қорғалуы тиіс.

Ауа тазартқыш жүйелермен жабдықталған мұрағат қоймаларында құжаттарды сақтау үшін мынадай оңтайлы температуралық-ылғалдылық режімі белгіленеді:

1) қағаз негіздегі құжаттар үшін — температура +17 — +19 о  С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 50-55 %;

2) ақ-қара үлдірдегі құжаттар үшін — температура +15 о  С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 40-55 %;

3) түрлі түсті үлдірдегі құжаттар үшін — температура +2 — +5 о  С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 40-55 %;

4) электрондық негіздегі құжаттар үшін — температура  +15 — +25 о  С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 40-60 %.

Ауа райы реттелмейтін мұрағат қоймаларында ғимаратты тиімді тәсілдермен жылыту, желдету және ауаны ылғалдату (құрғату) жүзеге асырылады.

Температура мен ылғалдылық арнайы техникалық құралдар – термометр, психрометр, гигрометрмен есептелініп отырылады. Оңтайлы жағдайлардың орнығуы үшін ауа райы параметрлерін аптасына кем дегенде екі рет бір мезгілде өлшеп отыру жолымен бақыланады. Аспаптар көрсеткіштері тіркеу журналына жазылып отырады. Тіркеу журналының үлгісін ведомстволық мұрағат анықтайды. Температуралық-ылғалдылық режімдерін бақылау-өлшеу аспаптары (термометрлер, психрометрлер, гигрометрлер) жылытқыш және желдеткіш жүйелерден аулақ қойылады

Мұрағат қоймаларында шаңдардан арылту жұмыстары жүргізіледі. Ғылыми-техникалық өңдеу істерді пайдалануға беру кезінде әрбір бірліктің жай-күйі мұқият тексеріледі, оның бүлінген, қайта қалпына келтіру мен санитарлық-гигиеналық өңдеулерді қажет ететін жерлерінің бар-жоқ екендігі анықталынады.

Құжаттарды сақтау жарық, температуралық-ылғалдылық және санитарлық-гигиеналық режімдерді, соған сәйкес белгіленген нормативтік өлшемдерді қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.

Мұрағат қоймаларына терезе көздеріне жалюздер, қорғаныш сүзгілер, перделер немесе боялған әйнектер қолдану арқылы шашыраңқы жарық түсіруге рұқсат етіледі.

Жасанды жарық үшін беті тегіс жабық плафондар ішінде жанатын лампалар немесе жарық шұғыласы ультракүлгін түсті бөліктерге бөлінетін люминесцентті лампалар қолданылады.

Электрондық негіздегі құжаттар жарық тікелей түспейтін жағдайда сақталады және ауа құрамындағы қауіпті қоспалардан (күкіртті газдан, күкіртті сутегінен, сынап буларынан, азот тотығынан, аммиактан) және электромагниттік-ионизациялық (радиациялық) әсерлерден қосымша қорғалуы тиіс.

Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету ету жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыру мақсатында 1956 жылы Микрофотокөшірме жасау және қалпына келтіру орталық зертханасы ұйымдастырылады

Құжаттың сақталуын қамтамасыз етудегі үшінші – ең маңызды фактор шағынфильмдеу және қалпына келтіру болып табылады

Қағаз негізіндегі құжаттарды шағынфильмдеу әлемдік тәжірибеде құжат ақпарттарын сақтаудығы неғұрлым тиімді бағыт болып есептеледі және ол түпнұсқаға тән элементтердің бәрін сақтайды.

Шағынфильмдеу (микрофотокөшірмелеу) – айырықша құнды құжаттардың сақтық қорын жасау, яғни түпңұсқаны, кітапты, қолжазбаны немесе газетті 35 мм-лік үлдір (пленка) кадрлары бойынша фотоға түсіру тәсілі.

Сақтық қор ұсталмайтын, қол сұғылмайтын құжаттар жиынтығы болып табылады және олар түпңұсқалардан бөлек, арнайы мұрағат қоймаларында сақталады.

Сақтық көшірмелердің кезектілік реті бірегей және айырықша құнды құжаттардың физикалық жай-күйіне және олардың қолданылу жиілігіне байланысты белгіленеді. Олардың арасындағы ең жиі пайдаланылатын әрі материалдық негізі мен құжаттық ақпараттарына ақау түскендері бірінші кезекте көшірмеленеді.

Бірегей және айырықша құнды құжаттардың сақтық көшірмелерін жасау технологиялық регламенттерге және қолданыстағы һөзге де нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік мұрағаттардың кинофотоқұжаттармен жұмыс жүргізудегі негізгі ережелерінде белгіленген классификацияға сәйкес негативтер (сақтық қор), конратиптер, позитивтер (пайдалану қоры) мұрағатта сақталады. Олардың ішінде бейне негативтері түпнұсқа (оригинал) болып атбылады.

Шағынфильмдеу қоймалардың көлемін орта есеппен 90%-ға қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге тарихи немесе көркемдк құндылығы жоғары сирек кездесетін басылымдарға оқырмандар қауымының еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Мұнымен қатар құжаттардың түпнұсқаларын жиі пайдаланудан болатын бүлінулерден сақтайды, шағынфильм көшірмелерін басып шығаруғы қолайлы жағдай жасайды.