Құжаттама мен жазбаларға қойылатын талаптар және оларды басқару

ЫМЖ құжаттамасы келесі бес деңгейлі сұлба бойынша құрылған:

1 деңгей – сапа және қоршаған ортаны қорғау саласындағы «Қарашығанақ» кен орнының саясаты;

2 деңгей — Сапа жөніндегі басшылық және қоршаған ортаны басқару жүйесі бойынша Басшылық;

З деңгей — талаптарды белгілейтін және үдерістердің орындалуын реттейтін құжатталған әдістемелер;

4 деңгей — 2 деңгей әдістемелерінің талаптарын айқындайтын жұмыстық нұсқаулықтар мен процедуралар;

5 деңгей — сапа және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтің орындалуын реттейтін және растайтын ЫМЖ жазбалары.

ҚОБЖ қатысты құжаттамаларды мемлекеттік заңнамалық және нормативтік актілердің талаптарының, Үкімет қаулыларының, салалық және салааралық қауіпсіздік ережелерінің, ішкі БҚ қоршаған ортаны қорғау бойынша типтік нұсқаулықтарының негізінде әзірлейді.

Орталық аппарат бойынша ЫМЖ құжаттамасын басқаруды ISO стандарттарын енгізу бойынша қызмет орталығы, филиалдар бойынша — стандарттау бойынша бас мамандар, филиалдардың құрылымдық бөлімшелері бойынша — ЫМЖ құжаттамасын жүргізуге жауапты тұлғалар жүзеге асырады.

Қызмет нәтижелері бойынша есептік құжаттардың жағдайын жұмыстық қалыпта жүргізу және қолдау ЫМЖ нәтижелі функциялаудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Жазбалар құрамы үдерістердің иелерімен анықталады, ал олардың формалары құжаттамалық әдістемелердің қосымшаларында келтірілген.

Тіркелген мәліметтер құжаттың әрбір түріне арналған белгіленген мерзімге сәйкес сақталады.

Басшылық жауапкершілігі

Басшылық міндеттемелері

«Қарашығанақ» кен орнының басшылығы ЫМЖ әзірленуі мен тиімді енгізілуін қамтамасыздандырды, ЫМЖ жұмыстық жағдайын қолдау бойынша өз міндеттемелерін растайды және өзіне жүктелген міндеттемелерді орындау мақсатында мыналарды қамтамасыз етеді:

— барлық басқарма қызметкерлеріне тұтынушылардың, сонымен қатар реттелген және заңнамалық талаптарының орындау маңыздылығы туралы хабарлау;

— сапа және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатты қалыптастыру;

— сапа және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мақсаттарды белгілеу;

— ЫМЖ талдауын жүргізу;

— барлық қажетті ресурстардың болуы.