Загрузка...

Құрылыс – монтаждау жұмыстарының өзіндік құнын калькуляциялау әдістері

Загрузка...

Кәсіпорын қызметін басқару жүйесін қайта ұйымдастыру отандық өндірістік есеп үшін «өндіріске жұмсалған шығындар есебі» және «өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау» ұғымдарын бағалауда жаңа мүмкіндіктер ашады.

Шығындар есебінің объектісі әртүрлі өндірістік шеңберде анықталуы мүмкін. Бұл ақпараттарды пайдаланушылар мен басқарудың мақсатына байланысты болады. Шығындар есебінің нақты объектісінің сипаттамасы шығындарды бағалау әдісі мен өндірістегі есеп жүйесінің түрін анықтайды.

Есепке алынатын шығындардың көлемі мен сипаттамасы бойынша өнімнің (қызметтің, тауардың) өзіндік құны 3 түрге бөлінеді:

  • Ø Цехтық өзіндік құн — өз құрамына цехтың шеңберіндегі өнім өндірісінің шығындарын енгізеді, жекелеген түрде, өнім өндірісіне материалдық шығындар, цехтық құрал – жабдықтардың амортизациясы, цехтың негізгі өндістік жұмысшы күшінің еңбекақысы, әлеуметтік аударымдар, цехтық құрал – жабдықты ұстау мен пайдалану шығындары, жалпыцехтық шығындар енеді.
  • Ø  Өндірістік өзіндік құн (дайын өнімнің өзіндік құны) —  цехтық өзіндік құннан басқа өз құрамына жалпы зауыттық шығындарды (әкімшілік – басқару және жалпы шаруашылық шығындары) және қосымша өндіріс шығындарын құрамына енгізеді. Оған кәсіпорын ішінде өнімді тасымалдау шығындары да (бидай, азық) кіреді,ол қорытындылаушы болып табылады.
  • Ø Толық (коммерциялық) өзіндік құн — өнімнің (қызметтің, тауардың) өзіндік құнын және оны өндіру шығындарын (коммерциялық шығындар, өндірістен тыс шығыстар) біріктіретін көрсеткіш. Сонымен қатар бұның құрамына қаптау бойынша шығындар, тиеу және түсіру бойынша шығындар, орнына жеткізу бойынша шығындар енеді.

Сметаны жасау кұрылыс объектілерінің өзіндік құнын нормативті калькуляциялауға негізделген, осы мақсатта материалдардың, енбек және қаражат шығындарының сметалық көлемі анықталады. Құрылыс жұмыстарының сметалық өзіндік кұнының негізі, ол құрылыс материалдарын дайындауға сметалық калькуляция,  құрылыс машиналарын  пайдалану және  еңбек шығыңдары болады. Сметалық нормаларды жасағанда орташа шарттар мен барлық кешенді құрылыс жұмыстары ескеріле отырып, құрылыс жұмыстарының тәсілдері қолданылады.         Калькуляциялау мақсаты — шығындар түрін жүйелеп, құрылысты ұйымдастыруда дұрыс шешім қабылдауға әрекет ету. Бұл мақсат төмендегідей бағытты қамтуы шарт:

1) ішкі аудитті жургізу;

2) жоспарланған көрсеткіштердің орындалуын бағалау;

3) жұмыс түріне қарай тиімділігін анықтау;

4) шығын мөлшерін азайтудың жолдарын анықтау;

5) инновациялық әдістерді қолдану қажеттілігін тану.

Бүгінгі күні қолданылып отырған тәжірибеде көрсетілгендей құрылыс кәсіпорындары калькуляциялық шығындар баптарын қолданады, яғни:

1)  материалдар;

2)  жұмысшылардың еңбекақысы;

3)  құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану үшін кеткен шығындар;

4)  үстеме шығындар.

Өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктері мен технологиясына байланысты өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың бірнеше әдістері қолданылады.

Калькуляциялауды жасау мерзімі: алдын ала және кейінгі (немесе кезектегі) болып екіге белінеді. Алдын ала жасалатын калькуляция өнімді шығарғанға дейін өндіріске қажетті деңгейдегі шығындардың мөлшерін топшылайды. Оған жоспарлы, сметалық және нормативтік калькуляция жатады.

Жоспарлы калькуляция — өнімге (жұмысқа, қызметке) және бұйым бірлігіне мүмкін болатын шығындардың деңгейінде анықталады, бірақ ол кезде жалақының, энергияның, отынның, материалдардың нормасы, өндірістің технологиясы, сондай-ақ резервтері ескеріледі.

Сметалық (болжамдық) калькуляция, бұл — жоспарлы каль-куляцияның бір түрі, ол жоспарланған және жаңадан игерілген бұйымның негізінде жасалады. Ол жоспарлы калькуляцияны жасауға негіз бола алады.

Нормативтік калькуляция ағымдағы жоспарлы калькуляцияның бір түрі болып табылады. Бұл аталған әдіс шығындарды есептеудің нормативтік әдісін және кәсіпорынның Өзінде пайдаланып жүрген өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын колданады. Оның негізінде қол жеткен шығындар деңгейі, сипаттайтын ағымдағы және әрекет етіп тұрған нормаларды пайдаланады. Нормативті калькуляцияның жоспарлы калькуляцияға карағанда дәлділігі анағұрлым жоғарылау болып келеді.

Кейінгі (немесе кезекті) калькуляция өнім шығарылғаннан соң, бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша жасалынады. Олар нақты шығынды көрсетеді. Оларға нақты (есеп беру калькуляциясы) және шамаланған калькуляция жатады.

Шамаланған   калькуляция   нақты   шығындар   және   сол  айдың ішінде алынған өнімдер немесе басқа да кезеңге есептелген шығындар деңгейінде жасалады. Калькуляцияның бұл түрі ағымдағы жылдағы өндірілген өнімнің нәтижесін алдын бағалау үшін пайдаланылады.

Өнімнің (қызметтің, жұмыстың) өзіндік құнын есептеу әдістеріне тоқталып кетск олардың келесідей әдістері бар: процесстік, қайта бөлу, тапсырыстық, партиялық (операциялық) калькуляция және шығындардың функциялар бойынша есебі жатады. Шығындардың функциялар бойынша есебі кәсіпорын басқармасының тұлғалық ерекшеліктеріне қарай негізделеді, ал қалғандары кәсіпорынның салалық ерекшеліктеріне, яғни өнім өндірудің (қызмет көрсету, жұмыстың) технологиялық үрдістің ерекшеліктеріне байланысты қолданылады.

Енді құрылыстағы өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін кәсіпорын өзіне тән әдісті қолдануы мүмкін. Солардың бірі – тапсырыстық әдіс.Бұл әдіс арнайы тапсырыспен орындалатын жұмыс түрін калькуляциялауға арналған. Бір ерекшелігі – құрылыс саласына негізделген, әрі шығын баптарына жекеленіп, өндірістік тапсырыстың сметалық құрылымына сәйкес, алдын – ала анықталған мөлшері бойынша анықталады. Тапсырыс орындалғанға дейін барлық шығын аяқталмаған өндіріс болып табылады. Әрбір құрылыс нысанына шығындар жеке – жеке есептелінеді, әрі әрбір есепті кезеңде орындалған жұмыс деңгейін сметалық мөлшермен салыстырып, өзіндік құнын калькуляциялайды. Бағалау тікелей орындалған жұмыс көлеміне жасалады және уақыт аралығына мән берілмейді. Бұл әдістің бір тиімділігі тапсырушы тапсырманың әрбір есепті кезеңде қандай үлестік салмағы орындалғанынан хабардар болып отырады.

Тапсырыс орындалуын көздейтін процедура әртүрлі кәсіпорындарда әртүрлі болуы мүмкін. Егер тауар сатып алушыға жүктелсе, онда тапсырыс орындалды деп, ал егер клиент орындалған жұмыс актісіне қол қойса, қызмет орындалды деп саналады. Табыс белгілі құжаттар толтырылғанна кейін тіркеледі – акттар, тауардың жүктеушіге бергені туралы куәлік және т.б. егер есептік кезең ішінде бұл болмаса, онда тапсырыс кезең аяғында аяқталмаған өндіріс құрамында болады. Бұндай аяқталмаған өндірістің бағалауы тапсырыс карточкалары арқылы жүзеге асырылады.

Өндірісті анықтауға болмайтын, тапсырысқа апарылған негізгі және үстеме шығындар сомасы есептік кезең аяғында аяқталмаған өндірісті құрайды. Егер есептік кезең аяғында бұндай жаңа басталған тапсырыстардың көлемі көп болса, оларға (сонымен қатар қорлар көлеміне) жалпыөндірістік шығындардың елеулі бөлігі апарылады, бұл қаржылық нәтиженің үлкен мөлшеріне әкеледі. Есеп саясатына сәйкес егер тапсырысқа тек қана жалпыөндірістік шығындар ғана емес, сонымен қатар жалпышаруашылық шығындар апарылса, әсер бұдан да анық болады. Бұл жағдайда табыс жоғары болады – бұл үлкен өндірістің нәтижесі емес, бұл үстеме шығындарды бөлу әдісін таңдаудың нәтижесі.

Өзінің орындалуы үшін ұзақ мерзімді талап ететін тапсырыстарда (мысалы, кеме құрылысында, басқарушылық консультацияда) тапсырысты сатылы түрде біршене кезеңдерде «жабу» арқылы орындау қарастырылады.

Дайын өнімнің тапсырыстық әдістегі өзіндік құны келесі кестеде көрсетілген.

Негізгі және үстеме шығындар  жеке, бір – біріне ұқсамайтын жеке тапсырыстарға апарылады  даналардан (тапсырыстардан) .тұрады

Сметаны құрғанда ресурстық және базистік — өтемдік құрылыстың құнын анықтайтын әдіс қолданылуы мүмкін. Ресурстық әдіс тарифтер мен ағымдағы бағаны қолдану арқылы калькуляциялау, қажеттілікті табиғи көрсеткіштер түрінде: материалдар, өнімдер, құрылғылар, құрылыс орнына жеткізу әдістері және арақашықтығы берілген, құрылыс машиналарын іске асыру уақыты және олардың құрамы, жұмысшылардың еңбек шығындары және т.б.

Базистік — өтемдік әдіс құнды сомалауды көрсетеді, сметалық бағаның базистік деңгейде өтелуі 01.01.1991 жылдан бастап қолданысқа еңгізілген және тапсырыс беруші кәсіпорын,сонымен қатар мердігерлік кәсіпорынның қосымша шығындары есеп – айырысу жолымен анықталады, тарифтер мен ағымдағы бағаның өзгеруі келешектегі осы құрылыстағы есеп – айырысу процесін нақтылауға тәуелді болып табылады [ ].

Алғашқы сметалық құжаттар локальды смета болып табылады, ортақ алаңдық жұмыс көлемі негізінде немесе үйлер мен ғимараттар шығындары және жеке жұмыс түрлері үшін базистік баға деңгейінде жасалынады, жұмыс жобалары және жұмыс құжаттарын өңдеуге анықталады. Локальдық сметамен анықталатын құрылыс жұмыстарының құны өзіне тікелей шығын, қосымша шығын және сметалық пайданы еңгізеді.

Базистік баға деңгейіндегі тікелей шығындар еңбекақы төлеу құнымен, материалдар, өнімдер және құрылғылар, құрылыс машиналарын іске қосу есепке алынады.

Процесстік әдіс – үздіксіз үрдісті қамтитын өндіріс. Бұндай өндірістердегі өнімнің шығарылымының дәстүрлі нұсқасы өндірістің жаппай типінде қолданылады, ол төрт негізгі ерекшеліктермен сипатталады:

  1. ұзақ емес өндірістік кезең;
  2. өнімнің шектеулі номенклатурасы;
  3. барлық өнімнің бір сипаттамасының болуы;
  4. шалафабрикаттар мен аяқталмаған өндірістің мүлдем болмауы немесе мардымсыз үлесі.

Бұндай салалардың мысалы ретінде өндіруші (мұнай-газ, көмір және т.б.), көлік және энергетика болады. Шығындар есебінің көлемі мен калькуляция объектісі ретінде дайын өнім саналады.

Бұндай өндірістің ұйымдастырылуы ірі компанияларға, капитал сыйымды салаларда жұмыс істейтін кәсіпорындарға тән. Бұндай кәсіпорындарға болашақта жұмысын жалғастыру үшін, сонымен қатар өндірістің ағымдағы қалпын сақтап тұру үшін үлкен қаржылық салымдар қажет. Бұл салымдар көбінесе тәуекелді болып келеді, бұндай шығындарды кәсіпорынның қаржылық нәтижелілігін анықтағанда ескеру қажет.

Жаппай өндірістің ең қарапайым типіне жылу кәсіпорындары жатады, оларда дайын өнім қорлары болмайды. Бұндай жағдайда өзіндік құнды анықтаудың жай бір қадамды әдісі қолданылады. Өнім данасының өзіндік құны шығындардың толық сомасының период ішіндегі шығарылған өнім данасының санына бөлу арқылы табылады (1):

С= Z / X

Мұндағы C – өнім данасыны өзіндік құны, тг

Z – период ішіндегі жалпы шығындар, тг

X – шығарылған өнім данасының саны (дана, шақырым, кВт және т.б.)

Нақты іскерлік тәжиребеде бұндай сипаттағы өндірістер сондай көп емес, бұл тек қана энергетика, көлік және қызметтің кейбір түрлері ғана болып табылады.

Тек қана 4 негізгі талапты қанағаттандыратын өндірістер бұған қарағанда анағұрлым көп. Олар үшін өзіндік құнды анықтаудың жай екі қадамды әдісі қоданылады. Ол үшін өндірістік және өндірістік емес (коммерциялық және әкімшілік) есептегі шығындарды бөліп алу керек. Өндірістік шығындар барлық өндірілген дайын өнімге қатысты, ал өндірістік емес шығындарға кезең шығындары жатады және олар өндірілген өнімге жатқызылады. Өзіндік құнды есептеу формуласы (2):

 

С = ( Zөнд. / Xдайын өнім ) + (Zөнд.емес / Xөнд.өнім )

 

Мұндағы  Zөнд. — өндірістік шығындар

Xдайын өнім – кезең ішінде шығарылған дайын өнім данасының саны

Zөнд.емес – кезеңнің өндірістік емес шығындары

Xөнд.өнім – кезең ішінде өндірілген өнім данасының саны

Өзіндік құнды есептеудің бұндай нұсқасы тек қана өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтауға ғана емес, сонымен қатар осы кезеңде дайындалған, бірақ өндірілмеген өнімді бағалауға мүмкіндік береді.

Қайта бөлу әдісі процесстік әдістің логикалық дамуы болып табылады, себебі  біріншісі де, екіншісі де бір өндіріс үрдісін ұйымдастыруда қолданылады.

Қайта бөлу өзіндік құнды анықтау тәсілі өнім өзінің технологиялық циклі кезінде бірнеше кезеңдерден (қайта бөлулерден) өтетін және әрбір кезеңде жаңа шығындар қосылатын кәсіпорындар мен салаларда қолданылады.

Қайта бөлу – бұл технологиялық операциялардың мазмұнды және кеңістік жалпыланған жиынтығы, соңғы өнімді өндірудің толық технологиялық үрдісінің құрамдас бөлігі. Әрбір қайта бөлу нәтижесінде шалафабрикат пайда болады, ол технологиялы тізбек бойынша әрі қарай өңделуге немесе шет жаққа өндірілуі мүмкін. Шығарылатын өнімнің үлкен көлемі өндіріс үрдісінде әрбір дананы жекешелендіруге мүмкіндік бермейді, сол себепті бұндай өндіріс жалпылама деп аталады.

Егер қайта бөлу ішінде бұйымды (шалафабрикатты) өндіру циклі үлкен болмаса және есептік кезеңнің соңында цехішілік аяқталмаған өндіріс болмаса, онда өзіндік құнды есептеу үшін қарапайым көпсатылы әдіс қолданылады.  Ол жай екі сатылы әдісінің жалғасы болып келеді.

Әрбір қайта бөлуде есептік кезең ішінде жинақталған өндірістік шығындар осы қайта бөлу шеңберінде шығарылған өнімге апарылады, ал өндірістік емес шығындар (кезең шығындары) өндірілген өнімге қатысты. Өзіндік құнды есептеу формуласы (3):

С = (Z(1) өнд. / X(2)дайын өнім) + (Z(2)өнд. / X(2)дайын өнім) + … +  (Z(п)өнд./ X(п)дайын өнім) + (Z өнд,емес шығ. / Xөнд.өнім)

Мұндағы Z(і) өнд. – і кайта бөлу кезіндегі өндірістік шығындар, ақша бірл.

X(і)дайын өнім – і қайта бөлудің табиғи өлшемдегі дайын өнімі

Z өнд,емес шығ. — өндірістік емес шығындар (кезеңдік), ақша бірл.

Xөнд.өнім — кезең ішінде өндірілген табиғи өлшемдегі өнім

 

Көптеген жаппай өндірістерде үрдістің ерекшелігі — негізгі материалдық шығындар тек үрдіс басында, яғни алғашқы қайта бөлуде болатынында. Аналитикалық мақсатта материалдық шығындарды жеке жүргізген, ал қайта бөлулер бойынша тек қана еңбек шығындарын және жалпы өндірістік, яғни қосылған шығындарды көрсеткен абзал.   Егер басқа келесі кезеңдер өнімге өндіру барысында құнды тек қана қосатын болса,  онда шығындарды өндіру кезеңдері бойынша калькуляциялау әдісін қолдануға болады. Өнімнің данасының өзіндік құнын келесі формуламен көрсетуге болады (4):

С = Zмат. + (Z(1) қос. / X(2)дайын өнім) + (Z(2)қос. / X(2)дайын өнім) + … +  (Z(п)қос./ X(п)дайын өнім) + (Z өнд,емес шығ. / Xөнд. өнім)


Мұндағы  Zмат.  — материалдардың үлесті шығындары, ақша бірл.

Z(і) қос. – і қайта бөлудің қосылған шығындары, ақша бірл.

X(і)дайын өнім – і қайта бөлудің табиғи өлшемдегі дайын өнімі

Z өнд,емес шығ.  — өндірістік емес шығындар (кезеңдік), ақша бірл.

Xөнд. өнім – кезең ішіндегі өндірілген табиғи өлшемдегі өнім

Қарапайым көпсатылы калькуляция әдісі тек қана аяқталмаған өндіріс бар жерде ғана емес, сонымен қатар өндіріс үрдісі барлық кезеңдерде толығымен үйлесімді ұйымдастырылған жағдайларда, яғни аяқталмаған өндіріс қалдықтары барлық қайта бөлулерде әрбір уақытта бірдей  болғанда қолданылады.

Тапсырыстық әдістің түрлерінің бірі – партиялық (операциялық) әдіс. Бұл әдіс те алдыңғысы сияқты клиеттің қажеттілігіне бағытталса да, ол процесстің әдістің сипаттамасына ие болып келеді.

Партиялық әдіс тапсырыс ретінде қарастырылатын шығарылымның жеке даналары өзінің өндірісі барысында бірнеше өндіріс кезеңдерінен (операцияларынан) өткенде қолданылады, және әрбір дана үшін кезеңдер құрамы жеке болуы мүмкін, ал операцияардың бір бөлігі (әдетте өңдеудің бастапқы кезеңі)  — барлық бұйымдар үшін бірдей.

Бұндай өндіріске мысал ретінде жиһазды тапсырыс бойынша орындауды келтіруге болады. Кәсіпорын стандартты модульдерді өндіреді – орындықтар, шкафтар мен сөрелер, олар клиенттің қалауы бойынша өңдеудің жеке түрлеріне ұшырайды, әртүрлі беткі түрлермен, фурнитурамен, аксессуарлармен жабдықталады. Осылайша, тапсырыс бағасы кәсіпорын барлық операцияларда ерекшеліктеріне байланысты шығарған жеке модульдер мен шығындардың құндық сомасы ретінде анықталады. Партиялық әдістің екінші атауы – операциялық.

Загрузка...