ҚР-ның инновациялық қызметін сақтандыру ісі

Инновациялық қызметтің субъектілері және олардың материалдық құндылықтары әр түрлі қауіптіліктерге ұшырауы мүмкін, бұл инновациялық өнімді тиімді жасауға кедергі келтіреді. Бұл қауіптіліктер (жағдайлар) ұлттық шаруашылық жүйенің экономикалық, қоғамдық, саясаттық ұйым тәсілдерімен байланысты және табиғи, техногенді факторларды құрайтын физикалық болуы мүмкін. Инновация сферасының қауіптіліктерге ұшырауының барлығын есепке алу мен бейтараптау мүмкін емес, себебі инновациялық қызметтен табыстарды толық алмау және шығындардың пайда болу тәуекелділіктері болады. Тәуекелділік барлық ұйымдық-құқықтық формадағы кәсіпкерліктерге тән.  Қазақстандағы кәсіпкерлік инициативаны бірқалыпсыз салық ауыртпалығы, заңдардың өзгеруі т.б. сияқты факторлар тежейді,  ал инновациялық сферадағы жағдайды жоғары тәуекелділіктер күшейтеді. Осылардың әсерінен инновациялық жобаларға құралдарды инвестициялау, инновациялық қызметке нәтижелерді енгізу кезінде тиімсіз болады. Инвестициялық процестің табысты жүзеге асырылуы және оның нәтижелерін өндірістік қызметке енгізудегі міндетті шарты тәуекелділікті басқару болып табылады. Тәуекелділікті басқаруға сақтандыру қорғанысының әдістері, сонымен қатар мүмкін болатын алдын ала сақтандыру шаралары жатады. Инновациялық қызметте интеллектуалдық меншіктерді қорғаудағы құқықтық әдістерді қолдану, сенімді патенттік қызметтерді қолдану, жаңалықты өнеркәсіптік қолдану алдында маркетингтік және патенттік зерттеулерді жүргізу, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары және т.б. болуы мүмкін. Тәуекелділікті толықтай немесе оның белгілі бір бөлігін сақтандыруға болады. Осындай қорғаныс механизмін таңдау кезінде сақтандырылған тәуекелділік бойынша  залалдарды тұрақтандыру жүзеге асады, бұлар жиынтық түрде сақтандыру жарналардың сомасына тең болуы керек.  Осындай залалдарды өтеудегі жауапкершілікті сақтандыру компаниясына өзіне алады.

Сақтандыру қызметі үш түрге бөлінеді (оларға шығындардың үш түрі сәйкес келеді): алдын ала сақтандыру (предупреждение), алдын ала шараларды қолдану (пресечение), шаруашылық залалды өтеу.  Коммерциялық сақтандыру тәуекелділік факторлардың әрекет етуінің әсерінен болатын күйзелістік залалдарды алдын алу үшін шаруашылық субъектілердің құралдарын уақытында жұмсауға негізделеді.

Кәсіпорын өзінің мүлігін мемлекеттегі кең ауқымды сақтандыру бағдарламасы негізінде сақтандыра алады. Әрине, жауапкершілік тәуекелділіктері сақтандырылуы мүмкін және сақтандырылуы қажет сонымен қатар, персоналдың, тұтынушылардың, үшінші жақтың өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға, басқа да мүліктік, қаржылық тәуекелділіктерге зиян келтірудегі жауапкершілікті қоса алғанда. Өнімнің, қызметтің сапасына деген  жауапкершілік сақтандырылуы керек. Осы сипаттағы жауапкершілікті сақтандыру полисінің болуы ─ еуропалық нарықта тауарларды өткізудегі міндетті шарт.

Жаңа техника мен технологиялардың объектілерін енгізу кезінде кәсіпорын  материалдық және қаржылық активтерді, инновацияларға құралдарды жұмсауда  тәуекелділікке барады.  Кәсіпорынның басқа да активтерімен, өзіне жауапкершілікті алумен байланысты залалдарға тап болмауды қамтамасыз ететін қосымша сақтандыру кепілділіктерін тарту керек.  Жаңа техниканы енгізу жиі күтпеген қолайсыз зардаптармен байланысты, бұлар өздерінің артынан қосымша шығындарға алып келуі мүмкін, әр түрлі себептерге байланысты жоспарланған пайданы алмаумен сонымен қатар өндірістің тоқтап қалуымен байланысты. Қазақстандық сақтандырушылар жоғары сападағы қаржылық тәуекелділіктер сипаттағы осы сақтандыру қызмет түрін ұсыныла алады, бірақ кәсіпкер өзінің қаржылық тәуекелділіктерін сақтандыру кезінде ол тексеріске тап болады, яғни сақтандырушы компания оның бизнесін  тексереді. Сақтандырушының қауіпсіздікті сақтау қызметі кәсіпорынның бүкіл қызметін,  оның қызметін реттемелеуші құжаттарын, регистрация жөніндегі куәлігін, қызметті жүзеге асырудағы құқық беретін лицензиялар немесе патенттерді, аудиторлардың, қадағалау органдардың қорытындыларын, мүмкін болған жағдайда салықтық тексерулерді қарастыруға талаптанады. Сақтандырушының негізгі ынтасы кәсіпорынның несие тарихына және өткен сот істерімен байланыстылығына негізделген. Потенциалды сақтаушының кәсіпорынын тексеру процесінде оның басқа инновациялық жобаларын енгізу нәтижелері қарастырылады.

Кейінге қалдырылған өндірістегі инновациялық қызметтің тәуекелділіктерін қолдану туралы шешім қабылдаған кәсіпкер үшін енгізу этапында және содан кейінгіде маңыздырақ болып аварияларға, жаңа техника бойынша күтпеген жағдайларға, бұзылған құрал-жабдықтарға және т.б. байланысты өндірістің тоқтап қалу тәуекелділіктері табылады.

Өндірісте үзілістер болғандықтан, залалдарды сақтандыру айтарлықтай кең таралған. Жаңа техниканың нәтижелерін енгізу кезінде қолайсыз жағдайлардың, барлық өндірістің тоқтап қалуына ұшырататын сонымен қатар, жаңа техниканың немесе технологиялардың объектілерімен байланысты тәуекелділіктерін ескеру қажет. Сондықтан техникалық жаңалықтарды, прогресті өндірістік процестерді және т.б. енгізу туралы шешім қабылдаған кәсіпкер өндіріс үзілістеріне байланысты залалдарды сақтандыруды ойлау қажет. Өрттің салдарынан, сонымен қатар машиналар мен механизмдердің бұзылуынан болатын залалдарды  сақтандыруға (көптеген сақтандыру компанияларында осы тәуекел мүліктік сақтандыру келісімінде енгізіледі) болады.

Жаңа техниканы немесе технологияны енгізу кезінде кепілді қызмет көрсетудің болуын қадағалау қажет, ал кейбір жағдайларда ─ кепілді міндеттердің іске асырылуынан кейін жаңа техниканы жеткізуші фирмадан сақтандыру полисінің болуын талап ету қажет.

Инновациялық қызметпен айналысатын көпшілік кәсіпкерлер маңызды қаржылық және материалдық шығындар тәуекелділіктеріне тап болады. Сондықтан олар дұрыс және уақытында  сақтандыру қорғанысының механизмін қолдану қажет. Олар барлық мүмкіндіктерді қолданып және өзінің контрагенттерден соны талап ету керек. Кәсіпкер үшін маңызды тәуекелділіктерден сақтандыру қорғанысты қамтамасыз ету үшін, олар сақтандыру негізінде тәуекелдің бүкіл пакетін ұсыну қажет. Сонымен қатар өнідірістегі үзілістер, құрал-жабдықтардың бұзылуы салдарынан болатын залалдарды тек қана соған сәйкес мүліктік сақтандыру келісім болған жағдайда   сақтандыру мүмкін болады. Тәуекелділікті бағалау және сақтандыру келісімінің мақсатты сәйкестілік қорытындысын анықтау үшін сонымен қатар, қайта сақтандыру қажет болған жағдайда келіссөздерді жеңілдету үшін сақтандыру компаниялары экспертизаға берілген тәуекелділіктерді бағалауға мамандырылған сақтандыру сюрвейер-компанияны тарта алады.

Объектілерді және зиялы меншікті жасау мен қолдануға, инновациялық қызметке байланысты тәуекелділіктерді сақтандыру ережелерін енгізуде қызығушылық көрсетілуде. Өкінішке орай, осындай қызмет түрін іске асыратын кәсіпорында көпшілік жағдайда қаржыландыру бойынша проблемалар болады. Барлық сақтандыру нарығының жалпы проблемасы  потенциалды сақтаушылардың төлем қабілеттілігінің төмен деңгейі болып табылады.

Инновациялық қызметпен және зиялы меншіктің объектілерін қолданумен байланысты сақтандыру бағдарламасын өңдеуде бірнеше тенденциялар бар.