ҚР-ның ДСҰ-ға кіруі курстық жұмыс

Мазмұны
Кіріспе………2
1. Дүниежүзілік сауда ұйымының құрылуы, негізігі ережелері, қызметтері және құрылымы
1.1. Дүниежүзілік сауда ұйымының пайда болуы…………….4
1.2. Дүниежүзілік сауда ұйымының негізгі ережелері мен нормалары…….4
1.3. Дүниежүзілік сауда ұйымы құрылымы мен қызметтері……….5
2. Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру маңызы және жүргізілген іс-шаралар мен жобалар
2.1. Қазақстан Республикасы және Дүниежүзілік сауда ұйымы……….11
2.2. Дүниежүзілік сауда ұйымы кірудегі іс – шаралар, жобалар………11
2.3. Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіруі( SWOT-анализ)…….12

3. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі
3.1. Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіргендегі жағдайы………….13
3.2. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудегі қиыншылықтары…….16
3.3. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруде пайда болған қиыншылықтарды шешу жолдары……….18

Қорытынды…………….20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………..22

Кіріспе

Қазақстан тәуелсіздікке қолы жеткен уақыттан бері экономикасы түрлі жағдайларды бастан өткерді. Алайда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың білікті басқаруы мен жүргізген күрделі стратегиялық саясаты ұлттық экономиканы шұңқырдан биікке жетелеуде.

Қазақстан бұдан әрі қарй даму үшін және экономикасын байыту үшін дүниежүзілік саудада орын табу керек. Қазақстанның дүниежүзілік саудада өз орнын табуы үшін алдымен ДСҰ-ға кіруі қажет. Бұл ұйымға кіруіміз үшін ДСҰ-ның барлық шарттарын орындауымыз қажет, бұл жайлы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың  2008  жылғы  жолдауында: «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру — мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» деп айтып өткен.

«Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына тараптардың барлығына тиімді болатын, әрі біздің еліміздің стратегиялық және экономикалық мүдделеріне сәйкес келетін шарттармен кіруді көздейді. Бүгінгі таңда көптеген мемлекеттермен  келіссөздер аяқталды. Дегенмен, әлі бірқатар келісімдерге қол қою үшін келіссөздер жүргізуіміз керек. Осыған байланысты мен осыған дейін ең жоғарғы деңгейде уағдаластыққа қол жеткізген Америка Құрама Штаттарының, сондай-ақ, Еуропалық Комиссия өкілдігінің, Австралия, Үндістан  және Моңғолия елшіліктерінің басшыларына мынаны айтқым келеді: — біздің елдеріміздің арасында орнаған жоғарғы деңгейдегі экономикалық және сауда қатынастарын ескере отырып, сіздердің үкіметтеріңіз Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру ниетіне қолдау білдіріп, екіжақты келіссөздерді келер жылдың басында аяқтайды дегенге сенемін.»[1]

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруге байланысты проблемаларды терең зерттеу және маңызжы амалдар, шаралар қолдануды қажет ететін ел экономикасының тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне әсер ететін күніміздегі экономикалық құбылыс болып отыр. Бүгінгі күні Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру немесе өнеркәсібімізді дамытып ағаннан кейін кіру мәселесі зерттеу жүргізу өзекті мәселе болып отыр.

Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кірудің дайындығы үстінде екені баршаға мәлім. Қазақстанның беделді ұйымға кіруінің артықшылықтары мен қиыншылығы неде? Қазақстанның ДСҰ-ға кіргені дұрыс па? деген сұрақтарғажауап табу болды,  яғни Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру барысындағы мәселерді қарастыру болды.

Мен курстық жүмысты жаза отырып алдыма міндеттер қойдым:

  • ДСҰ-ның атқаратын қызметі
  • ДСҰға кіру барысындағы қиыншылықтарды қарастыру.
  • Қазақстанның ДСҰ-ға кірудегі мәселелерін шешу

Осы міндеттрді алдыма қоя отырып, курстық жүмысымда жауап беруге тырысам.

Курстық жұмыстың ақпараттық негізі Қазақстан Республикасының Президентінің жолдаулары, шетелдік және отандық әдебиеттер, мерзімді басылымдағы мәліметтер, статистикалық ақпарат көздері, интернет торынан  алынған ақпараттар.

Зерттеу құрылымы — Кіріспеден, негізгі үш бөлімнен. қорытындыдан тұрады.

 Курстық жұмыс / 25 бет