Загрузка...

Конструкциялық болаттар

Загрузка...

Кострукциялық  болаттар  деп  машина  бөлшектерін   және  құрылыс  конструкцияларын   жасауға   қолданылатын   болаттарды   айтады.   Бұл  болаттар  көміртекті   және   легірленген  болып   бөлінеді.  Конструкциялық  болаттарда   көміртегінің   шамасы  0,5…0,6%-дан   аспайды.  

  1. Көміртекті  конструкциялық   болаттарОлар: жай  сапалы,  сапалы, аспаптық  болып  бөлінеді.

    Жай  сапалы  болаттар  қасиеттеріне  қарай  үш топқа  бөлінеді:

 А тобы  —  тек  механикалық  қасиеттеріне  кепілдік  берілетін.

Б тобы  —  химиялық  қасиеттеріне   кепілдік   берілетін.

В тобы —  механикалық  және   химиялық  қасиеттеріне  кепілдік  берілетін.

А  тобының  болаттары   Ст  әріптерімен    және  0,1,2,3,4,5,6  нөмірлерімен  таңбаланады.     Нөмір  саны  артқан  сайын  оның  беріктігі   жоғары   болады,  ал  пластикалық  қасиеті  төмендейді .   Болат  қасиеттері  1-кестеде  көрсетілген.  Б  тобының  болаттары  Б  әріптерімен  таңбаланады.   Мысалы, БСтО,  БСтІ,  БСт2,  БСт3,  БСт4.

В  тобының  болаттары В  әрпімен  және  санмен   таңбаланады.   Мысалы,  ВСт2, ВСт3 т.б.  болаттарды   тотықсыздандыруға  байланысты   қайнайтын(КП),  тыныш(СП),  жартылай  тыныш(ПС)  деп  бөледі.

Жай   сапалы  болаттар  арматура,  құрылыс конструкцияларын   және  үлкен   жүктеме   түспейтін   машина   бөлшектерін   жасауда   қолданылады.   А  тобы   болаттарынан  ыстық   кезінде   өңделмейтін  бұйымдар  жасалады. Бтобыболаттарын  күйінде күйінде  өңделетін  бұйымдар  жасалады.  В  тобы  болаттарынан  пісірілетін  конструциялар  жасалады.

Загрузка...