Қонақ үйде нөмірді және орынды брондау тәртібі

Брондау – қонақ үйде алдын – ала нөмірге немесе орынға тапсырыс жасау. Осы процесстен бастап қонақтарға қызмет көрсету басталады. Нөмірді брондаумен брондау бөлімінің менеджері немесе орналастыру және тіркеу бөлімінің менеджері айналысады. Дәл осы бөлімге клиенттерден сұраныстар түседі. Менеджер клиенттердің өтінішін формалды түрде қарап, сонымен қатар қонақ үйдегі бос орындар санын білуі керек. Қонақ үйдің  бүкіл қызметін, өтетін іс – шараларын, алдағы уақытта бос болатын орындардың санын нық білуі керек.

Топтық іс шаралар өту уақытында  қонақ үй орындары үшін сұраныс бірнеше есеге артады. Қонақ үй үшін топтық мақсаттағы іс – шаралар үшін орын брондаған тиімдірек, себебі мұндай жағдайда тапсырыс алдын ала жасалынады және  алдын – ала тапсырыс берген орындардан бас тарту қаупі аздау болады.

Қонақ үйдің толылығы маусымға, берілген ауданның белсенділігіне, экономикалық және саяси ситуациялық жағдайға байланысты. Маусым кезінде қонақ үй екі еселенген брондау жасауы мүмкін.

Екі еселенген брондау – бұл қонақ үйде  болашақта босайтын орындар туралы  бір уақытқа бірдей екі клиентке орын брондау. Мұндай жолды таңдай отырып қонақ үй үлкен тәуекелге барады. Егер екі қонақ бірдей келген уақытта қалай болады? Сол екі адамның біреуі басқа уақытқа брон жасатуы мүмкін. Бұл жағдайда тәуекел ақталады. Ал  егер қонақтардың екеуіде қонақ үйге келген жағдайда, орынды бірінші болып келген қонақ алады. Ал екінші клиентті қанағаттандыру мақсатында менеджерлер алдын ала жоспар жасап қояды, яғни келесі бір қонақ үйге немесе жалға алынға үйде орналастырады. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін алдын – ала сұрастырып барып жасайды.

Қонақ үй үшін де қонақ үшінде алдын ала бос орынға брондау жасаған өте тиімді.

Үнемі клиенттер әкелетін туристік фирмалар үшін, қонақ үй тұру құнына, түрлі қызметтерге және тамақтануға жеңілдіктер жасайды.

Қонақ үй мен туристік фирма арасындағы келісімде көрсетілген: туристерді орналастыруға өтініш қашан берілуі керек туралы және төлем қандай жолмен жасалатыны туралы. Көп жағдайда брондау жалға алуды еске түсіреді, себебі ұзақ уақытқа алынады.

Қонақ үйде нөмірді немесе орынды брондаудың бірнеше тәсілі бар: жазбаша, ауызша және компьютерлік.

Пошта немесе факс көмегі арқылы клиент  қонақ үйге өтініш – хат жолдайды. (Қосымша Б)

Мұндай өтінішті қонақ үйде брондау бөлімінде жасауға болады. өтініштермен жұмыс үлкен мұқияттылықты талап етеді.

Әрбір брондауға немесе тапсырысты жою тіркелуі қажет.

Егер брондау жөніндегі менеджер тапсырысты дәл уақытында ауыстырмаса, онда нөмір сатылмаған болып табылады. Тек  қана фирмалық бланктағы өтініш тапсырыс жасалған нөмірдің ақысын жасауға мүмкіндік береді.

Ұйымның өтінішінде, нөмірді брондаушы, міндетті түрде осы фирманың реквизиттері тұруы керек (атауы, адресс, факс, телефон нөмірі, банктегі есебінің нөмірі).

Кез – келген жағдайда өтініш келесідей мағлұмттардан тұруы керек:

Нөмірлердің категориясы және саны;

Қонақ үйде қалу ұзақтығы;

Келушілердің аты – жөні;

Төлем формасы (төлем жасайтын ұйымның реквизиттері).

Өтінішті тіркейді немесе қарслықты түрде жауап береді.

Брондауды телефон арқылы жасағанда, клиенттермен сөйлескенде сыпайы болу қажет. Себебі осы әңгімеден қонақ үйдің клиенттерге деген қарым қатынасыф көрініп тұрады. Телефонға қонақ үй туралы мағлұматты жақсы меңгерген қызметкер  жауап беруі  қажет. Телефон арқылы брон жасайтын қонақ үйледе арнайы бланктар жасалынып қойылған.

Дәл осындай бланктар брондау бөлімінің компьютерінде де болады. Телефон арқылы брондағанда жазбаша түрде растау жіберіледі.

Брондаудың компьютерлік түрі қонақ үй және клиенттер үшін үлкен мүмкіндіктер ашады. Әлемдік тәжірибеде компьютерлік брондау жүйесінің мынандай  түрлері белгілі: бір тізбекке кіретін қонақ үйлерді  біріктіретін ұжымдық брондау жүйесі; екіншісі тізбекке кірмейтін, тәуелсіз қонақ үйлерді біріктіретін брондау жүйесі.

Желі арқылы брондау жасағанда тапсырыс басқа қалада  орналасқан қонақ үйде жасалуы мүмкін. Автоматтандырылған желінің артықшылығы тізбекке кіретін кез – келген қонақ үйге жасалынады, бір қалада орналасқан.

Қонақ үйден орынға бронды компьютерлік желі арқылы жасауды телефон арқылы жасауға болады. Компьютерлік желіде отырған диспетчер  қонақ үймен байланысып брондау мүмкіндігін жасайды. Бұл әдіс ыңғайлы емес, себебі көп уақытты қажет етеді.

Демалуды жоспарлауда, көрме, фестивальдарға барарда турист жақсы қонақ үй іздейді. Клиент қонақүй номерін сенімді адам арқылы, телефон немесе факс арқылы брондайды. Бірақ, қазіргі таңда бөлмені резервтеудің кең тараған түрі интернет желісі арқылы, яғни қонақүй сайты немесе туристік агенствалар арқылы. Бір жылда барлық қонақүй номерлерінің 14%  интернет желісі арқылы брондалады. Қонақүй сайтында брондау мына жолмен іске асады: клиент тапсырыс қағазын толтырады,аты-жөні, келу және болу уақытын,келу мақсатын, есеп айырысу формасын көрсетеді. Керек болған жағдайда, трансферге де тапсырыс беруіне болады. Кепілдік ретінде жуйе кредиттік карта номерін сұрайды. Егер клиенттің брондауға берген тапсырысына жауап тез келсе, онда клинтке бұл жол тиімді болып табылады.

Сондықтан, қонақүйге әлемдік бронау жүйесінің құрамында болып қоймай, жеке сайты болғанда тиімді. Қонақүйге келіп түскен ақпараттар автоматты түрде өңделу үшін, брондау жуйесін қонақүй сайтымен біріктірген жөн.

Компьютердің көмегімен брондаудың тағы екі нұсқасы бар: қонақ үйдің жеке Интернет – беті болады немесе Интернет – брондау жүйесінің бір мүшесі болып табылады (Академсервис, WEB International, Nota Bene және т.б.). бұл желілер қазіргі кезде кең таралып кеткен және шығындары да азырақ. Бұл әдістің тиімділігі клиенттерді тарту мүмкіндігі жоғары және жауап беру уақыты жылдамырақ.

Берілген брондау жүйесі келесідей әдіспен жүреді.

Клиент Интернет — брондаудың WEB – сайтына кіреді  және брондау ережелерімен танысады.

Ары қарай ол қонақ үйді таңдайды. Бос орын бар екеніне көзі жеткен соң, қажетті ақпарат қатарын толтырған соң, e – mail бойынша жүйеге тапсырыс жібереді.

Жүйе автоматты түрде тапсырысты қарастырады және алдын ала төлем жасауды  ұсына отырып жауап хат келеді, ал клиент күту парағына енгізіледі.

Клиенттен қажетті төлемнің барлығы алынғаннан кейін клиент агенттен брондауды растайтын құжат алады.

Соңғы брондауды растайтын құжаттың көшірмесі қонақ үйде қалады. Бұл жерде брон жүктеу графигіне енгізіледі және ол автоматты түрде өзгереді.

Егер қонақ үйдің жеке беті болса, онда қонақ үйдің резервациялау қызметінің функциясы болып табылады. Бұл жағдайда клиент келесідей тәсілді қолданады.

Клиент Интернет – брондау жүйесінің сайтына кіреді  және брондаудың тәртібімен танысады.

Ары қарай ол бос орын бар екеніне көзі жеткеннен кейін тікелей қонақ үйдің e – mail адресіне хат жолдайды.

Жүйе автоматты түрде тапсырысты қарастырады және алдын ала төлем жасауды  ұсына отырып жауап хат келеді, ал клиент күту парағына енгізіледі.

Интернет үйде  отырып – ақ, делдалдың көмегінсіз қонақ үйден бос орынды қалай брондау керектігі жөнінде мәлімет ала – алады және брон жасай алады.