Кен орны туралы жалпы мағлұмат

1984 жылы «Оңтүстік Қазақстан геологияның» кен орны бөлімімен Құмкөл мұнай аймағы ашылды. Осы кен орнының ашылуымен оңтүстік Торғай ойпаты жаңа өнеркәсіп мұнай газ облысы ретінде қарастырыла бастады.

Кұмкөл кен орны әкімшілік жағынан Қазақстан Республикасының Қарағанды облысының (Жезқазған облысының) Жезді ауданына қарайды. Кен орын географиялық тұрғыдан оңтүстік Торғай үстіртінде орналасқан. Ең жақын түрғылықты кең шарлар Жалағаш (150 километр) темір жол станциясы Жусалы (210 километр), Қарсақпай (180 километр) Сәтпаев ауылы (250 километр).

Облыс орталығы Қызылорда, Жезқазған қаласына және жалпы үлкен орталыққа дейінгі ара қашықтықтар шамамен 160 километр және 290 километрдей болады.

Құмкөл өндіріс ауданынан шығысқа қарай 230 километр ара қашықтыкта Омск — Павлодар — Шымкент мұнай құбыры өтеді.

Өндірістік ауданның тұрғылықты халқы (қазақтар) негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Экономикалық аудан әлі толығымен зерттелмеген.

Кен орнына тек қара жолдармен баруға болады. Жаз, күз айларында кез келген автоколікпен жүруге мүмкін болса, ал қыс айларында карлы боран, үргсн қардан өтуге қиынға соғады. Қыс, көктем айларында тек шынжырлы тракторлармен ғана етуге болады, себебі түскен қардың әсерінен жер жібіп, батпаққа айналадьг. Тура осындай жолдар Кұмкөл кен орнын Қызылорда мен Жезқазған арасындағы грейдерлік жолмен шектесе асфальтталған жол арқылы

 

Қызылорда, Жусалы кең шарларын қосатын жолмен шектеседі (160-210 километр).

Солтүстік шығысқа қарай кен орнынан 20 километр қашықтықта Ленинск — Жусалы электр желігі өтеді. Кен орны 106-169 метр теңіз деңгейінде жоғары дала қыраттың үстінде орналасқан.

Оңтүстік, оңтүстік-батыс бағыттарда құмды массивтер орын алған. Соның ішінде ең үлкені — Арысқүм 10-15 метр биіктікте басқа қыраттардан ерекшеленіп көрінеді. Кен орнынан оңтүстікке қарай тартылып қалған сортаң Арыс көлі орналасқан, 15 километр батыс бетте үшкірленген биіктігі 70-90 метр болатын қырат бел тегіс бетті 200-250 метрлік рельефтен бөліп түрады. Кен орнынан солтүстікке қарай 150-200 метрлік биіктікте орналасқан дала, солтүстік-шығысқа қарай Ұлытау таулы аймағыменен үласады.

Абсолютті ең биік белгі 240,1 метр ең төмен қазан шұңқыр 75,1 метр. Биік қыраттардан қазан шүңқырға кеуіп кеткен кептеген өзен арналары бағытталады, соның ең үлкені (Ақлит және Теріскенеспе) солтүстік-шығысқа және оңтүстік-шығыс беттерден бағытталған қазан шұңқырдын ең теменгі бөліктері батпақты. Осы батпақтардан бұлақтар өз бастауларын алады және осы батпақтарда ауыз су құдықтары көптеп кездеседі.

Кен орнының құрамы және оған жақын жатқан территория аймақтар майда тасты сортаң сұрғылт қоңыр (почва) топырақты, құмды. Жер асты сулары 100 метр тереңдікте орналасқан. Кен ауданының климаты — континенталды тез ауысады. Жауын-шашын аз түседі. Жазда температура +30 +35 °С болса, қыста -40 °С дейін барады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 150 милиметрге дейін негізінен қысқы, көктемгі түскен  ылғалдың  есебінен  ғана  болады.   Негізінен   соғатын  желдің бағыты оңтүстік-шығыс бағытында қыс мерзімінде үскірік аяз боранды болады. Су артериясы кен орнында жоқ. Жер беті жартылай шөлді жерге тән шөп бұталармен көмкерілген күзде, қыста, көктемде киікке толы болады. Тұрмыстық және техникалық су гидрогеологиялық ұңғыма су қондырғылярынан алынады. Су құрамы жоғары минералданған 0,6-0,9 г/дм . 50-70 метр тереқдіктен сенон-турон шөгінді жынысты қабаттарынан алынады.

Судың қүрамында фтордың көп болуына байланысты ауыз су стандартына сәйкес келмейді. 120 метр терендіктен су өз-өзінен ағады. Сейсмикалық жағынан аудан қауіпсіз.