Загрузка...

Қазақстанның минералды-шикізат ресурстары

Загрузка...

Қазақстанның минералды-шикізат ресурстары туралы қазақша реферат

        Адамзат  қоғамының  минералды – шикізат  ресурстарын  пайдаланбай  өмір  сүруі  мүмкін  емес. Пайдалы  қазбалар  қалпына  келтірілмейтін  ресурстарға  жатады. Ал  бұл  олардың  көпшілігінің  қорларының  уақыт  өте  келе  толығымен   таусылуы  мүмкін  екендігін  көрсетеді.

Қазақстан – жердегі  минералды – шикізат   базасына  бай  аздапған  елдердің  бірі. Әлемдегі  алынатын  55 түрлі  пайдалы  қазбалардың  ( олардың  29 –ы металдар) Қазақстанда  39 –ы  алынады. Салыстырмалы  түрде  алсақ  жоғар  көрсеткіштер  тек  Ресейде – 49, Қытайда – 45, Австралия  және  АҚШ – 42, Бразилия – 41  түрлі  пайдалы  қазбалар  өндіріледі.

Мұнай  мен  табиғи  газ   қорлар  бойынша  республика  әлемі  елдерінің  бірінші  ондығына  кіреді, мұнда  тас  және  қоңыр  көмір, темір, хормит, қорғасын, мырыш, мыс, уран  және  сирек  кездесетін  металдар  т.б. табылған.

Аталған  пайдалы  қазбалардың  түрлерін   өндіру, қайта  өңдеу  және  байыту  процесінде  литосфера  мен  тұтас  қоршаған  орта  жағдайына  неғұрлым  мұнай, табиғи  газ  концентраттарын  өндіру  ықпал  етеді.

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегия­сын­да кен-металлургия кешені Қазақ­стан­ның әлеуметтік-экономикалық жағынан жоғары дамыған елдердің қата­ры­на қосылуын қам­тамасыз етуге жәр­демдесетін басым салалардың бірі ретінде белгіленген. Республика кен-металлургия кешенінің басты міндеті ішкі және сыртқы рыноктардың қажеттерін қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті өнімдер шығару болып табылады.

Қазақстанның минералдық-шикізаттық кешені әлемдік минералды шикізат балансында айтарлықтай  күшті  позицияға ие,  әлемдік минералды шикізат рыногы­ның дамуы мен ұлғаюына үлкен ықпал ете алады. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі геология және жер қойнауын игеру комитетінің ақпараттық-талдау орталығының мәліметтері (2003 ж.) бойынша әлемдік зерттелген қор жөнінен Қазақстанның алар үлесі мынадай:

алтын – 2,7% (әлемде 8-орында), күміс – 16%, мыс 7,1%, марганец – 30% (2-орын), қорғасын – 22%, мырыш – 15,2%, барит – 47,2% (1-орын), темір – 6%, кобальт – 3,9% (5-орын), хром – 37,6% (8-орын), боксит – 1,4% (10-орын), никель – 1,4% (12-орын).

Минералды шикізат өнімдерін өндіру және алу жөнінен республика хром бойынша екінші орында, титан бойынша – екінші-үшінші, мырыш және қорғасын бойынша – алтыншы, марганец бойынша – сегізінші,  күміс бойынша тоғызыншы орында.

Әлемдік мыс, титан, ферроқорытпа және болат рыноктарында Қазақстанның атқаратын рөлі аз емес, ал Еуразиялық суб­континентте хром бойынша монополист, темір, марганец, алюминий жөнінен өңірлік рынокта (ТМД елдері, бірінші кезекте Ресей) айтарлықтай ықпалы бар.

Бұл жетістіктер өздігінен келген жоқ, ол ғалымдар мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің ерен еңбегінің жемісі болды. Кезінде осы сала Қазақстан ғылы­мының қарыштап дамуына зор әсер етті. Отан­дық геология, кен ісі, металлургия са­ла­л­ары әлемдік жетістіктерге қомақты үлес қосты.

Соңғы 15 жылда Қазақстан ғылымы­ның алдында қосымша міндеттер пайда болды. Яғни, отандық ғылымның жауап­кершілігі артты. Кеңес өкіметі кезінде осы саладағы қазақстандық ғалымдар тек ғылыми ізденістермен – жаңа технология   жасау, оларды сынақтан өткізу, өндіріске енгізу сияқты мәселелермен айналысатын, ал  өндірістің даму стратегиясын жасауды үкімет ол кезде тек мәскеулік ғалымдарға тапсыратын.

Тәуелсіз   мемлекет   болғаннан кейін, біздің    үкіметіміз ондай маңызды бағдарламалар дайындауды Қазақстан ғылымына жүктейтін болды. Сол себепті, еліміз экономикасының стратегиялық ба­ғыттары бойынша Президент Жарлығымен бірнеше ұлттық орталықтар құрылды, олар­ға өз салаларында мемлекеттік бағдарлама­ларды іске асыру жүктелді. Сондай құрыл­ған орталықтың бірі –  “Қазақстан Рес­публикасының   минералды шикізатты   кешенді ұқсату   жөніндегі   ұлттық орталы­ғы” РМК. Бізге тау-кен, металлургия ба­ғыт­тары бойынша бағдарламаны  орындау  жүктелді. Әрине, біз   бұл міндетті   бұрынғы істеп жатқан жұмыстарымызға   қосымша  атқарып   жүрміз. Мекеме қазір Орталық Азиядағы  ірі ғылыми  кәсіпорындардың бірі.

Ал жекеменшікке өтіп кеткен кәсіп­орындарға келсек, әрине, нарықтық эко­но­микада мемлекет   кәсіпорынның   шаруасы­на араласпайды. Әйтсе де үкімет өз мен­шігіндегі кен орнын   кәсіпорынға пайда­лануға бергеннен   кейін, сол пайдалы   қаз­ба­ны    өндіру    мен өңдеу барысында жеке   қожайындардың    мемлекет мүддесін бұзбауын қадағалап отыруы тиіс.  Бұл не деген сөз?

Біріншіден, кен орнын пайдаланушы­лар руданы өндірген кезде үкімет белгі­леген норматив бойынша, руданы барын­ша толық (тек қана бай руданы емес) қа­зып алулары керек.

Екіншіден, руданы өң­деген кезде оның құрамында бар элемент­терді  мейлінше толық бөліп алу керек.

Үшіншіден, металдардың өзіндік құнын шектен тыс жоғарылатпауы, сату бағасын төмендетпеуі тиіс.

Төртіншіден, өндіріс үдерісінде қоршаған ортаны ластамауы, ал егер оған нұқсан келтірсе, сол үшін үкімет­ке жеткілікті мөлшерде төлем төлеуі тиіс.

Бесінші, өндірісте істейтін жұмыскерлердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс.

Осы бағыттарда кәсіпорынның жұмы­сын бақылайтын мемлекеттік органдар бар. Біздің жұмысымыз жоғарыда аталған пункттер бойынша әлемдегі осындай  өн­дірістердің  көрсеткіштері   мен  ғылыми же­тістіктерін назарға ала отырып, өндірілетін   шикізаттардың   ерекшеліктерін ескеріп, үкімет органдары нормативтерді белгілеуі үшін қажетті   материалдармен,   ұсыныс­тармен   қамтамасыз етуге саяды.

Бүгінгі Қазақстандағы кен-металлургия жүйесіне келсек, ол  екі ірі саладан тұрады – қа­ра металлургия және түсті метал­лургия:

– қара металлургия  темір, марганец, хром кенін, болат, шойын, прокат, ферро­құймасы, отқа төзімді өнімдер, металл сынықтарын қайта өңдеу өндірістері сияқты 12 саладан тұрады;

– түсті металлургия  26 өнеркәсіп кіретін қорғасын, мырыш, мыс, титан, бағалы және сирек металдар, глинозем, молибден концентратын, уран шикізатын өңдеу сияқты 8 саладан тұрады.

1996-2005-жылдар аралығында Қазақстанның минералды-шикізат кешеніне 55 млрд. доллардан астам, соның ішінде жер  қойнауын игеруге 40 млрд. доллардан астам инвестиция салынды. Бұл туралы еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов бүгін Алматыда ІІІ инвестициялық саммит барысында   мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Б.Ізмұхамбетовтың айтуынша, көмірсутегі шикізатына бағытталған инвестициялардың орта есеппен 79 проценті өнім өндіруге, 21 проценті геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге жұмсалды.

Министрдің айтуынша, қазіргі жағдаймен Қазақстан көмірсутегі шикізатының   қорына   қарай әлемдегі алдыңғы   ондыққа кіреді. Ал табиғи газдың   барланған   қоры   бойынша   еліміз   дүниежүзінде 15-ші орында.

Расталған және алып пайдалануға болатын мұнай қоры 35 млрд. баррельді, газ қоры 3 трлн текше  метр

Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде 120-ға жуық құрылым анықталған. Олардың арасында көмірсутегі шикізатының үлкен қоры болуы  әбден мүмкін. Мамандардың болжамы бойынша, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің көмірсутегі ресурстары 12-17 миллиард тонна болады.

Солтүстік Каспий жобасының аясындағы алғашқы барлау бұрғылау жұмыстарының алғашқы нәтижелері – Каспийдің қазақстандық бөлігінің болашағы зор деген қорытынды жасатып отыр.

Республикамызда  197 мұнай  және  газ кен   орындары, олардың  ішінде 102  мұнай, 29  газ  конденсаты, 30 мұнай –газ  конденсаты, 6  мұнай –газ,   11 газ  конденсаты  және  12  газ  кен  орындары  ашылған. Мұнайдың  ашылған  кен  қорлары  3млрд. тоннасы, ал  газдың  анықталған  қорлары  3 трлн. текше   метрді  құрайды. Негізгі  мұнай  мен  газды  өндіру  Батыс Қазақстанда  жүзеге  асырылады. Онда  мұнайдың  90,4% және  газ  конденсатының  100% өндіріледі. Бұл регион  Қазақстан   территориясындағы  неғұрлым  ластанған   және  экологиялық  жағдайы  нашар  аудандар қатарына  жатады. Тау – кен  өндіру  өнеркәсәбәнің  мұнай  өндірі  саласы  жеке  тұрғыдыан алғанда  да басымдық  маңызға  ие  ( 2030 жылға  қарай  мұнай  өндіруді  жылына  қарай   150 млн.т – ға  дейін  жеткізу  болжамын  есепке  алғанда).

Тас көмір мен қоңыр көмір өндірудің де экологиялық салдары бар.қоршаған ортаның эколргиялық жағдайына негативті әсер ететін отын ресурстарының басқа түрлерінің ішінен уран рудаларының ірі кен орындарын атап өтейік.

Сондай ақ темір, марганец, хром, қорғасын, мырыш, мыс  рудаларын алтын, фосфориттер, құрылыс тастары, мен минералды шикізат ресурстарының басқа да түрлерін өңдеумен және қайта өңдеумен байланысты көптеген рудниктер және карьерлер  табиғи ортаға  жағымсыз  әсер  етеді.Осылардың барлығы қоса алғанда ландшафтар табиғатының литогенді ортасын  қорғау  жөнінде  тиімді  шараларды  қолдануды талап  етеді.

Жер  қойнауларын  қорғау  мәселесі  литосфера  қабаттарынан  минералды шикізатты  рудалы  және  рудалы  емес  пайдалы  қазбалар  түрінде  неғұрлым  толығымен  айырып  алуды  қамтамасыз  ететін  шаралардың  жиынтығын  қамтиды. Жер  қойнауларын  қорғау  жөніндегі  шаралар  кешені  сондай – ақ  рельеф  формасының  сақталуын,  геодинамикалық  процестердің  көрініс  табуда  жоюын  қамтиды.

Осыған  байланысты  пайдалы  қазбалардың  кен  орындарын  кешенді  түрде  өңдеу , минералды  шикізатты  өндіру , өңдеу , және  тасымалдау  кезінде  шығынды  жан–жақты  жоюға  ұмтылу  жер  қойнауын  эксплатациялаудың  басты  қағидасы  болуға  тиіс.Бұл  шығындар  неғұрлым  аз  болған  сайын, соғұрлым  көп  пайдалы  қазбалар  болашақ  ұрпақтың  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  мақсатында  жер  қойнауында  қала  береді .

Тау–кен  өндіру  өнеркәсібі   қоршаған  ортаға   жан–жақты  әсерін  тигізеді .бұл  рельефтің  өзгеріске  ұшырауынан , карьерлердің , жарлардың , террикондардың  пайда  болуынан  және  тау  жыныстарының  құлауынани  көрінеді.Пайдалы  қазбаларды  өндіру  топырақ , атмосфера , су  бөгендері  мен  жерасты  суларының  сулық  режимінің  жағдаййына  әсер  етеді.Мұның  үстіне  өсімдіктер  мен  жануарлар  тіршілігінің  мән  жайлы  түбірімен өзгереді.Пайдалы  қазбалардың  кен  орындарынөңдеу  тікелей  ландшафтардың  геохмиялық  жағдайына , техногендік  аномалиялардың  пайда  болуына  әсерін  тигізеді.

Өндіру  және  қайта  өңдеу  процесінде  пайдалы  қазбаларды  шала  алу  минералдарды–шикізат ресурстарын  эксплутациялаудағы  басты  кемшілік  болып  табылады.Технологиялық   дамымаудың  нәтижесінде  түсті  металлургияда  өндірілген  рудаларды  байыту  кезінде  алынған  шикізаттың  10-20%  ғана  пайдаланылатыны   ал80-90%  лақтырылатынымәлім  болды.

Бұл  қалдықтар  химиялық  реагенттер  сіңген  тау  жыныстарының  ұсақталған  түрін  білдіреді.Концентраттарды  балқыту  процесінде  материалдың  пайызына  жуығы  шлаққа  айналады.

Байыту  фабрикаларында  өңдеу  процесінде  минералды  шикізат  көп  жұмсалады.Руданың  гегізгі  компоненттерін  айыру  кезінде  қосалқы  лақтырылып  тасталады  да ,  су  мен  жел  эрозиясы  нәтижесінде  жойылып  кетеді.Қосалқы  пайдалы  компоненттердің  жалпы  құны  көбінесе  негізгі   түрдің  құнынан  жоғарғы  болатынын  ұмытпауымыз  тиіс. Өндірістік  қалдықтарды  қайтадан  эксплутациялау  үлкен  экологиялық  және  басқа  да  қиыншылықтармен  жалғасады  және  барлық  уақытта  мүмкін  бола  бермейді.Нәтижесінде  қалпына  келтірілмейтін  табиғи  ресурстар  үлкен  шығынға  ұшырайды.

Қалдықсыз  кен  қалдығы  аз  өндірісті  жасау  жер  қойнауының  байлықтарын    неғұрлым  толық  пайдалануды  және  қоршаған  ортаны  қорғауды  қамтамасыз  етеді.

Жер  қойнауы  ресурстарын   рационалды  пайдалану  және  қорғау  негізінде  келесі  басымдықтар  жатқызылуы  тиіс:

–       пайдалы  қазбалар  өндіру  технологиясын  жетілдіру;

–       бос, өңделген  жынысты  пайдалану  арқылы  кен  орындарын  кешенді  түрде  өңдеу;

–       пайдалы  қазбалар  кен  орындарын  үнемдеп  пайдалану  олардың  іске  жарау мерзімін  ұзартуға  ұмтылу;

–       қажетті  жағдайларда  сирек  кездесетін  минералды  шикізаттардың  орнына  басқа  нәрсе  қолдану;

–       тау –кен  орындары  игерілген  жерлерді   кеңінен  рекультивациялаужәне  т.б.

Жер  қойнауын  пайдалану  мен  қорғау  тәртібі  мен  мән  жайларын  реттейтін  және  олардың  рациональды , кешенді  пайдаланылуына және  экологиялық  зардаптың  алдын  алуға  бағытталған  құқықтық  нормалар  бар.Табиғатты  қорғау  аясындағы  тау –кен  игеру  қызметі  Жер  қойнауы  және  жер  қойнауын  пайдалану  туралы  Қ Р заңымен  реттеледі.

Загрузка...