Загрузка...

Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі салықтық бақылаудың мәні

Загрузка...

Бақылау мәселесі экономика ғылымында бірінші жоспарда тұр, яғни, өте актуалды мәселе болып отыр. Бақылау мәселесін зерттеген көптеген авторлардың көзқарастары бақылаудың-басқарудың құрамдас бөлігі екендігін, оның кез – келген дәрежеде біліктіліксіз басқару мүмкін еместігін айтуда түйісіп отыр, және де басқарылушы жүйе неғұрлым көпжақты және кәсіби болса, соғұрлым бақылау да күрделі болуы тиіс. Кеңестік дәуірдің салық – қаржы әдебиеттерінде бақылау мемлекеттік және қоғамдық өмірдің рәміздерінің бірі ретінде, экономиканың дұрыс дамуының маңызды жағдайы ретінде қарастырылды. Бақылаудың жан – жақты қажеттілігі, оның түрлері мен жүзігі асырылу әдістері көрсетіліп отырды. Әсірісе мемлекеттік бақылау түрлері оның ішінде мемлекеттік қаржы бақылауы терең зерттелді. Емлекеттік саяси, экономикалық және әлеуметтік қайта құрулар сәйкес шешімдер мен ережелермен бекітіледі. Олардың орындалуынсыз қоғам алға қойған мақсаттарына: экономикалық өсімге, қаржы тұрақтылығына, азаматтардың өмір мүру деңгейінің көтерілге, олардың қаіпсіздігіне және тағы сол сияқтыларға қол жеткізе алмайды. Біздің ойымызша, бақылау дегеніміз кері байланыстың бір түрі бола отырып, сол сәтте басқару шешімдерінің орындалуына катализатор бола алады. Бақарылу объектісі туралы қажетті ақпаратты алып, оны талдау арқылы оған шаралар қолдануға, яғни, жағдайды түзетуге бағытталған нормативтік актілермен басқару шешімдерін қабылдауөажеттігі туралы шешімді қабылдауға болады. Ал салықтық бақылау дегенде салық заңдылықтарының: Салық кодексі, және заңдық нормативтік актілерді т.б. орындалуын бақылауды түсіне қажет. Негізгі заңның бұзылмауын қадағалау – ол Заңның әрбір саласына қатысты жалпы мемлекеттің міндеті. Құқықтық нормативтік актілерді шығарып және оның орындалуын бақылауды жүзеге асыра отырып, мемлекет қоғамдық саяси жүйенің субъектісі ретінде әрекет етеді. Сол арқылы мемлекеттік бақылау заң мен тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді. Сол жағынан салық заңдылықтарының сақатлуын бақылау басқа салдардан ешбір айырмашылығы жоқ. Сонымен қатар салық заңдарын бақылау, мемлекеттің табысы болып табылатын салықтың түсуін қамтамасыз ету құралы екендігін көрмеу мүмкін емес. Яғни, бұл дегеніміз салықтық бақылаудың негізінде мемлекеттің материалдық қызығушылығы жатыр. Басқаша айтар болсақ, егер бақа жағдайларда қоғамдақ қатынастарды реттей отырып, мемлекет оған қатыспайтын болса, онда салықтық құқықтық қатынаста мемлекет әрі реттей тұрып, оған қатынасады. Мұның барлығы басқа мемлекеттік бақылау түрлерінен салықтық бақылаулың өз алдына ерекше жүгі бар екендігің бөліп көрсетеді. Біздің ойымызша қорыта айтар болсақ, салықтық бақылау мемлекеттік бақылаудың барынша жақсылап ұйымдастырылған түрінің бірі болып табылады. Мысалы: салықтық бақылаудың ұйымдастырылуын экологиялық және санитарлық сияқты бақылаулармен салыстыруға болмайды. Мұндағы мемлекеттің материалдық қызығушылығы салықтық бақылаудың барлық аймағына қатысты болады, яғни төленбеген салықтың салдары басқа экономикалық, әлеуметтік сияқты салаларға да әсерін тигізеді. Қазіргі таңдағы экономистер салықтық бақылауға төмендегіше белгілермен сипаттамалар береді.: Біріншіден, салықтық мемлекеттік бақылаудың бір түрі болып табылады. Яғни, оны мемлкеттің бақылау қызметін атқарушы мемлекеттік орган жүзеге асырады. Сонымен бірге бұл мемлекеттік орган біржақты мемлекеттің органы ретінде бөлініп, сол берілген функцияны атқарушы мүмкіндігіне ие. Екіншіден, салықтық бақылау қаржылық бақылаудың бір түрі болып табылады. Қаржылық бақылауға Худяков А.И.: бұл мемлекеттік және қоғамдық органдардың орталықтанған және орталықтанбаған ақша қорларының қалыптасуы, бөлінуі мен қолданылуы процестерін тексеруге негізделген іс-әрекеті, деп анықтама береді /2/. Оны жүргізу барысында мекемелер мен кәсіпорындардың және азаматтардың ақша қорларын заңды және мақсатты пайдалануын тексереді. Сол арқылы экономика дамуына және халық жағдайын жақсартуға тиімді қолданылуын қадағалайды. Салық бақылауын жүзеге асыру барысында мемлекеттің қаржылық іс-әрекетіне бағытталған, ақша қорларын құруға кететін, осы мемлекеттің қаржы жүйесінің құрамына кіретін табыстарды жинау болып табылады. Үшіншіден, салықтық бақылау мемлекеттік бақылаудың арнайыланған түріне жатады. Бұл бірінші кезекте салықтық бақылауды тек арнайы өкілетті орган ғана жүзеге асыра алатындығынан көруге болады. Оның үстіне мемлекетіміз салықтық бақылауды жүзеге асыруды тек арнайы орган жүзеге асыратындай еткен. Салықтық бақылайдың арнайылылығын оның төртінші қырын – функционалдығы кез – келген салықтық міндеттері бар заңды және жеке тұлғалардың олардың меншік түрлеріне, ұйымдастыру құқықтық формасына және айналысатын іс түріне қарамай кез келгені оның объектісі бола алтындығын көруге болады.Кейбір салық – қаржы, экономикалық әдебиеттерінде: салықтық бақылаудың өздігінен айтарлықтай күрделі ұйымдық жүйе болып табылатындықтан және төмендегіше элементтерден: а) бақылау субъектісі; б) бақылау объектісі; в) бақылау тақырыбы мен пәні; г) бақылау мақсаты; д) бақылауды жүзеге асыру әдістерінен тұратындығын білеміз. Салықтық бақылаудың субъектісі дегеніміз мемлекеттің салық қызметі, яғни , тек салықтық тексеру жүргізуге құқығы бар орган – салық комитеті. Салық бақылауының объектісі болып, салық заңдылықтары бойынша заңды міндеттемелер жүктелген тұлғалар. (*О финансовом контроле / А. И. Худяков. Фин.право РК, 1995. А.с. 189./) табылады. Оларға төменгі негізгі топтарға жатқызуға болады: 1) салық төлеушілер; 2) салық агенттері; 3) банктер; 4) салық төлеуші туралы ақпараттары бар тұлғалар. Салықтық бақылаудың тақырыбы дегеніміз тексерілушінің салық заңдары, Салық кодексі, заңдық нормативтік актілер және де ресми құжаттар бойынша атқаруға тиіс, орындайға тиіс міндеттері.Салық бақылаушының мақсаты:1) салық заңдарын бұзушылық фактілерді немесе салықтық құқықтық қатынастарда қатысушының өз міндетін сапасыз орындалғанын анықтау; 2) айыптыларды анықтау және оларды заңда бекітілген жауапкершілікке тарту; 3) салық заңын бұзушылықты жою; 4) қарыздарды өндіру бойынша шаралар қолдану түріндегі мемлекеттің материалдық пацдасын қорғау; 5) салық заңын бұзушылықтардың алдын алу. Соңғы мақсат бойынша айтар болсақ салықтық тексеру барысында тіпті заң бұзушылық болмағанның өзінде де салық төлеуші өзі де салықтық міндеттемелердің орындалуын мұқият қадағалап отыратын болады. Салықтық бақылауды әр түрлі аспектілерде: ұйымдастыру, әдістемелік, техникалық жағынан қарастыруға болады. Салықтық бақылаудың әдістемесіне келер болсақ бұл дегеніміз нақты жүзеге асырылатын әдістер мен айлалар. Салықтық бақылауды әр түрлі негіздерін құрай төмендегіше жіктеуге болады. Салықтық бақылауды жүзеге асыру формасы бойынша: 1)тікелей бақылау; 2) сырттай бақылау деп бөлуге болады. 1) Тікелей салық бақылауына біріншіден тексеру бақылау объектісінде өтетіндігінен, екіншіден тексеруші тұлға алғашқы құжаттармен, салықтық есепке қатысты құжаттарды тексеруін талдау жасайтындығымен сипаттауға болады. Бұл салық бақылауына құжаттық тексеру рейдтік тексеру, хронометраждық тексеруді жатқызуға болады. 2) Сырттай салық бақылауды: біріншіден бақылау субъектісі мен объектісі тексеру жүргізу кезінде байланысқа түспеуі мүмкін, яғни сырттай тексеру жүргізіле беретіндігінен сипатталады. Яғни тексеруші негізін есептіліктермен жұмывс істейді. Бұл салықтық бақылауға камералдық тексеруді жатқызуға болады. Салықтық бақылау ішкі және сыртқы сипатта болады. Ішкі бақылау түрі – бақылау субъектісі мен бақылау объектісі бір ұйымдық жүйенің бөлімдері болған жағдайда жүргізіледі. Мысалы, Министрлік өзіне қатысты ведомстволарды өз салық міндеттемелерін, заңдылықтырын қалай орындап жатқандығын тексереді. Сыртқы бақылау өзіне қарасты емес субъектілерге қатысты жүзеге асырылады. Мұндай бақылау салық комитеті органдарының тексеруіне тән. Салықтық бақылаудың ішкі бақылау түрі қажет екендігі күмәнсіз: әрбір салық төлеуші өзінің алықтық міндеттемелерін толық және дер кезінде орындауға ұмтылуы керек. Бірақ бұл бақылауды ішкі бақылау мемлекеттік бақылау деп айтуға да болмайды – мұнда салық төлеуші өзін — өзі бақылайды. Сондықтан ішкі шаруашылық бақылау қажет бола тұрса да, оның салық тәртібін жақсартуға әсері бар болса да, оны салықтық бақылауға жатқызуға болмайды. Салықтық бақылау тек салықтық қатынастырға ғана билеуші және бағынушы моделі түрінде жүзеге асырылып отырады, мұнда бақылаушы мемлекеттік, яғни, мемлекет өкілеттік берген салық органы болып табылады /3/. Салықтық бақылау негізінен үкім орындаушы органының іс-әрекеті арқылы, ал нақтылай айтқанда – мемлекеттік салық органы арқылы ғана іске асырылады/1/. Бірақ құқық қрғау органдары да салықтық бақылау жасай алатындығын айтпауға болмайды, тек салық органының қатысуымен. Салық жүйесінің тиімді болуы экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Загрузка...