Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы: түсінігі, пәні және әдістері

Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы: түсінігі, пәні және әдістері туралы қазақша реферат

Жоспары:

1.ҚР конституциялық құқығының түсінігі

2.ҚР конституциялық құқығының пәні, әдістері

3.ҚР құқық әдістері-өкілеттендіру, міндеттеу, тыйым салу, тану ж.т.б

Лекция мақсаты: Бұл пәнді оқытудың мақсаты конституциялық құқықтық дәрежелер мен құбылыстарды талдау, сондай-ақ Қазақстанның конституциялық даму процессін оқып үйрену болып табылады.

Қазіргі мемлекеттік-құқықтық тәжірибеде қолданылатын конституциялық құқықтық институт және реттеу әдістері туралы; қоғам мен мемлекеттің негізгі заңы ретінде Қ.Р. конституциясының функциялары мен қағидаларының жалпы мазмұны туралы; Қ.Р. конституциясының дамуының негізгі кезеңдері туралы – көрініс болуы қажет.

Лекция мәтіні: Конституциялық құқық — ҚР құқық жүйесінің жетекші саларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді.

Конституциялық құқық пәнін оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар құрайды. Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі.

Конституциялық құқық пәнін түсіндірудің теориялық, сондай-ақ тәжірибелік мәні бар. Онсыз конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды, олардың құқықтық реттеудегі мәні мен рөлін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау мүмкін емес. Конституциялық қүқық пәнін білмейінше оның нормаларын қолдану саласын да анықтау мүмкін емес. ¤йткені, нақты құқықтық әрекеттерді таңдау кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек. Ал ол үшін, реттеудің нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сипатын белгілеу.

Конституциялық құқықнормаларымен реттелетін қатынас мейлінше кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине, конституциялық құқықнормалары аталған салалардың барлық көріністері бойынша және жан-жақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, базалық қабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуметгік, діни байланыстардың негізін қалайды.

Конституциялық құқық, тұтас алғанда, құқықтың реттеу әдістері деп аталады, белгілі бір тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялык-құқықтық қатынастарды реттеу үшін төмендегідей:

1. Міндеттеу әдісі;

2. Тыйым салу әдісі;

3. Рұқсат ету әдісі;

4. Тану әдістерді қолданылады.

Міндеттеу әдісі мемлекеттік органға сияқты, жеке тұлғаларға да катысты, олардың барлық қызмет саласында қолданылады.

Рұқсат ету әдісі мемлекеттік органдардың өкілетгігін белгілеу кезінде де қолданылады.

Құқықтық реттеудің тағы бір әдісі — тану әдісін де қолданады. Кеңестік кезеңнен кейінгі конституциялық құқықжөніндегі әдебиеттерде мұндай әдістің қолданылу мүмкіндігі байқалмайды. Оның үстіне бұл әдіс обьективті фактордан — адамдардың табиғи құқығын заң тұрғысынан танудан туындайды.

Конституцияның құқықтық нормалары сала ретінде конституциялық құқықтың тура және тікелей қайнар көзі болып табылады. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары қалайша құқықның қайнар көзі ретінде сипатталады:

1.ҚР Конституциясында бүкіл конституциялық зандардың негізі болып табылатын құқықтық нормалар орнықтырылады. Басқаша айтқанда, Конституцияның құқықтық нормалары конституциялық-құқықтық қатынастарды реттейтін барлық нормативтік құқықтық актілерді қалыптастыру мен дамытудың негізі болып табылады.

2.ҚР Конституциясының құқықтық нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларды қамтиды. Әрине, Конституцияның құқықтық нормалары аталған салалардағы қоғамдық қатынастарды егжей-тегжейлі және жан-жақты реттемейді. Ол тек қоғамдық катынастардың мәнді, басты бағыттарын ғана реттейді. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары құқықтың басқа салаларының құқықтық нормаларынан осынысымен ерекшеленеді.

3.Конституциялық құқықтың басқа бастауларымен салыстырғанда ҚР Конституциясының жоғары заңдық күші бар және ҚР барлық аумағында қолданылады. ҚР-да қабылданған зандар және басқа нормативтік актілер Конституциядан бастау алуы және оған кайшы келмеуі тиіс. Егер олар Конституцияға қайшы келсе, онда олар заңсыз деп танылады және қолдануға жатпайды. ҚР-ның Конституциясында оның қағидаларының жоғары заңдық күшін қамтамасыз етудің кепілдігі белгіленген.

4.ҚР Конституциясының тек конституциялық құқықтық ғана емес, сондай-ақ құқықтың басқа да салаларның бастауы ретіндегі мәні мынада, онда халықтың мемлекеттің еркі, олардың құқықтық демократиялық мемлекет құру, дүниежүзілік кауымдастыққа оның тең құқылы мүшесі ретінде қосылу жөніндегі табандылығы тікелей көрініс тапқан.

5.Конституция құқықтың басқа бастауларынан, тұтастай қоғамның негізгі заңы екендігімен ерекшеленеді. Басқа нормативтік құқықтық актілер қоғам өмірінің жекелеген тараптарын қамтиды. Ал, ҚР-сы Конституциясының идеялары, құқықтық нормалары бүкіл қоғам өмірінің мейлінше мәнді бағыттарын реттейді.

6.Сондай-ақ, Конституция констуциялық құқықтың басқа бастауларынан өзгерістер мен толықтырулар қабылдаудын, ерекше тәртібін белгілеуімен де ерекшеленеді. Мұндай тәртіп Конституцияның мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретіндегі және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттігінен туындайтын мәнімен сипатталады.

7.ҚР-сы Конституциясының тағы бір өзіндік қыры — онда оның басқа қайнарларының нысандары: конституциялық, жәй зандары, Презеденттің нормативтік жарлықтары мен қаулылары, ҚР-сы Үкіметінің қаулылары, сондай-ақ заңдық күшінің деңгейі, қабылдау, жариялау, күшін жою тәртібі көрсетіледі.

ҚР-сы конституциялық құқығының мемлекеттік мәні бар құқықтық нормаларды белгілейтін қайнар көзінің қатарына конституциялық зандар жатады. ҚР конституциялық зандарының өзіндік ерекшелігі — олар Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізбейді, тек Конституцияның құқықтық нормаларын нақтылайды. ҚР-ның конституциялық зандарын қабылдаудағы іс жүргізу Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаудағы іс жүргізуінде ерекшеленеді.