Қазақстан Республикасында прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру

Бүгінгі күннің болмысы республиканың мемлекеттік-құқықтық институттарының жүйесі ретінде ҚР Конституциясының сақталуын мемлекеттің атынан жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, қылмысқа қарсы күресте құқық қорғау және өзге де органдардың қызметін үйлестіретін, өз кезегінде, заңдардың, азаматтардың құқықтарын қорғауға және мемлекеттік мүдделердің сақталуына ықпал ететін көп функционалды орган ретінде прокуратура органдарының құқықтық мәртебесін заңнамалық тәртіппен кеңейтуді талап етеді. Сондықтан 2002 жылғы 9 тамыздағы ҚР Заңымен «Прокуратура туралы» ҚР Заңына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі кездейсоқтық емес.

Қазақстан Республикасында прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру және оның қызметі мәселелерін қарастыра отырып, мыналарды есте сақтау қажет:

Біріншіден, прокурорлық қадағалау — бұл прокуратурадан басқа ешқандай да басқа мемлекеттік, қоғамдық, өз бетінше немесе өзге ұйымдар, мекемелер немесе лауазымды адамдар жүзеге асыра алмайтын мемлекеттік қызметтін дербес, өзгеше түрі.

Екіншіден, прокурорлық қадағалау мемлекеттің — Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады. Мұның маңыздылығы, прокурор қадағалауды жүзеге асыра отырып, құқық бұзушылықтарды анықтайды, оларды жоюға және жекелеген жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, атқарушылық немесе есот билігінің атынан емес, мемлекет жүйесіне біріктірілген барлығынан атынан жалпы мемлекеттің мүддесіне сәйкес жекелеген органдардың, ұйымдардың, мекемелердің, лауазымды немесе жеке адамдардың мүддесін білдіріп, кінәлілерді жазалауға шаралар қабылдайды.

Үшіншіден, прокурорлық қадағалау — мемлекеттік қызметтің дербес түрі. Оның мемлекеттік қызметтің басқа түрлерінен айырмашылығы ҚР Конституциясының нақты сақталуын, заңдардың талаптары орындалуын, өзге де құқықтық актілердің заңға сәйкестігін және анықталған құқық бұзушылықтарды заңмен тек прокуратураға берілген құралдардың көмегімен жоюға шаралар қабылдануын тексеруден тұратын осы қызметтің мазмұнының өзгешелігімен айқындалады.

Төртіншіден, прокуратура Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беретін орган болуына қарамастан, Конституцияға сәйкес ол барлық актілерге, соның ішінде мемлекет басшысының актілеріне де жоғары қадағалауды жүзеге асырады.

Прокурорлық қадағалауды мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде мемлекет атынан жүзеге асырылатын арнайы уәкілдік берілген адамдардың — прокурорлардың — бұзушылықтарды дер кезінде анықтау және оларды жоюға шаралар қабылдау, кінәлілерді жауапкершілікке тарту, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру арқылы заңдардың дәл орындалуын және бірыңғай қолданылуын (орындалуын) жоғары қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызмет ретінде сипаттауға болады.

Прокурорлық қадағалаудың мақсаттары мен міндеттері өзара тығыз байланысты. Прокурорлық қадағалаудың максаты ретінде прокуратураның тұтастай алғанда барлық қызметі және атап айтқанда, оның маңызды функциясы — прокурорлық қадағалауда қол жеткен нәтижені түсіну керек. Прокурорлық қадағалаудың мақсаттары прокуратураның мәртебесімең оның мемлекеттегі орны әрі рөлімен айқындалады. Ең соңында олар ҚР Конституциясымен «Прокуратура туралы» ҚР Заңымен, прокуратура органдарының қызметін регламенттейтін басқа да заң актілерімен айқындалады. Е.С. Мерзадиновтың пікірінше, Конституция мен заңдардың үстемдігін қамтамасыз ету, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын корғау прокурорлық қадағалаудың мақсаттары болады .    [5- 15-құжат]

Прокуратураны ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидаттары — прокуратура органдарының көп қырлы қызметінің аса елеулі сипаттары мен белгілерін және оларға қойылатын негізгі талаптарды айқындайтын негізгі, басшылыққа алынатын ережелер.

Қағидаттар қандай да бір теорияның, ғылымның, дүниетанымның, саяси ұйымның негізгі ережелерін қамтиды. Мәселен, жалпы нысанда қағидат ұғымы айқындалады. Прокуратураға қатысты ұйымдастыру және оның қызметінің қағидаты — ҚР Конституциясында және басқа да заңдарда бекітілген, прокуратураның саяси және мемлекеттік мақсаттарын білдіретін, прокурордың міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайтын, сондай-ақ мемлекетте заңдардың дәл әрі бірыңғай орындалуын қадағалауды жүзеге асыру бойынша құқықтық құралдар мен әдістердің мазмұнын және сипатын білдіретін, сондай-ақ прокуратура органдарының өзге мемлекеттік органдардан, соның ішінде құқық қорғау органдарынан айырмашылығын айқындайтын негізгі талаптар.

Егер бұрын прокурорлық қадағалаудың басым бағыттары заңдардың үстемдігін қамтамасыз ету, біркелкілік және заңдылық пен құқық тәртібін нығайту болып табылса, ҚР Конституциясында жоғары құндылықтар деп аталған адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары прокуратура органдары қызметінің негізгі қағидаттары болды.

Заңнамада белгіленген қағидаттарды сақтау прокуратураға мемлекетте заңдардың нақты әрі бірыңғай орындалуын қадағалауды жүзеге асыру бойынша олардың алдында тұрған міндеттерді ойдағыдай орындауға мүмкіндік береді.

Прокурорлық қадағалау қағидаттарының қатарына ҚР Кон-ституциясына негізделген, прокуратура органдарын, кімнен қайдан шыққанына қарамастан, заңды бүзуды табысты жою үшін қажетті өкілеттіктерді бере отырып, тәуелсіз мемлекеттік органның дәрежесіне көтеретін ережелер жатады . Прокуратура органдарын ұйымдастыру және оның қызметінің қағидаттары тұтастық, орталықтандыру, тәуелсіздік, жариялылық және заңдылық кағидаттарына бөлінетін «Прокуратура туралы» ҚР Заңының 3-бабында айқындалған.