Қаулы

1. Заңның бұзылу сипатына қарай прокурор қылмыстық iс қозғау, тәртiптiк iс жүргiзу туралы, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу жөнiнде қаулы шығарады.

2. Прокурор заңның қолданылуына тексерiс жүргiзу туралы, заңсыз құқықтық актiнi алдырып тастау, қарау, тұмшалау салу туралы, тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды жою немесе алып тастау туралы, күшiн тоқтата тұру туралы, прокурордың талабын мәжбүрлеп орындату туралы, жеткiзу (күштеп әкелу) туралы, сондай-ақ заңда көзделген басқа да реттерде қаулы шығарады.

3. Прокурордың қаулысын уәкiлеттi орган немесе лауазымды адам заңмен белгiленген мерзiмде, ал мұндай мерзiм болмаған жағдайда, прокурор белгiлеген мерзiмде мiндеттi түрде орындауға тиiс. Қаулының орындалу нәтижелерi туралы прокурорға дереу хабарланады. Прокурордың қаулысын белгiленген мерзiмдерiнде орындамау Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.