Кәсіпорындардың қаржысы

Кәсіпорындардың қаржысы туралы қазақша реферат

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын деңгейінде қаржыларды басқару үлкен мәнге ие.

Кәсіпорындардың  қаржысы  ақша тұрінде  ұлғаймалы  ұдайы өндірістің негізгі  процестерін  көрсетіп,  экономикалық  заңдардың  талаптарына  сәйкес іске асырылуына септігін тигізеді. Оларды мемлекет халық шаруашылығын дамыту ұшін қажетті ақшалай   табыстар мен қорларды бөліп, пайдалануға  қолданады. 

Кәсіпорын қаржылық ресурстарын құру көздерінің негізгісі – жарғылық капитал. Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да мүліктердің немесе мүліктік құқықтарының есебінен құрылады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердің, қатысушылардың) қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды.

Резервтік капитал-акционерлік қоғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебіне қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады.

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.

Қаржылық көздерді құрастыру көздерінің негізгісі – табысты талдау нәтижесінде келесі ұсыныстар бар:

—           2002 жылы 2001 жылмен салыстырғанда табыс мөлшері едәуір азайған. Кәсіпорын осы қаржы көздерін құру көзін ұлғайту бойынша жұмыс істеу қажет;

—           табыстылық көрсеткішін жоғарлатуды қамтамасыз есетін негізгі факторлардың бірі – өнімнің өзіндік құнын төмендету. Осы тұрғыда кәсіпорында байқалған көп мөлшердегі өндірістік ақауларды азайту қажет. Ол ұшін жұмыртқаларды салатын арнайы машиналарды өндіріске енгізу қажет;

—           өткізу көлемін ұлғайту. Бұл кәсіпорынның айналым қаржыларының көлемін көбейтін, табыстылық көрсеткіштеріне оң әсерін тигізер еді;

—           кәсіпорында қаржы менеджментін ұйымдастыруды жолға қою.

Қолданылған әдебиеттер
  1. Жұманова Д.Т., Мұқашева Г.М. «Қаржылық менеджмент» Астана, 2010ж
  2. Баканов М.И. , Шеремет А.Д. «Теория экономического анализа: учеб­ник. — М.: Финансы и статистика, 1996
  3. Балабанов И.Т. «Основы финансового менеджмента. Как управлять капиталом?». — М.: Финансы и Статистика, 1994.
  4. Белолипецкий В.Г. «Финансы фирмы» — М.: ИНФРА-М, 1998.
  5. Бородина Е.И. «Финансы предприятий» учебное пособие. — М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1999
  6. Ворст И., Ревентлоу П.  “Экономика фирмы” изд. “Высшая школа” 1999
  7. Гусева Е.Г. «Управление производством на предприятии» учебно-практическое пособие — М. : МГУЭСИ, 1999.
  8. Дюсембаев К.Ш., басқалары. Қаржылық талдау. Алматы, 2000
  9. Ильенкова С.Д. «Экономика и статистика фирм» — М.: Финансы и статистика, 1996. — 240с
  10. Ковалев В.В. «Финансовый анализ: Управление капиталом. Выбор инве­стиций. Анализ отчәтности. — М.: Финансы и статистика, 1998 — 512с.
  11. Крейнина М.Н. «Финансовый менеджмент» учебное пособие. — М.: Издательство «Дело и Сервис», 1998. — 304с.
  12. Крейнина М.Н. «Финансовое состояние предприятия. Методы оценки.- М. .: ИКЦ «Дис, 1997- 224с.
  13. Лысенко И. А. “Финансы предприятия: имущество, фонды, налоги”, М., ИПИО “Приз”, 1998.
  14. Моляков Д.С. «Финансы предприятий отраслей народного хозяйства». — М.: ФиС , 1996.
  15. Мельников В. др. Финансы. Алматы, 2001
  16. Палий В.Ф., Суздальцева Л.П.  “Технико-экономический анализ производственно —    хозяйственной деятельности предприятий” изд.  “Машиностроение” – 2000