Қаржы менеджментінің стратегиясы және тактикасы туралы түсінік

Қаржы менеджментінің стратегиясы және тактикасы туралы түсінік туралы қазақша реферат

Кәсіпорынның нарықтағы жағдайы еш өзгеріссіз қалмайды. Ерте ме, кеш пе әйтеуір бір күні бәсекелестер пайда болады.

Сондықтан да кәсіпорынның тұрақты дамуы оның экономикалық тірі қалудың, өмір сүрудің ең басты шарты болып табылады. Даму жоспары аз мөлшер уақытқа емес, сондай-ақ, оның ұзақ перспективасына да жоспарлануы қажет.

Сондықтан қаржы менеджменті бірқатар сұрақтарға жауап қайтару қажет және сондай-ақ қаржылық стратегия мен тактиканы қалыптастыру қажет.

Бірінші сұрақ былай қойылады: «Фирманың перспективті дамуы үшін қанша мөлшердегі ақша қаражаттар қажет?». Керек кезде толық немесе бөлек  мөлшерде бұл соманы және уақытты анықтау үшін қосымша салымдар қаржысының қажеттілігі және фирманың шаруашылық қызметінің әр түрлі маңызды көрсеткіштері арасындағы тәуелділікті орнату мақсатты болып табылады.

Мысалы,  сенімділікпен антуға болатын жайт, ол дамуға қажетті ақша құралдары өткізу көлеміне байланысты болатындығы туралы. Бірақ бұл әдетте олай бола бермейді.

Егер кәсіпорын бәсекелестерімен шығарылатын өнім сапасын жақсартудың күрес жолын таңдаса,  онда сапаның жоғарлауы бағаның өсуімен, яғни өткізу көлемі және инвестицияны қажетсіну аралығында жүреді. Бірақ, егер инфляция жағдайында бәсекелестерге қарсы өнімнің бағасын төмендету немесе тұрақтандыру жолы таңдалса, онда өткізілуден күтілетін түсім мөлшері аз болады.

Шығарылатын өнім өзіндік құнын төмендетуге бағытталған шараларды ендіру және құрастыруға байланысты шығындарды қажет етеді. Берілген жағдайға құралдарға қажетсіну бұл шығындардың шамасымен анықталады.

Қаражатты стратегиялық, тактикалық жоспарлаудың екінші сұрағы инвестициялау қайнар көздеріне қатысты болып келеді.

Мұндай қайнар көздердің үш түрін бөлуге болады:

—         жеке;

—         кірістірілген;

—         қарызға алынған.

Кәсіпорынға жеке ақша құралдары ең тиімді түрі болып табылады, өйткені олар оның тәуелсіздігі мен өз бетімен дамуын қамтамасыз етеді. Жеке капиталды қалыптастыру үшін екі шартты ұстану қажет. Олар:

—         жинау үшін кірістің болуы

—         уақыттың болуы.

Негізінде коммерциялық жобаны іске асыруда бұның біреуі болмайды. Әдетте коммерциялық жобаны іске асыратын адамда қаражат болмайды, ал қаражат кімде бар сол адам оны өзі жалғыз бұл жұмысты атқарғысы келмейді.

Жеке ақша құралдарын қолдану тек ірі компаниялар қолында. Бірақ та олар үшін бизнес жоспар мен қаржы бөлімі еш қызықтырмайды.

Кірістірілген қаражат көздері ішінде бірінші орынды акционерлер қаражаттары жатады. Акциялардың қосымша эмиссиясы немесе фирма басшылығымен жасалған бақылау пакет акцияларының бір бөлігін сату және сол арқылы инвесторларды өзіне тарту болып табылады.

Бірақ та бұл өте қауіпті. Өйткені, біріншіден, фирманы басқаратын тұлғалар фирманы басқару билігінің жарты бөлігінен айырылады. Сондай-ақ халық арасында акцияларды табысты ендіру күрделі мақсат болып табылады.

Ұсақ инвесторды жақсы құрастырылған бизнес жоспарлармен өзіне қарата алмайсын, ал ірі инвестор көп мөлшердегі кемітулерді қажет етеді.

Сондықтан да акционер капиталын өзіне қарату үшін екі негізгі шартты ұстану қажет:

—         ұсақ акционерлерді оларға төленетін дивидендтер жиі төленетінін;

—         олардың бағасы түспейтіндігі туралы жөнінде көндіруге тырысу керек.

Ал ірі компанияларды өздеріне қарату үшін олар үшін сіздің кәсіпорыныңыз мөлдір болуға қажет. Келтірілген ақша құралдары ішкі қажеттілікті өтеу үшін жұмсайды, демек еңбекті төлеу үшін жұмсайды.

Еңбекақыны төлеуде қарыздың оптималды деңгейін орнатып, кәсіпорын еңбекақы қорын автоматты түрде жоғарлатып жіберсе, инвестицияға қолдануға болатын қаражатты орнына қарыз мөлшерін көбейтіп жібереді. Бұл қаражаттар айналым капиталына салынған онсыз ешбір жерде бір коммерциялық жоба бұнсыз өз ісін жүзеге асырылмайды.

Қарыздарды банкирлерден және облигационерлерден алуға болады. Банкирлер қарыз бен оның құнын қайтарылуын қалайды. Ұзақ мерзімді инвестициялық несиені қамтамасыз етеді. Қарыз берушіге кім аманат бола алады.

Бұл және басқа да күрделі сұрақтарға кәсіпорынның менеджерлері жауап бере алады, олар белгілі бір банкке ссуда алуға барғанда, бұл сұрақтарға жауап қайтару қажет екендігі туралы естерінен шықпауы қажет. Корпоративтік облигациялар акциялар сияқты қасиетімен белгілі, бірақ та Қазақстан Республикасында олар қолданылмайды.

Келтірілген несиені жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда оны кеңейту мақсатында қаражаттандыру өте тиімді.

Банкирлер ойы бойынша бұған салынатын қаражаттың тәуекелділігі сонша үлкен емес, демек несие құнын төмендетуге болады деген сөз. Сондай-ақ мұндай кәсіпорында активтердің мөлшері көбірек, олар оның сенімді материалды қамтамасыздандырылуын қамтамасыз етеді, ал жаңадан ашылған кәсіпорындарға ең жақсысы жарналық немесе акционерлік капиталды келтіру болып табылады.

Бұл несие алынған жағдайда несиені өтеу жөнінде қатаң график құрылады, онда несие өтеу мен оның пайыздарын да өтеуге тырысу қажет. Бұндай кредитті жаңадан құрылған кәсіпорындардың өтеуге шамасы да жетпей қалу қаупі бар.

Бұл сұрақты шешу үшін салымдардың өтем уақытын есептеуге арналған арнайы есептеулер мен әдістерді қолдануға қажет.

Қаржылық менеджменттің үшінші сұрағы былай көрсетілген: «Жобаға салынған қаражаттардың қайтарылуы қашан күтіледі?». Бұл сұраққа жауап беру үшін салынған қаражаттардың мерзімін анықтай алатын арнайы есептеулер мен тәсілдерді қолдану қажет.