Іскери әйелдерге арналған киім

Қызметте ерлер және әйелдер деп бөліп қарауға болмайды, мұнда тек мансаптық айырмашылыктар бар. Әрине, қызметтегі адамдар жұмыста да ерлер мен әйелдер болып қала береді, бірақ олардың жыныс айырмашылығының жұмысқа еш қатысы жоқ, бизнес — бұл адамдардын коғамы.  Лауазымды кызметтегі әйелдер үшін ашық жарқын түсті киімдер, көзге бірден түсетін тырнақ бояуы, қысқа етекті юбка, өте жарамсыз. Казіргі заманда әйелдер бизнес әлемінде көбеюде. Бірак бұл олардың ерлер сияқты киінуі керек деген ұғым тудырмауы қажет. Әшекей бұйымдарды орынды пайдаланып өте қатал көрінетін консервативті үлгідегі киімді  келтіруге болады.
          Әрқашан киімді ерекше көзге жағымды халге келтіруге болады. Ескірген, тозған, кішірейген және сізге жарамсыз киімдерден айырылған дұрыс. Олардың орнына бірнеше жарасымды классикалық үлгідегі киімді иеленген абзал. Ең алдымен сыртқа киетін сізге жарасымды әрі көзге жағымды киіміңіз болуы тиіс. Сізге киім тура болуы керек, себебі киіміңізде артық сызықтар пайда болады, сізді толық не азып кеткендей көрсетеді, сондықтан киім тура әрі ыңғайлы болуы керек. Өте ерекше кездесулерге жаңа костюм кимеген жөн. Күнделікті өмірге киіп оған бой үйреткен соң ғана кисеңіз жағымсыз әсерлер кедергі болмайды. Киген киімнің женінің ұзындығы, жағасы, етек ұзындығы, сымның не юбканың қалай отырғандығын білуіңіз керек.Киіміңіздің жарасымдылығын алдын ала отырғанда, тұрғанда , не жүргендегісін бағалап білуіңіз керек. Бұл сіздің ойыңыздың жұмыстан бөлінбеуіне әсерін тигізеді.
Сіз сөйлесетін клиентіңізден дербес болуыңыз керек. Мысалы, сіз спорт маманысыз, бұл сізді спорт костюмын киюді міндеттемейді. Әркезде классикалық үлгідегі костюм-шалбар мен қатал тігілген көйлек ,тек ерекше кездерде киюге арналғандығын есте сақтаңыз.

Қызметтік қарым-қатынаста консервативті және ұстанымды киімдер өте жарасымды.