Ішкі тұйық алап өзендері

Ішкі тұйық алап өзендері туралы қазақша реферат

Ішкі  тұйық  алапқа  Шығыс  Европа  жазығының, Орал тауы  мен Кавказдың  едәуір  бөлігі, Орта  Азия  мен Қазақстан  жері  түгелдей  дерлік, Иран таулы  қыраты  мен Арабия  түбегінің  ішкі  аймақтары  жатады. Бұл  алаптағы  өзендердің  ірілері – Еділ, Жайық, Амудария мен  Сырдария, Іле  өзендері  ғана  ішкі  көлдерге  құяды.  Ал ұсақ өзендер жазда кеуіп қалады  немесе құмға сіңіп кетеді. Бұл алаптың ең ірі өзені – Еділ. Шығыс Европа арқылы ағып өтіп, Каспий теңізіне кең атырау жасап құяды. Қоңыржай континенттік климат жағдайында өзен қыста ұзақ уақыт бойы қатып жатады, ал көктемде қар еріген кезде тасиды. Өзен бойында 7 ірі бөген салынған.

Амудария  (латын  тілінен аударғанда «оксус, арабтар, Жейхун» деп атаған) – ТМД – дегі , Орта  Азияның ең  ірі және суы  мол  өзені. Жоғары  жағында (Пяндж  өзені) ТМД  мен  Ауғанстан  шекарасын  біраз  бойлай  ағады.  Амудария  Вахш  пен Пяндж  өзендерінің  қосылуынан  құралған, Арал  теңізіне  құяды. Ұзындығы  1415 км2, ал  Пяндж  бастауынан есептегенде  2540 км, алабы  309 000 км2 (Зерафшан  мен Қашқадария  алабтарын  қоспағанда). Амудария  алабы таулы  және  жазықтық  болып  2 – ге  бөлінеді. Өзеннің  су  жиналатын алқабы  түгелдей дерлік  таулы  бөлігінде. Бұл жерде Вахш  пен Пянджтен  басқа басты салалары – Сурхаб, Кафирниган  және  Сурхандария  құяды. Жазықтық  бөлігінде  1257 км бойы ешқандай  сала  қосылмайды.  Амудария  Пяндж  бен  Вахштың  қосылған  жерінен  Елшік қысаңына  дейін ені  4 – 25 км – ге  дейін баратын  кең аңғарды  бойлап  ағады.  Аңғардың  беткейлері  көлбеу, бірте – бірте  маңайындағы  жазыққа ұласып  кетеді.  Елшік  пен  Түйемойын  қысаңдарының аралығында аңғардың ені тарылады  да (2 – 4 км – ден аспайды), беткейлері  тік  жарлы  болады.  Бұл  аралықта өзен Қызылқұм  мен Қарақұм  арқылы  ағады. Түйемойын  қысаңынан  шыққаннан  кейін, Амударияның  аңғары  ондаған  км – ге  дейін  кеңейеді. Арал  теңізіне  құяр  жерінде  Амудария  тарамдарға  бөлініп  кетеді де, аса  зор  атырауға  айналады. Нүкіс  қаласы  тұсында  өзеннің  ежелгі  атырауынан  солға  қарай  (Дариялық)  Көнедария  құрғақ  арнасы  шығады. Ертеде  Дариялық  арқылы  Амудария  суының  біразы  Сарықамыс  ойысына, одан  әрі  Уызбойды  бойлап, Каспий  теңізіне  дейін  барған  Амудария  жағалары  тез  шайылатын  бос  топырақты  болғандықтан, арнасы  өзгеріп  отырады. Өзен  бірде оң, бірде  сол  жағасын  шайып, жайылмада  ирелеңдеп  ағады, Өзеннің  суы  өте  лайлы. Керкі  қаласы  тұсында  жылдық  орта  лайлылығы  3590 г/м. Амудария  арал  теңізіне  жыл  сайын  270 млн.т  тұнба  әкеледі. Таудағы  қар, мұз  суымен  қоректенеді. Жылдық  ағынының  80 % — і  Пяндж  бен  Вахшқа, қалғаны  Кафирниган  мен  Сурхандария  үлестеріне  тиеді. Өзен  денгейі  наурызда  (су жинайтын  алқабтың  төменгі  бөлігінде қардың  еруіне  байланысты) көтеріле  бастайды. Шілде – тамызда  биік  тау  бастарындағы  қар  мен  мұз  тез  ери  бастағанда, су  молаяды. Ең  жоғары деңгей шілдеге, ең  төмен  деңгей қаңтарға  келеді. Деңгейдің жыл ішіндегі  ауытқуы  2 – 3 м  ге  жетеді. Жер  суаруға,  булануға  байланысты  Амударияның  су шығыны  төменгі  ағысынды күрт  азаяды.  Керкі  қаласы  тұсында  жылдық  орташа  су  шығыны  2000м3 /с.  Төменгі  ағысында  2 – 2,5  ай  бойы мұз  құрсанып  жатады.  Амудария  жағаларында  (әсіресе  төменгі  ағысында )  бұта  тоғайлары,  қамыс  қоспалары  және  шалғын  өседі.    Амудария  жер суаруда  үлкен маңызы  бар.  Өзеннің  алабындағы  суарма  егіс  1260 мың  га-ға  жетеді (Зиравшан мен  Қашқария алаптарын  қоспағанда).    Амудариядан  басталатын  үлкен  Қарақорым  мен    Амудария  ─ Бұқар каналдарының шаруашылық  мәні  өте  зор.  Арнасының  тұрақсыздығы  Арал  және  Арал теңізінің  алабының тұйықтығына  байланысты    Амударияның  транспорттық мәні  онша емес.    Амудария мен оның  салаларының  су  энергиясы  аз  пайдаланылады.  Өзеннен  сазан ,  қаяз,  тыран,  жайын,  күректұмсық  және  тағы  басқа балықтар ауланады.    Амудария  бойында  Термез,  Керкі,  Шаржоу,  Үргеніш,  Нүкіс  қалалары  орналасқан.